Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 07:50, курсовая работа

Описание работы

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрынғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын есеп, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүгізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

     Түгендеу  комиссия құрамына Материалды жауапты тұлғаны қатыстырумен жүгізіледі. 

  11. Бағалау 

   Бухгалтерлік  есепте өлшемдес емес объектілерді: үйлер мен ғимараттар, машиналар  мен жабдықтар, материалдар, отын, дайын өнім, малдың бас саны  және қолма-қол ақшаны бірыңғай баланста жинақтап, салыстырамыз. Мұны тек қана ақша өлшемінің жәрдемімен жасау мүмкін. Алайда, есептің алдында көптеген сұрақтар көтеріледі.

    Мысалы, негізгі құралдарды сатып алынған  құнымен немесе жеткізу мен  орнату бойынша шығыстарын қоса  есепке алу қажет пе? Тозуды қалай есептейді? Әсіресе көп проблемелер дайын өнімінің бағалауынан туындайды. Өнім қоймаға беріліп қойды, енді оны өткізуге мүмкіндік бар, ал бухгалтерия оны өндіру бойынша барлық нақты шығыстарын әлі есептеген жоқ.

    Осы  және басқа проблемаларды шешу үшін бухгалтерлік есепте нақты нұсқаулар мен ережелер бар.

    Негізгі  құралдар алынған құн және  жеткізу мен орнату бойынша  шығыстарын қоса, бастапқы құны  бойынша есепке алынады. Олардың  тозуы шығарылса, онда біздің  жабдық жағдайының шынайы көрінісі бнйнелейтін қалдық құны анықтаймыз. Соған ұқсас материалдық емес активтер бағаланады, тек қана жеткізу мен орнату шығыстарының орнына оларды пайдалану жағдайын келтіру үшін кәсіпорынның шығыстары есепке алынады.

    Мысалы, жеке компьютерде еңбекақыны есептеу үшін бағдарламаны сатып алып, оны біздің кәсіпорынның жағдайны бейімдеу үшін бағдарламашының жәрдемі қажет болуы мүмкін. Әрине, бағдарламашының еңбекақысы төленуі тиіс. Және бұл төлем материалдық емес активтердің бастапқы құнына енгізіледі.

     Материалдарды  бағалау кезінде олардың көтерме  бағаларымен шектеліп қалуға  болмайды. Бізге материалдарды тиеу, жеткізіп беру, түсіру және қоймаға  жайғастыру қажет. Мұның барлығы  көлік-дайындау жұмыстарын құрайды.  Материалдардың есебін сол шығыстардың шамалы мөлшері енгізілген есепті бағаларда жүргізу мен ақтын-оқтын нақты шығыстарына негізделіп, оларды түзетіп отыруымыз мүмкін.

    Материалдарды  бағалаудың басқа да жолдары  бар. Соған ұқсас құралдар, саймандар  және тағы басқалар бағаланады.

    Дайын  өнім жоспарлы өндірістік немесе нормативті өзіндік құн бойынша бағаланады.

    Тауарлар  көтерме немесе ұқсас бағалар  бойынша бағаланады. Тауардың көтерме  бағасына оның өндірістік өзіндік  құны, коммерциялық шығыстар (орау, каптау, тиеу, келісімге сай жеткізіп беру), табыс, қосымша құнға салынатын салық енгізілуі мүмкін. Ұсақ бағаға – сауда ұйымдары пайдасының есебіне үстеме баға енеді.

   Саудада,  көтерме немесе ұсақ болсын, жиынтық  табыстың негізгі көзі сатылатын тауарға қойылған үстеме баға болып табылады. Шоттардың кеңестік дәуір жоспарында тауарға қойылатын үстеме бағаға жеке № 42 «Үстеме баға» шоты берілген еді.

    ҚР-ның  бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық  комиммиясының нұсқауына сәйкес  бұл шот жойылған болатын. Алайда, профессор В.К. Радостовец бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі мен стандарттарын зерттеп, сондай-ақ ұсақ сауданың ерекшеліктерін есепке ала отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына бірқатар қосымшалар енгізді.

    Сондықтан,  тауарға қойылатын үстеме баға, сондай-ақ ол үстеме бағаға қойылатын ҚҚС-ты № 1330 «Тауарлар» шотынан туындайтын субшоттар ретінде белгілейді ұсынамыз:

      № «1331» субшоты – қоймадағы тауарлар;

      № «1332» субшоты – саудадағы тауарлар;

      № «1333» субшоты – тауарларға қойылған үстеме баға;

      № «1334» субшоты – тауардың бағасындағы ҚҚС.

   

    12. Калькуляциялау 

    Калькуляциялау, бұл – өндіріс пен өнім, жұмыстар  мен қызметтерді өткізуге жіберілген  шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік  құнды калькуляциялау өнім мен  қызметтердің өндірілуіне кеткен шығындарды талдау мен біліп отыруға, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.

    Калькуляциялау  барысында өнімнің өзіндік құны  есептеледі. Өзіндік құн өндірілген  өнім, орындалған жұмыстар мен  атқарылған қызметтердің бағасын  анықтау үшін негіз болып табылады. Дұрыс жасалған калькуляция өнімінің алуан түрлеріне барлық қисыны келетін шығындарды нақты бағалап, жоғары табыс әкелетін таңдауға мүмкіндік береді.

    Өзіндік  құнға енгізу әдісі бойынша  шығындар тікелей және жанама  болып бөлінеді. Тікелей шығындарды осы немесе басқа калькуляцияға тура енгізуге болады. Бұл – негізгі өндірістік жұмысшыларды әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталатын қаржылар мен еңбекақы, материалдар.

    Жанама  шығындар әдеттегіше барлық өндіріске  толық немесе оның жеке бөлімшелеріне тиесілі болады. Бұл амортизациялық қаржылар жөндеу бойынша шығындар, әкімшілік-басқару персоналының еңбекақысы, кеңсе, пошталық және т.б. шығындар. Олар бір ай бойы жеке шоттарда жиналады, ал айдың (кезеңнің) саңында өнімдердің түрлері бойынша үлестіріледі.

    Мұндай  үлестірудің негізі тікелей шығындар  намесе негізгі өндірістік жұмысшылардың  еңбекақысы болып.

    Өнімнің  жеке түрлеріне шығындарды апарудың  толықтығы мен дұрыстығы бухгалтердің  назарында болуы тиіс, өйткені  кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің бұл жағы салық инспекторының тексеру объектісі болып саналады. Өзіндік құнның қолдан жасалып, жоғарылауы кезінде кәсіпорынның есепті жылдық пайдасы төмендейді, сол себептен бюджетке салық төлемдері де кеміп келеді.

    Балансты  құрастырған кезде тікелей шығыстар № 70 «Өткізілген өнімнің жеке көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» және № 71 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» кіші бөлімдерінің шоттарына апарылады. Жанама шығындар: жалпы шаруашылық, көмекші және үстеме шығыстар болып бөлінеді.

      Жалпы шаруашылық шығыстар № 72 «Меншікті өндірістің шалафабрикаттары» мен № 8030 «Көмекші өндірістер» шоттарының субшоттарына апарылады.

     Үстеме  шығыстар № 8040 «Үстеме шығыстар» шотының субшоттарына апарылады.

     Одан  саң, шығындарды жинақтау бойынша VIII бөлімнің шоттары өз кезегінде № 70 «Өткізілген өнім, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарына немесе № 1320 «Дайын өнім» шоты бойынша жабылатын № 8010 «Негізгі өндіріс» шотына жабылады. 
 

    13. Есеп регистрлері. Қателерді түзету әдістері 

    Кәсіпорынның  қаржы-шаруашылық қызметі туралы  қажетті мәліметтер алу үшін  бастапқы құжаттарда көрсетілген  шаруашылық операциялар туралы  мәліметтерді топтастырып тіркеу  қажет. Ол үшін есеп регистрлері  қолданылады.

    Есеп  регистрлері, бұл – шаруашылық  операциялар туралы мәліметтерді  тіркеу мен топтастыру үшін  бейімделген арнайы тәртіптер.

    Сыртқы  түріне байланысты олар бухгалтерлік  кітаптар, карточкалар және бос  парақтар (ведомостар) болып бөлінеді.

     Бухгалтерлік кітаптарда барлық беттер тігіліп және нөмірленген болуы тиіс. Соңғы бетте кітаптың қанша беті нөмірленгенін, одан соң басшы мен бас бухгалтердің қолтаңбалары мен ұйымның мөрі қойылады. Бухгалтерлік кітаптың үлгісі болып бас кітап пен кассалық кітап саналады.

     Карточкалар  өзара бір бірімен бекітілмейді және арнайы жәшік-картотекада тұрады. Карточкаларды толтырудың үлгісі болып материалдардың санды-сомалық есеп карточкалары саналады.

    Бос  парақтар да өзара бір бірімен  бекітілмейді, бірақ олар карточкалардан өзгеше үлкен көлемді болады, жұқалау қағаздан жасалады және папкілерде сақталады. Бос парақтардың үлгісіндегі есеп регистрлерінің мысалы болып еңбекақы беру үшін төлеу ведомостары табылады.

    Бұл  регистрлердің дұрыс жағы мен  кемшіліктері де бар. Карточкалар мен бос парақтар қандай да болсын топтастыруға оңай келеді, сондықтан олармен жұмыс істеуді бірнеше қызметкерлер арасында бөліп беру мүмкіндігі бар. Бірақ, басқа жағынан картотека немесе папкіде қайсы бір парақ немесе карточканын еркін алынуы оның жоғалуына, бір карточканың басқасымен ауыстырылуы немесе олардың ішіндегі жазулардың өзгеруіне алып келуі мүмкін.

     Кітаптарда, керісінше , әрбір парақтың сақталуы  қамтылған, бұл жағдай белгілі  дәрежеде тәртіп бұзіға жол  бермейді.

     Есеп  регистрлерін толтыру кезінде бухгалтер тарапынан қателер жіберілуі мүмкін. Қателер қызметкердің шаршағандығынае, салақтығынан немесе калькулятордың бұзылуынан туындайды.

     Қателер  локальды, яғни бір жердің шеңберінен  аспайтын (мысалы, күні дұрыс қойылмаған) және транзитті, яғни өтпелі, болып келеді мысал, операциялардың журналында қайсы бір соманың жазуын бұрмалау шоттарда, айналым ведомосында және баланста қателерге алып келеді).

       Қателер операцияның мәтінінде  және сандарында (көбірек кездесетін) болуы мүмкін, онда олар бұрыс проводка жасауға соқтырады.

    Көбінесе  бухгалтерлік бір шоттың дебетіне  соманы жазып қойып, екінші  шоттың кредитіне жазуды ұмытып  кетеді немесе керісінше болады. Бір уақытта журналға соманы  жазып қойып, оны шоттар бойынша  жазуды есінен шығарады. Кейде синтетикалық есеп регистрлерін толтыра отырып, бухгалтер аналитикалық есеп туралы есінен шығарып алады.

     Қателердің  саңғы тобы № 8 «Қосарлы жазудың бақылау маңызы» бөлімшесінде көрсетілген бақылаудың әдістерін қолдану кезінде айқындалады.

     Сандар  бойынша қателерді іздеу үшін  оларды калькуляторда есептеңіз,  одан соң сол есептеуді «минус»  белгісімен қайта қайталаңыз.

     Қателерді  түзету үшін екі тәсіл пайдаланылады.  Бірінші тәсілді қолдану кезінде  бұрыс жазу сызылады және дұрыс жазу жазылады, қате қызыл сиямен қайталанады. Бұл оның алғагқы сомасынан шегерілетін білдіріледі. Одан соң, дұрыс соманы жазады, бірақ әдетте сиямен. Осылай дағдылы түрде транзитті қателерді түзейді. 
 

ІІ  бөлімше.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК  НЕГІЗДЕРІ 

   Бірінші  бөлімде қамтылған материалды  бес тапсырма түрінде келтірілген  мысалда қарастырамыз 

   14. Шаруашылық құралдар  мен олардың көздері  туралы мәліметтер  бойынша кіріспе  балансты құрастыру        

    Кәсіпорында  20___ж. 1 қаңтарында құралдар мен олардың көздерінің төмендегі түрлері бар:

        Негізгі құралдар бастапқы құны  1000000 теңге, олардың тозуы 300000 теңгеге тең, материалдар 200000 теңге. Қоймада 280000 теңгенің дайын өнімі бар. Тауарлар 200000 теңге алушыға жіберілді (өндірістің өзіндік құны бойынша). Кәсіпорынның кассасында 2000 теңге қолма-қол ақша, ал есеп айырысу шотында 800000 теңге ақша бар. Кәсіпорын материалдарды ала отырып, әлі жеткізушімен есеп айырысқан жоқ, оның қарызы – 340000теңгеге тең.

     Еңбекақы 400000 теңге көлемінде есептеліп, бірақ берілген жоқ. Кәсіпорында алдыңға жылдардың бөлінбеген табысы 580000 теңгеге тең. Банктің несиесі 200000 теңге көлемінде алынып, бірақ қайтарылған жоқ. Аяқталмаған өндіріс байқау кезінде 120000 теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның жарғылық капиталы 800000 теңге мөлшерінде қалыптасқан.

     Осы  мәліметтер бойынша кәсіпорынның 20___ж. 1 қаңтарына кіріспе балансын құрастыруымыз қажет. 

    15. Кіріспе баланстың  мәліметтері бойынша  синтетикалық шоттарды  ашу. Синтетикалық  шоттарда шаруашылық операцияларды жасау

   

   Баланстың активінен шаруашылық құралдар туралы мәліметтер нәтижесінде дебет бойынша қалдықтармен қоса, синтетикалық шоттар ашыңыздар. Шаруашылық құралдарының көздері туралы мәліметтер жөнінен кредит бойынша қалдықтарын қоса, синтетикалық шоттар ашыңыздар.

20__жылы қаңтар айында кәсіпорында төмендегі шаруашылық операциялар жасалады.

  1. Алынған материалдар үшін жеткізушінің шоты қабылданды            -     100000 теңге    
  2. Еңбекақы беру үшін есеп айрысу шотынан қолма-қол

    ақша алынды                                                                                            -     400000 теңге

  1. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы берілді                                     -     400000 теңге
  2. Өндіріске берілген материалдар                                                             -     80000 теңге
  3. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы есептелді                                 -     500000 теңге
  4. Қызметкерлердің еңбекақысынан табыс салығы ұсталды                  -     100000 теңге
  5. Кәсіпорынның есеп айырысу шотынан жеткізушілердің

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері