Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 07:50, курсовая работа

Описание работы

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрынғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын есеп, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүгізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

    16. Айналымдарды есептеу және шоттар бойынша қалдықтарды есептеп шығару 

     Дебет  пен кредит бойынша айналымдарды  есептеп, шоттардағы қалдықтарды  шығарамыз.

     Дебет  пен кредит бойынша айналымдар, бұл – шоттардың дебет пен  кредитіне сәйкес бейнеленген шаруашылық операциялар бойынша жиынтық сома.

     Активті  шоттардың соңғы сальдосы төмендегі  формула бойынша есептеледі:

                                              

                                                  Сас = Сб + Ад - Ак ,

   бұл жерде:     Сас – активті шоттың соңғы сальдосы;

                          Сб – бастапқы сальдо;

                          Ад – дебет бойынша айналым;

                          Ак – кредит бойынша айналым.

    

     Пассивті  шоттардың соңғы сальдосы төмендегі формула бойынша есептеледі:

                                                      

                                                  Спс = Сб + Ак – Ад ,

     Бұл  жерде:  Спс - пассивті шоттың соңғы сальдосы. 

    Есептеріңізді  тексеріп алыңыздар айналымдар мен саңғы сальдоларды есептеулерден кейін шоттар төмендегіше түрде болуы тиіс: 

               1010                                              1040                                                1310       

Дт                           Кт              Дт                         Кт                            Дт                          Кт                       

С.20000                                   С.800000                                                С.200000              

                         4) 400000                              2) 400000                                              4) 80000  

2)400000                                                        7) 140000                         1)100000

                                                                       11) 20000                         10)160000       

 Ай. 400000    Ай.400000     Ай. -            Ай. 740000                       Ай. 260000    Ай. 80000

 С. 20000                                  С. 60000                                                 С. 2000

             1320                                              3010                                                    3120 

Дт                           Кт              Дт                         Кт                            Дт                          Кт                       

С.280000                                                        С.800000                                                С.-              

8) 60000           9) 240000                                                                                          6) 100000  

                                                 11)200000                                                     -

Ай. 60000       Ай.240000       Ай.200000     Ай. -                                  Ай. -          Ай.100000

 С. 100000                                                     С. -                                                          С. 100000

 

     № 2410 «Негізгі құралдар», № 2420 «Негізгі құралдардың тозуы», № 5010 «Жарияланған капитал», № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (зала)» шоттарының соңғы сальдолары бастапқы қалдықтарға тең болады. 

      17. Синтетикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау және қорытынды баланс құрастыру 

    Балансты құрастыру мен шоттардағы жазулардың дұрыстығын бақылау үшін бухгалтерлік есепте айналым ведомосын пайдаланады. Айналым ведомосының ерекшелігі – бағаналардың үш жұбының әрқайсысының дебет пен кредит бойынша жиынтықтардың тепе-теңдігі. Егер шоттардың байланысында қателік жіберілсе, онда ол жағдайда әдеттегіше дебет пен кредит бойынша айналымдардың жиынтығының тепе-теңдігі бұзылады.

    Синтетикалық  шоттар бойынша айналым ведомосын  құрыңыз, ал одан соң төменде  көрсетілген айналым ведомосымен салыстыра отырып, өзіңізді тексеріңіз. 

20__ж. каңтар айының айналым ведомосы

Шифры Шоттардың аталуы 20__ж. 1 қаңтарына сальдо Қаңтар  айындағы айналымдар 20__ж. 1 ақпанына сальдо
Дебет Кредит Дебет Кредит Дебет Кредит
1 2 3 4 5 6 7 8
1010 Кассадағы теңгемен ақша 20000 - 400000 400000 20000 -
1040 Ағымдағы банктік  шоттардағы ақшалар 800000 - - 740000 60000 -
1310 Материалдар 200000 - 260000 80000 380000 -
1320 Дайын өнім 280000 - 60000 240000 100000 -
2410 Негізгі құралдар 1000000 - - - 1000000 -
2420 Негізгі құралдардың  тозуы - 300000 - - - 300000
3010 Қысқа мерзімді банктік қарыз - 200000 200000 - - -
3120 Жеке табыс  салығы - - - 100000 - 100000
3310 Жеткізушілерге  қысқа мерзімді берешек - 340000 140000 260000 - 460000
3350 Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек - 400000 500000 500000 - 400000
5010 Жарияланған капитал - 800000 - - - 800000
5430 Өткен жылдардағы пайда (залал) - 580000 - - - 580000
7010 Өткізілген  өнімнің өзіндік құны 200000 - 240000 - 4400000 -
8010 Негізгі өндіріс 120000 - 580000 60000 640000 -
ЖИЫНТЫҒЫ: 2620000 2620000 2380000 2380000 2640000 2640000
 

     20__ ж. 1 ақпанына аруашылық құралдаы мен оларың көздері туралы әліметтер бойынша шоттар немесе айналым вдомостан қорытынды бухгалтерлік баланс құрастырныз.

     Жиынтықтарды  еептеп, аланс активті жиынтығының пассивтің жиынтығына тең болуын тексеріңіз. 

     18. Кіріспе және қорытынды бухгалтерлік баланстардың мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын 

    Қаңтар  айында касса және есеп айырысу  шотындағы ақшалардың сомасы қалай өзгергенін талдаңыз, кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігін бағалаңыз.

    Материалдар  қорының, аяқталмаған өндірістің  көбеюі мен жіберілген өнім  қалдықтарының елеулі өсуі фактілеріне  баға беріңіз. 
 

ІІ  БӨЛІМ.

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

І бөлімше. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

   19. Банкіде ағымдағы  шот ашу 

   Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа түсіп, олармен алып-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс қатынастаралушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан төлемоқыны талап ету құқығына негізделеді.

     Алыс-беріс  қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы  қоры және т.б. органдармен  де пайда болады.

     Есеп  айырысудың айқын ұйымдастырылуы  айналымдағы қаржылардың айналымдылығын  тездетуге, төлемдердің мерзімін  өткізіп алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құтылу мүмкіндігін береді.

     Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі), жарға көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қолтаңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдардан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.

    Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес, әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі  бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуға құқылы.

    Салық  төлеушілер тоқсан сайын салық  органдарына өздерінің Қазақстан  Республикасы көлемінде, сондай-ақ  шет елдерде ашылған барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер беріп тұруға міндетті.

     Кәсіпорынның  есеп айырысу шотына өткізілген  өнім үшін ақшалар, аванстық  төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық  қарыздар, кассадағы қолма-қол ақша  және т.б. келіп түседі.

     Есеп  айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз  есептер жүргізіледі, еңбекақы  төлеу, іссапар, шаруашылық және  өкілдік шығыстарына қолма-қол  ақша беріледі. Қолма-қол ақша  мәлімдемеге сәйкес босатылады.

    Қолма-қол  ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізіледі.

    Ерекше  жағдайларда банк есеп айырысу  шотынан мәжбүрлі түрде ақша  қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жинаулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша ақша қаражаттарын шығыс еті мүмкін, мысалы, банктің несиесін пайдаланған үшін (несие үшін процент), есеп айырысу мен кассалық қызмет үшін және т.б.

       Банктің қызметтері үшін төлем  бойынша шығыстар кәсіпорынның  шығындарына, ал кәсіпорынның  уақытша еркін қаржыларын пайдаланғаны  үшін банктің төлемдері – оның  негізгі емес қызметтерінің табыстарына  апарылады.

     Банктің  ағымдары шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде батапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.

    Төлем  тапсырмасы кәсіпорынның есеп  айырысу шотынан алушының есеп  айырысу шотына, онда көрсетілген  қаржыны шығыс ету үшін қызмет атқарады.

    Ақша  чегі банкіге қолма-қол ақшаның  көрсетілген көлемінде есеп айырысу  шотынан босату туралы бұйрық  болып саналады. 

     
 
 

    20. Төлем тапсырмаларын дайындау 

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері