Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 07:50, курсовая работа

Описание работы

Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисаптың бұрынғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатыққан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын есеп, оны дүниеге келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүгізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық жүргізу жүйесінің талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

1310 «Шикізат  пен                1040 «Ағымдағы банктік                        1010 «Кассадағы

   материалдар»                             шоттардағы ақша                                  теңгемен ақша

                                                        қаражаттары»                                        қаражаттары» 

Дт                           Кт              Дт                         Кт                            Дт                          Кт                       

С.20000                                   С.80000                                                С. 1000                     

3) 30000                                                         1) 1000                           1) 1000

Айн. 30000       Айн. -                                   4) 4000                           Айн. 1000      Айн. -  

С. 50000                                  Айн. -           Айн. 5000                        С. 2000

                                                 С. 75000 
 
 

 501 «Жарияланған капитал»                                             3120 «Жеке табыс салығы» 

Дт                                               Кт                                  Дт                                          Кт

                               С. 50000                                                                               С. 1000

                                                                                            4) 4000                    2) 3000

 Айн. -                   Айн. -                                                   Айн. 4000             Айн. 3000

                              С. 50000                                                                              С. 0 
 

  3310 «Жеткізушілерге                                                      3350 «Еңбекақы төлеу бойынша

  кредиторлық  берешек»                                                               кредиторлық берешек» 

Дт                                               Кт                                  Дт                                          Кт

                               С. 20000                                                                               С. 30000

                               3) 30000                                                    2) 3000                                        Айн. -                   Айн. 30000                                                Айн. 3000          Айн. -

                              С. 50000                                                                               С. 27000 

   Айналымдарды  есептеп, саңғы қалдықтарды есептеп  шығарамыз.

   Балансты  құрастыруға кірісуден алдын,  айналым ведомосын құрып, шоттардағы  жазулардың дұрыстығын бақылау  қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 

20__жыл қаңтар айындағы синтетикалық шоттар бойынша

айналым ведомосы

Шифры Шоттардың аталуы 1.01.20...ж. Қаңтар  айындағы айналымдар 1.02.20...ж.
Дебет Кредит Дебет Кредит Дебет Кредит
1 2 3 4 5 6 7 8
1310 Шикізат пен  материалдар 20000 - 30000 - 50000 -
1040 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары 80000 - - 5000 75000 -
1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары 1000 - 1000 - 2000 -
5010 Жарияланған капитал - 50000 - - - 50000
3120 Жеке табыс  салығы - 1000 4000 3000 - -
3310 Жеткізушілерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек - 20000 - 30000 - 50000
3350 Еңбекақы төлеу  бойынша қысқа мерзімді берешек - 30000 3000 - - 27000
ЖИЫНТЫҒЫ: 101000 101000 38000 38000 127000 127000
 

   Айналым  ведомостың жиынтықтары екі-екіден  тең болуы тиіс.

   Айдың  басына қалдықтардың жиынтықтары дебет пен кредит бойынша тең болады, өйткені шоттарды ашу үшін активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең болған (101000 = 101000) балансты пайдаланамыз.

    Біз  әрбір соманы екі реттен, бір  шоттың дебеті бойынша және  басқа шоттың кредиті бойынша жазғандықтан (қосарлы жазу) (38000 = 38000), айдың ішіндегі айналымдардың жиынтықтары дебет пен кредит бойынша тең болады. Бұл самалар шаруашылық операциялардың тіркеу журналының жиынтығымен сәйкес келуі тиіс. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда кей бір операция қалып кеткен немесе қате жіберілген болып шығады.

     Айдың  соңындағы қалдықтардың жиынтығы  дебет пен кредит бойынша тең  болады, өйткені олар бастапқы  сальдолар мен айналымдардың  негізінде алынған. Енді бұл  қалдықтар келесі жаңа баланс құрастыру үшін қолданылады. Біздің мысалда бұл төртінші операциядан кейінгі баланс.

     Айналым  ведомостары аналитикалық шоттар  бойынша жазуларды бақылау үшін  толтырылады.

   
 
 

   9. Құжаттау 

    Өзінің  жұмысы барысында бухгалтер әртүрлі  құжаттармен іс жүргізеді.

    Құжат деген латын тілінде «куәлік» немесе «дәлел» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепте әрбір шаруашылық операция құжатпен белгіленеді. Ол шаруашылық операцияның орындалғанын (фактісін) дәлелдейді, оның бухгалтерлік жазуын заңдастырады.

    Кәсіпорынның  бухгалтері құжаттардың мүлтіксіз  сақталуына ерекше көңіл бөлуі  қажет. Құжаттар арнайы папкілерге  тігіліп және белгілі мерзім  бойы сақталуы тиіс.

    Құжат,  бұл – бухгалтерлік есеп мәліметтеріне  заңды күш беретін, жасалған  шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.

    Құжаттардың  құрамындағы бастапқы құжаттарды, есепті регистрлерді және есеп  беруді (баланс және басқа үлгілер)  ажыратып отыру қажет.

    Бухгалтерлік  есептегі барлық жазулар бастапқы  құжаттар негізінде жүргізіледі. Содан соң, олардың мәліметтері есеп регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады.

    Бастапқы  құжаттар есеп ақпаратының қозғалысына бастама береді, кәсіпорынның шаруашылық қызметін толық және үзіліссіз бейнелеу үшін қажетті мәліметтермен бухгалтерлік есепті қамтамасыз етеді. Есепке тек қана дұрыс жасалған, яғни барлық міндетті реквизиттері (көрсеткіштері) толтырылған құжат қабылданады. Сонда ғана бастапқы құжат өзінің заң жұзіндегі маңыздылығына ие болады.

   ҚР-дағы  бухгалтерлік есеп пен есеп  беру туралы ережесімен реквизиттердің  құрамы белгіленген. Оларға үлгінің  (форманың) көзі, жазылған күні, шаруашылық  операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін жауапты тұлғалар лауазымдарының аталуы, қолтаңбалар мен олардың түсіндірмелері жатады.

     Бастапқы  құжаттарда қажетті жағдайларда  жоғарыда аталғандардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.

    Бастапқы құжаттар операцияны орындау кезінде немесе оны яқтаған соң бірден жасалады. Мысалы, өз уақытында алынбаған (депонирленген) еңбекақыны беру үшін шығыс кассалық ордер бухгалтер және еңбекақысын алатын тұлғамен барлық қажетті реквизиттерді толтырғыннан соң жазылады.

    Құжатты  жасап, қол қойған оны өз  уақытында және сапалы толтыру,  мәліметтердің дұрыстығы және  есепті регистрлерге жазу үшін  белгіленген мерзімде беруге  жауапты болады.

      Кассалық және банктердің бастапқы құжаттарында (кіріс және шығыс кассалық ордерлерге, төлем тапсырмаларында, ақша чектерінде және т.б.) ешқандай түзетулерге жол берілмейді. Егер сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін толтыруда қателессеніз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын белгілей отырып орнында қалдырыңыз. Сонан соң, келесі жаңа чекті толтырыңыз.

    Басқа  бастапқы құжаттарда түзетулер  міндетті түрде ескертілу қажет. Яғни дұрыс жазылмаған мәтін немесе соманы мұқият, алдын жазылғанды оқуға мүмкіндік болатындай етіп сызып тастау қажет. Жоғарыда дұрыс мәтін немесе соманы жазыңыз. Қатенін түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың қолтаңбаларымен расталуы тиіс.

    Бастапқы  құжаттар есеп регистрлерімен  бірге сақталады немесе жеке  папкілерге тігіледі. Олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне жүктеледі. 

    10. Түгендеу 

    Барлық  шаруашылық операцияларды құжаттау мен шоттардағы қосарлы жазу жүйесі бәрібір кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық бейнелеуін қамтамасыз ете алмайды. Күнделікті құжаттаудың ықпалына түспейтін (табиғи кему) немесе кейбір сепебтермен бастапқы құжаттардың мәліметтерін бұрғаламайтын (қоймадағы операцияларды жасау және есептеу кезіндегі қателер, қиянат етушілік, ұрлық, иесіздік) процестер де болады.

   Мұндай  фактілер туралы мәліметтер түгендеу  кезінде ғана ашылуы мүмкін, материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар түгендеуге тап болады.

   Түгендеу, бұл – кәсіпорында сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша құжаттарын олардың нақты бар болуымен салыстыру.

   Түгендеу  есептегі қателерді айқындау  мен Материалды жауапты тұлғалардың  есебіндегі материалдық құндылықтардың  түгелдігін тексеру үшін қажет.

    Егер, материалдардың түгендеуі жүргізілсе, онда олар есептеледі, тараыға  тартылады, өлшенеді және олардың техникалық жағдайы бағаланады. Бұл жұмыстың барысында тиісті үлгідегі түгендеу тізімі толтырылады. Материалдық құндылықтардың нақты бар болуы бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырылады. Атап айтқанда, материалдық құндылықтыларды сақталу орындарынан алынған түгендеу тізімінің мәліметтері бухгалтерлік шоттардағы жазулармен салыстырылады. Ол үшін тиісті үлгіде салыстыру ведомосы түзіледі.

   Соған  ұқсас, салыстыру ведомосындағы  түгендеу тізімі үлгісінің шамалы  өзгеруінен басқа негізгі құралдардың түгендеуі жүргізіледі. Негізгі құралдарды түгендеуде әрбір мүлік объект бойынша есепке алынады.

   Ақша  қаражаттарын түгендеу кезінде  олардың кассадағы нақты бар  болуы мен анықталған сома  бухгалтерлік есеп мәліметтерімен  салыстырылады.

    Есеп  айырысуларды түгендеу кезінде оларға мұқият салыстыра тексеру жұмысы жүргізіледі. Түгендеу толық немесе бөлшекті түрде (материалды-жауапты тұлғаларды бақылау үшін), жоспарлы және кенеттен болады. Түгендеу төмендегі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі. Олар:

  1. Кәсіпорынның мүлкін жалға беру, сатып алу, сату, сондай-ақ меншіктің түрі өзгеру жағдайында;
  2. Жалдық есеп беруді дайындау алдында. Үйлер, ғимараттар мен негізгі құралдардың басқа да қозғалмайтын объектілерінің түгендеуі екі-үш жылда бір рет жасалуы мүмкін;
  3. Материалды жауапты тұлғаның ауысуы кезінде (жұмысты қабылдау-тапсыру күніне);
  4. Ұрлық және қиянат ету, сондай-ақ құндылықтардың бұзылу фактілері анықталған кезде;
  5. Өрт немесе басқа табиғи апаттар болған жағдайда.

      Түгендеу кезінде анықталған  артықшылықтар кіріспе алынып, кәсіпорынның табыстарына есепке алынады. Кем шығулар айыпты тұлғалардан өндіріледі. Егер айыптар анықталмаса немесе сот органы талапты қанағаттандырмаса, онда кем шығу өндірісі немесе айналым шығындары ретінде бейнеленеді.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі бухгалтерлік есептің негіздері