Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

1020 – «Жолдағы  ақша қаражаты», онда жолдағы  ақша қаражатының қозғалысы есепке  алынады;

1030 – «Ағымдағы  банктік шоттардағы ақша қаражаты»,  онда ағымдағы банктік шоттардағы  ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 – «Карт-шоттардағы  ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы  ұлттық және шетел валюталарындағы  ақша қаражатының қозғалысы есепке  алынады;

1050 – «Жинақ  шоттарындағы қаражаты», онда  жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 – «Өзге  ақша қаражаты», онда алдыңғы  топтарда көрсетілмеген өзге  ақша қаражаты есепке алынады. 

1200 «Қысқа мерзімді  дебиторлық берешек» кіші бөлімі  қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1210 – «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда бір жылға дейін мерзімі  бар активтер және көрсетілген  қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1220 – «Еншілес  ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық  берешегі», онда бір жылға дейін  мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1240 – «Филиалдар  мен құрылымдық бөлімшелердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда филиалдардың шоттарына  ақша қаражатының түсуі және  есептен шығуы жөніндегі операциялар  және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1250 – «Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда қызметкерлердің:

активтерді  сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;

қызметкерлерге  берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің  дебиторлық берешегінің қозғалысына  байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық  шығынды (кемшін шығу, талан-таражға  салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;

1260 – «Жалдау  бойынша қысқа мерзімді дебиторлық  берешек», онда ағымдағы кезеңде  операциялық және қаржылық жалдау  бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;

1270 – «Алуға  қысқа мерзімді сыйақылар», онда  мыналар:

акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;

қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы  инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1280 – «Өзге  қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген,  бір жылға дейін мерзімі бар  өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;

1290 – «Күмәнді  талаптар бойынша резерв», онда  күмәнді талаптар бойынша резервтерді  құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

 

1300 «Қорлар»  кіші бөлімі қарапайым қызмет  барысында сатуға арналған, немесе  сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе  қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға  арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім  мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1310 – «Шикізат  және материалдар», онда өндірістік  процесте одан әрі пайдалануға  арналған шикізат және материалдар,  оның ішінде ауыл шаруашылық  шикізаттар және материалдар есепке алынады;

1320 – «Дайын  өнім», онда дайын, оның ішінде  ауыл шаруашылығы өнімі есепке  алынады;

1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде  сатып алынған және қайта сатуға  сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының  қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

1340 – «Аяқталмаған  өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс  бойынша шығындар есепке алынады;

1350 – «Өзге  қорлар», онда алдыңғы топтарда  көрсетілмеген өзге қорлар есепке  алынады;

1360 – «Қорларды  есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

 

Ұзақ мерзімді активтер» 2 бөлімінің шоттары, ұйымның  ұзақ мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған.

Олар мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

2000 – «Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»;

2100 – «Ұзақ  мерзімді дебиторлық берешек»;

2200 – «Үлестік  қатысу әдісімен есепке алынатын  инвестициялар»;

2300 – «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;

2400 – «Негізгі  құралдар»;

2500 – «Биологиялық  активтер»;

2600 – «Барлау  және бағалау активтері»;

2700 – «Материалдық  емес активтер»;

2800 – «Кейінге  қалдырылған салықтық активтер»;

2900 – «Өзге  ұзақ мерзімді активтер».

 

 «Қысқа мерзімді  міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары  мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

3000 – «Қысқа  мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

3100 – «Салықтар  бойынша міндеттемелер»;

3200 «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;

3400 – «Қысқа  мерзімді бағалау міндеттемелері»;

3500 – «Өзге қысқа  мерзімді міндеттемелер

 

«Ұзақ мерзімді міндеттемелер» 4 бөлімінің мынадай  кіші бөлімдерді қамтиды:

4000 – «Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер»;

4100 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;

4200 – «Ұзақ  мерзімді бағалау міндеттемелері»;

4300 – «Кейінге  қалдырылған салықтық міндеттемелер»;

4400 – «Өзге  ұзақ мерзімді міндеттемелер».

 «Капитал  мен резервтер» 5 бөлімінің шоттары  мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

5000 – «Жарғылық  капитал»;

5100 – «Төленбеген  капитал»;

5200 – «Сатып  алынған меншікті үлес құралдары»;

5300 – «Эмиссиялық  кіріс»;

5400 – «Резервтер»;

5500 – «Бөлінбеген  пайда (жабылмаған залал)»;

5600 – «Қорытынды  пайда (қорытынды залал)».

 «Кірістер» 6 бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.

Олар мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

6000 – «Өнімдерді  сатудан және қызмет көрсетуден  алынатын кіріс»;

6100 – «Қаржыландырудан  алынатын кірістер»;

6200 – «Басқа  да кірістер»;

6300 – «Қысқартылатын  қызметке байланысты кірістер»;

6400 – «Үлестік  қатысу әдісі бойынша ескерілетін  ұйымдар пайдасының үлесі».

Есепті кезеңнің соңында  осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады

 «Шығыстар» 7 бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.

Олар мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

7000 – «Сатылған  өнімнің және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны»;

7100 – «Өнімді  сату және қызметтер көрсету  бойынша шығыстар»;

7200 – «Әкімшілік  шығыстар»;

7300 – «Қаржыландыруға  арналған шығыстар»;

7400 – «Басқа  да шығыстар»;

7500 – «Қысқартылатын  қызметпен байланысты шығыстар»;

7600 – «Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдардың залалдағы үлесі»;

7700 – «Корпорациялық  табыс салығы бойынша шығыстар».

Есепті кезеңнің соңында  осы бөлімнің шоттары 5610 – «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» тобының шоттарына жабылады

«Өндірістік есепке алу шоттары» 8 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:

8100 – «Негізгі  өндіріс»;

8200 –  «Жеке  меншік өндірістің жартылай фабрикаттары»;

8300 – «Көмекші  өндірістер»;

8400 – «Жүкқұжат  шығыстары».

Бұл шоттар субъектінің  есеп саясатында субшоттарға және аналитикалық шоттарға бөлініп, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары әр субъектінің  жұмыс жоспарына айналуы тиіс.Мысалы, 1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жұмыс жоспарында олар 1011- «Кассадағы ұлттық ақша қаражаты», 1012«Кассадағы шетел валюталарымен ақша қаражаты» субшоттары болып бөлінуі мүмкін.

1310 – «Шикізат және  материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;олар мыныандай субшоттарға бөлінуі мүмкін:

-1311 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады;

-1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады;

-1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады;

-1314 «Қосалқы бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға  (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады;

-1315 «Өзге материалдар» сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар,өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады;

-1316 «Өңдеуге берілген материалдар» шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады;

-1317 «Құрылыс материалдары» құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер  қажеттігінше есеп саясатында субшоттар бойынша аналитикалық шоттар аша алады.

Сол сыяқты бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында қаржылық есептіліктің шынайлық принцптері сақталуы үшінәр субъектінің есеп саясатында ашылу үшін бірнеше резервтік шоттар қарастырылғен:

 1290 – «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.

 1360 – «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

3410 – «Қысқа мерзімді кепілдік  міндеттемелер», мұнда бір жылға  дейінгі кепілдік мерзімімен  іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;

3420 – «Заңды наразылықтар бойынша  қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;

3430 – «Қызметкерлерге сыйақылар  бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;

Информация о работе Есеп саясаты