Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу

1. Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік жүйесін мемлекеттік  реттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік  мекемелердегі бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік жүйесін  мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін  уәкілетті орган мемлекеттік  мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгілейді.

3. Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінде бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік  жүйесін мемлекеттік реттеуді  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады.

4. Қаржы ұйымдарында  және Қазақстан Республикасының  секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді - нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

5. Уәкілетті орган:

1) бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік саласында  мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) бухгалтерлік есепті  жүргізу тәртібін айқындайды;

3) бухгалтерлік есеп  пен қаржылық есептілік мәселелері  бойынша Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

5) Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;

6) бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;

7) ұлттық стандарттарды  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен мерзімді  баспасөз басылымдарында жариялайды;

8) өзге де мемлекеттік  органдармен және кәсіби ұйымдармен  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

9) консультациялық органның  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік  мәселелері жөніндегі нормативтік  құқықтық актілерінің жобасын  әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды;

10) кәсіби ұйымдарды,  сертификаттау жөніндегі ұйымдарды  аккредиттеуді жүргізеді;

11) кәсіби ұйымдарды,  сертификаттау жөніндегі ұйымдарды  аккредиттеу ережелерін бекітеді;

12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

13) аккредиттеу ережелері  сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға,  сертификаттау жөніндегі ұйымдарға  ескерту жасайды;

14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;

15) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысанын және мерзімділігін анықтайды;

16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

17) консультациялық орган  туралы ережені бекітеді;

18) депозитарийге қаржылық  есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;

19) сертификаттың нысанын  келіседі.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) бухгалтерлік есеп  және қаржылық есептілік саласындағы  мемлекеттік бақылауды жүзеге  асырады;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды

21) «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі:

1) қаржы ұйымдары үшін:

уәкілетті органмен келісім бойынша  халықаралық стандарттармен реттелмеген  мәселелер бойынша қаржылық есептілік  стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2) мемлекеттік кәсіпорындар мен  акцияларының (үлесінің) елу және  одан да көп проценті немесе  акцияларының бақылау пакеті  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкіне тиесілі заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін тізбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептілікті ұсынудың мерзімі мен тәртібін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру  туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшін:

осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің лицензиясы негізінде  банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды

20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы

мемлекеттік бақылау

1. Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есептілік саласындағы  мемлекеттік бақылау тексеру  нысанында және өзге де нысандарда  жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

 

 

 5-тарау. 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

 

25-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен

қаржылық есептілік  туралы заңнамасын бұзғаны

үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 

 

26-бап. Өтпелі ережелер

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi  (бұр.ред. қара)

1. Осы Заң, 2012 жылғы  1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізілетін 9-бабының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Кәсіби бухгалтердің  біліктілігін растайтын және  уәкілетті орган таныған, осы  Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген құжаттар жарамды.

3. Осы Заңның 2-бабының 3-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер және ұйымдар бухгалтерлік есеп стандарттарын ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін қолданады.

4. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат) күші жойылды деп танылсын. 

 

 

4. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының (ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2)ерекшеліктері.

 

 

      

Ұлттық  қаржылық есептіліктің № 1 стандарты (бұдан  әрі -Стандарт) «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес анықталатын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Арнaулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Басқа аталмаған салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының  аумағында және оның шегiнен тыс  жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi  табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі  болып табылады.

 
1-сурет. Арнайы салық режимі

Арнайы  салықтық режимнің күші келесідегідей қызмет түрлеріне тарамайды:

  • акциздік өнімдерді өндіру

  • кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер 

  • мұнай өнімдерін сату

  • шыны ыдыстарды жинау және қабылдау

  • қойнауларды пайдалану 

 

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп; 

2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 

3) оңайлатылған декларация  негiзiндегi арнаулы салық режимi. 

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға  бiрдей белгiленген тәртiп  күнтізбелік  екі жыл қолданылғаннан кейiн  ғана арнаулы салық режимiне қайта  ауысуға болады.

 

2-сурет. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимі

 

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) қызметкерлердiң еңбегiн  пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк  нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі  табысы тиісті қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

 

3-сурет. Патент

 

Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi мынадай шарттарға сай келетiн  шағын бизнес субъектiлерi: 

1) дара кәсіпкерлер  үшiн: 

дара кәсiпкердің өзiн  қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; 

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 

2) заңды тұлғалар үшiн: 

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; 

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады. 

 

4-сурет. Жеңілдетілген декларация

 

1. Шаруа немесе фермер  қожалықтары белгіленген арнаулы салық режимiн немесе жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпті дербес таңдауға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер  қожалықтары үшін арнаулы салық  режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады. 

 

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың, мүлiктiң  бөлек есебiн жүргiзуге және белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзуге мiндеттi. 

 

5-сурет. Шағын немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салықтық режим

 

 

 

6-сурет. Арнайы салықтық режимі

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн  өндiруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Информация о работе Есеп саясаты