Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

5410 – «Құрылтайшы құжаттармен  белгіленген резервтік капитал», онда Қазақстан Республикасының  заңнамасына және құрылтайшы  құжаттарға сәйкес белгіленген  резервтік капитал көрсетіледі;

5420 – «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5430 – «Материалдық емес активтерді  қайта бағалауға арналған резерв»,  онда материалдық емес активтерді  қайта бағалау жөніндегі операциялар  көрсетіледі;

5440 – «Сатуға арналған қаржы  активтерін қайта бағалауға арналған  резерв», онда сатуға арналған  қаржы активтерін қайта бағалау  жөніндегі операциялар көрсетіледі;

5450 – «Шетелдік қызмет  бойынша шетел валютасын қайта  есептеуге арналған резерв», онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмаларн көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;

5460 – «Өзге резервтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген  өзге резервтер көрсетіледі.

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 114-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бекітуді жатқызу бөлігінде «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына өзгерістер енгізу көзделген.Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасы «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1172 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күші жойылған деп танылатын болады.

Қазіргі уақытта Қаулы ресми жариялану сатысында.

Осы ретте Қаулының Бұйрықтан кейбір айырмашылықтары бар (мысалы Қағиданың қолданысы таралатын субъектілер бөлігінде, қолма-қол ақшаны қабылдау мен беруге және кассалық құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптар бөлігінде және т. б.).

 

 

 

 

 

7  Есеп саясатының бөллімдерінің ашылуы

Есеп саясаты өзінің құрылымы мен баяндау нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктан тұрады: жалпы бөлім, ұйымдастырушылық бөлім және әдістемелік бөлім.

7.1"Жалпы ережелер" бөлімінде ұйым туралы жалпы мәліметтер,қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы үйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы есеп саясатының негізгі мақсаты көрсетіледі.

Есеп саясатында мына негізгі мәмлілері келтіріледі:

-  Бұл субъектінің ішкі нормативтік құжаты болып табылады.

- Субъектіде қызмет аясын тарату немесе елеулі қысқарту ниеті де, бұған қажеттілік те жоқ деп ұйғарылады (ең болмағанда, есепті кезеңнен кейінгі он екі айдың ішінде).

- Есепті кезең  1) жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап                   31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады; 2) қайта құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.

Кәсіпорынның есеп саясаты  осы ұйымның құрылған уақытша  дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

     Бұйрықтың  құрамында есеп саясатын есеп  беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

 

7.2 "Ұйымдастыру" бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін білуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тулғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге жүйелендіруге және түгендеуге мүмкіндік беріп, қаржылық есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады.

7.. 1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда әр субъектіде:

- Басшылық немесе дара кәсіпкер:

1) есеп саясатын келіседі  және (немесе) бекітеді;

2) бухгалтерлік есепті  ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіппен және ұйымның жарғысымен (ережесімен) бекітіледі.

- Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын  құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік  қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер  лауазымын енгізуді;

3) бухгалтерлік есепті  жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беруді;

4) бухгалтерлік есепті  жеке жүргізуді жүзеге асыра  алады.

Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адамды бухгалтерлік қызметтің басшысы ретінде тағайындауы мүмкін.

Жария мүдделі ұйымның  бас бухгалтері лауазымына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап тек кәсіби бухгалтер тағайындалады.

 

7.1.2. Бухгалтерлік есеп жүйесі және ішкі бақылау

 

7.1.3 Әр субъектіде бухгалтерлік есеп келесі нормативтік-құқықтық негізінде ұйымдастырылады:

-ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік  туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 жаңа заңы.

-Ұлттық қаржылық стандарттар (ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) мен халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС).

-ҚР қаржы министрінің № 185 заңымен бекітілген типтік  бухгалтерлік есеп шоттар жоспары.

-Субъектінің есеп саясаты.

  -Субъектінің жұмысшы жоспары.

 7.1.4 Субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. 

 

  7.1.5 Бухгалтерлік есеп мына принциптер негізінде жүргізіледі:

-Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің принциптері болып табылады.

7.1.6 Есеп саясатындағы өзгерістер жаңа есеп саясатында ретроспективалық қолданылып, осы кезеңдегі капиталдың қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына тиісті түзету жүргізу арқылы айқындалады..

7.1.7 Қаржылық есептілік субъектіде мына негізгі сапалық сипаттамалары негізінде жүргізіледі:

-Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық субъектінің қаржылық есептілігінің негізгі сапалық сипаттамалары болып табылады.

 

7.1.8 Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізізілу мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
  • жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.

     Кәсіпорынның  бухгалтерлік есепті жүргізу  жолдары ұйымның есеп саясатының  дайындарған кезінде таңдалып  алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және   тәуелді     серіктестерінің   және  тағы   басқа бөлімшелерінің  өзіндік

бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тағдауына құқығы жоқ

     Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

     Ұйымдардың  түсініктеме жазуларына (пояснительная  записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар туралы қаржылық есептілік бойынша шығарылған шешім және бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

7.1.8 Бұхгалтерлік құжаттама

3.1.Субъектіде бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды.

Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.

3.2. Операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттары Қазақстан Республикасының қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген нысандар негізінде жүргізіледі..

3.3 Басқа бекітілмеген қағаз және электрондық жеткізгіштегі бастапқы құжаттарды дара кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзірлейді және олар мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс:

- құжаттың (нысанның) атауы;

- жасалған күні;

- құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні;

- операцияның немесе оқиғаның мазмұны;

- операцияның немесе оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық көрінісінде);

- операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы;

- салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтік  құқықтық актілерінің талаптарына  және есепке алу ақпаратын өңдеу  тәсіліне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгізілуі  мүмкін.

3.4 Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның іске асырылу кезінде не олар аяқтала салысымен жасалынады.

3.5 Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді. Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есептілікке көшіріледі.

3.6 Электрондық жеткізгіштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жасау кезінде субъект операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша осындай құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде дайындайды.

3.7 Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізіледі, бұл түзетулер енгізілген күні көрсетіле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталады.

3.8 Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетіледі, бұл ретте:

1) бухгалтерлік жазбаларды  бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына  сайма-сай бекіту және бухгалтерлік  жазбаларда барлық операциялар  мен оқиғаларды көрсету;

2) операциялар мен  оқиғаларды хронологиялық тәртіппен  және уақтылы тіркеу;

3) әрбір айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды) есепті талдамалық (егжей-тегжейлі) есеппен сәйкес келтіру қамтамасыз етіліеді.

3.8 Жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды қамтамасыз етеді.

3.9 Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның қолданыс аясына және мәніне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін.

3.10. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.

Информация о работе Есеп саясаты