Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

Егер кері жалдаумен  жасалатын сауда операциясы операциялық  жалдауға әкеп соқтырса және операция әділ құн бойынша жүзеге асырылса, онда кез келген туындайтын пайда  немесе шығын танылады. Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез  келген пайда немесе шығын рыноктықтан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдерімен шығын өтелетін жағдайларды қоспағанда, шұғыл танылады, онда ол кейінге қалдырылуы тиіс және оның ішінде активті пайдалану ұйғарылатын кезең үшін жалдау төлемдеріне барабар амортизацияға жатады. Егер сату бағасы әділ құннан жоғары болса, онда бұл асып түсу кейінге қалдырылуы тиіс және активті пайдалану ұйғарылатын кезең ішінде амортизацияға жатады.

Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандартымен реттелмеген ережелер мен талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартымен реттеледі.

Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартында және уәкілетті органның ұсынымдарында бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептіліктің жекелеген мәселелері жөніндегі талаптары мен ережелері болмаған кезде субъект халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын пайдаланады.          

Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартында және уәкілетті органның ұсынымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жекелеген мәселелері жөніндегі талаптары мен ережелері болмаған кезде субъект халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын пайдаланады.          

 

 

 

5. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының (ХҚЕС) есеп саясатына қоятын талаптары

 

Есеп саясаты туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартында келтіріледі. «Есеп саясаты» ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Есеп саясаты деп  қандай мазмұнды түсінеміз? 1-Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты: «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.) Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 6-бап 2-тармақшасында : «Есеп саясаты деп - Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi», - делінген.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мұмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты  деп - ұйымдар шаруашылық қызметі  өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

 

Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.

Қызметтiң  үздiксiздiгi

   Қаржы есептiлiгiн  әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы  ұйымның өз қызметiн жалғастыру  қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Есептеу әдісі  бойынша есепке алу

Ұйым, ақшалай қаражаттардың  қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн  жасауға міндетті.

Есептеу әдісі бойынша  есепке алу ережелерін қолданған кезде, егер олар Принциптерде айтылған осы элементтерге арналған анықтамалар мен өлшемдерді қанағаттандыратын болса, баптар активтер, міндеттемелер, капитал, пайда және шығыстар (қаржы есептілігінің элементтері) ретінде танылады.

 

18-«Түсім» ІAS Халықаралық стандарты түсімге анықтама бередi және ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық және көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi әдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң әдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім әкелмейтiн, бiрақ түсім әкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нәтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мәнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нәтижелері бір операцияның нәтижесінде туындайтын барлық кірістерді және тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:

(а)  ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен залалдар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң баланстық құнының және оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады;

және

(b) 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес танылатын және үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.

Бұған қоса, осындай операциялар тобы бойынша туындайтын пайдалар мен залалдар, мысалы, оң және теріс бағамдық айырмалар және саудаға арналған қаржы құралдары бойынша туындайтын пайдалар немесе залалдар есептерде нетто-негiз бойынша ұсынылады. Солай бола тұрса да, ондай пайдалар мен залалдар, егер олар мәнді болса, бөлек көрсетіледі.

 

Ұйым есеп саясатын ауыстыратын  немесе жіберілген қателікті түзейтін кезде салыстырма ақпаратқа түзетулер 8 ІAS Халықаралық стандартта қаралады.Бұл стандарт баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте және меншікті капитал туралы есепте ақпаратты дәл айқындап ашып көрсетудi талап етеді, сондай-ақ басқа желілік баптар туралы ақпаратты не тікелей осы есептілікте, не ескертулерде ашып көрсетудi талап етедi. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептi ұсыну жөніндегі талаптар 7 ІАS Халықаралық стандартта баяндалған.

Қаржы құралдарын есепке алу үшін ХҚЕС(IAS) 39 «Қаржы құралдары: Тану және ашу» негізінде. ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды таңдайтын субъект ашуды ХҚЕС (IFRS) 7 «Қаржы құралдары» сәйкес жүргізуге тиіс.

 Қаржы құралы – бұл нәтижесінде бір субъектіде қаржылық актив және екіншісінде қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын шарт.

Мыналар мысал болып  табылады:

ақшалай қаражат;

талап еткенде берілетін депозиттер мен мерзімді депозиттер;

коммерциялық қағаздар мен коммерциялық вексельдер;

қарыздар, шоттар мен вексельдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек;

облигациялар мен ұқсас борыштық құралдар;

қарапайым және артықшылықты акциялар мен ұқсас үлестік құралдар;

активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар – жылжымайтын мүлікке қойылғандармен қамтамасыз етілген облигациялар, РЕПО шарттар мен борыштық құралдардың секьюритизацияланған пакеттері; және

ақшалай құралдар ретінде  немесе басқа қаржы құралына айырбастау жолымен пайдаланылуы мүмкін опциондар, артықшылықты құқықтар, варранттар, фьючерлік келісім-шарттар, форвардты келісім-шарттар мен пайыздық своптар.

 

Субъект барлық қаржы құралдарын әділ құнмен өлшеуге  тиіс.

. Әділ құн туралы деректердің ең үздік көзі нарықтық баға болып табылады. Егер қаржы құралының нарығы белсенді болып табылмаса, онда субъект бағалау әдісін пайдаланып, әділ құнды белгілейді. Бағалау әдісін пайдаланудың мақсаты тәуелсіз уәжделген қалыпты іскер пікірлермен тараптар арасында айырбас жасалған кездегі өзгерту күні операцияның бағасы қандай болғандығын анықтау болады субъект есеп саясатының елеулі ережелерінің жинағында мынадай ақпаратты ашады: қаржылық құралдарға қатысты пайдаланылатын өлшеу базасы (немесе базалары), сондай-ақ қаржылық құралдарға қатысты қолданылатын және қаржылық есептерді түсіну үшін қолайлы есеп саясатының өзге де ережелері.

Не тікелей баланстың  өзінде, не ескертпелерде субъект қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің төменде санамаланған әрбір санаттарының баланстық құны туралы деректерді ашуға тиіс.

1) пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық активтер;

2) құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық активтер;

3) өзіндік құнымен өлшенген үлестік құралдар;

4) құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенген қарыздар бойынша міндеттемелер;

5) пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық міндеттемелер; және

6) құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық міндеттемелер.

Хеджирлеуді есепке алу

 

 Субъект  хеджирлеу құралы мен хеджирленетін бап (хеджирлеу объектісі) арасындағы хеджирлеу қатынастарын ресімдеген кезде мұндай қатынастар хеджирлеу операциясы ретінде ескерілуі мүмкін. Хеджирлеу құралы бойынша және хеджирленетін бап бойынша пайда немесе залал пайданың немесе залалдың құрамына бір уақытта енгізілуі мүмкін.

 Операция хеджирлеу операциясы ретінде ескерілуі үшін субъект төменде санамаланған барлық талаптарды орындауға тиіс:

1) субъект хеджирлеу қатынастарының болуын көрсетеді және мұндай қатынастарды хеджирленетін тәуекелдің түрі, хеджирлеу объектісі және хеджирлеу құралы дәл анықталатындай және хеджирлеу объектісіндегі тәуекел хеджирлеу құралының хеджирлену тәуекелі болатындай құжаттамалады.

2) хеджирленетін тәуекел мынадай операцияларды ғана хеджирлеу операциясы ретінде ескеруге жол береді:

- амортизацияланған құнмен өлшенетін борыштық құрал бойынша пайыздық тәуекел;

- қатты келісім немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша валюталық тәуекел;

- субъект ұстанатын немесе сатып алудың немесе сатудың ықтималдығы жоғары болжамданатын операция бар тауар бойынша бағалау тәуекелі; немесе

- шетелдік қызметке инвестициялардың таза сомасы бойынша валюталық тәуекел.

3) хеджирлеу құралы хеджирленетін тәуекел ретінде белгіленген тәуекелді сақтандыруда тиімділігі жоғары болады деп күтілетін пайыздық свопты, валюталық свопты, форвардтық валюталық келісім-шартты немес форвардтық тауарлы келісім-шартты білдіреді;

4) субъект хеджирлеу субъектісі белгіленген хеджирленетін тәуекелді сақтандыруда жоғары тиімділікті иеленетіндігін күтеді.

Хеджирлеудің  тиімділігі – бұл хеджирленетін тәуекелге жататын хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақшалай қаражаты ағынының өзгеруі хеджирленетін құралдың әділ құнының немесе ақшалай қаражаты ағынының өзгерулерімен өтелетін дәреже.

шетелдік валюта немесе тауар бойынша ықтималдығы жоғары болжанатын хеджирленетін операцияның  болуы;

құрал алдын алу төлеу, мерзімінен бұрын өтеу немесе ұзарту туралы ұсыныстарды қамтымайды.

 

 

 Субъект қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны.

Қорлардың өзіндік құны қорларды оларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізу және оларды ағымдағы жағдайға жеткізу мақсатында жүргізілген сатып алуға, қайта өңдеуге және өзге де шығындарға жұмсалған барлық шығындарлы қамтуға тиіс. Халықаралық қаржылық есеп стандарты талаптарының қорларды бағалау бөлігі ХҚЕС-7-ның талаптарына сай келеді: қорлар міндетті түрде өзіндік құнның және ықтимал таза өткізу құнының - осы екеуіндегі көлемнің ішіндегі ең азы бойынша бағалануға тиіс.

 

 

Өзіндік құнды таныған  кезде субъект нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты әдістерді пайдалана алады. Нормативтік шығындар шикізат пен материалдарды, еңбекті, тиімділік пен қуатты пайдаланудың қалыпты деңгейлерін ескереді. Олар үнемі талданып отырады және қажет болған кезде ағымдағы шарттарда қайта қаралады. Бөлшек сауда бағасының әдісі қорлардың сату құнын жалпы пайданың тиісті пайызының шамасына азайту жолымен өзіндік құнды есептеуді көздейді.

Информация о работе Есеп саясаты