Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81
Кассалық операциялар күн сайын бас бухгалтермен бақыланып күн басындағы қалдық пен күн аяғындағы қалдықтарды есептеп отырады. Егер кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген лимиттен асып кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен келген «Банк көшірмесі» деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.
1. Төлем тапсырмасы
2. Чек кітапшасы
3. Банк клиент бағдарламасы.
Төлем тапсырмасы есеп айрйысу шотынан басқа да тұлғалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Банк көшірмесі» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады
Ақша қаражаттарын есепке алу үшін келесі синтетикалық шоттар көрсетілген:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – «Жолдағы
ақша қаражаты», онда жолдағы
ақша қаражатының қозғалысы
1030 – «Ағымдағы
банктік шоттардағы ақша
1040 – «Карт-шоттардағы
ақша қаражаты», онда карт-
1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.
Бұл шоттар субъектінің есеп саясатында субшоттарға және аналитикалық шоттарға бөлініп, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары әр субъектінің жұмыс жоспарына айналуы тиіс. Мысалы, 1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Есеп саясатында құрастырған кезде олардың соңғы «0» сандары 1-ден 9-ға дейін өзгертілуі мүмкін, сонда жұмыс жоспарында олар 1011- «Кассадағы ұлттық ақша қаражаты», 1012«Кассадағы шетел валюталарымен ақша қаражаты» субшоттары болып бөлінеді.
Субъект есеп саясатында операциялық қызметтен алынатын ақшалай қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдіс арқылы құрастырылғанын көрсетуі тиіс:
1) тікелей әдіс, онда жалпы ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері туралы ақпарат ашылады;
2) жанама әдіс, онда пайда немесе залал монетарлық емес операциялардың, кейінге қалдырылған немесе есептелген өткен немесе болашақтағы ақшалай түсімдердің немесе операциялық қызметтен алынатын төлемдердің және инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты кірістердің немесе шығыстардың баптарының нәтижесінде түзетіледі.
Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:
- түсімдеріне өнімдерді
өткізуден алынған түсім тауарл
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер .
Жанама әдісті пайдаланған кезде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза қозғалысы мыналарды ескере отырып, пайданы немесе залалды түзету жолымен айқындалады:
1) кезең ішіндегі қорлардағы
және дебиторлық және
2) амортизация, бағалау
міндеттемелері, мерзімі ұзартылған
салықтар, шетелдік валютадағы
3) нәтижесі инвестициялық
немесе қаржылық қызметтен
Балама ретінде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза қозғалысы туралы деректер пайда мен залал туралы есептерде ашылатын кірістер мен шығыстарды және қорлардағы өзгерістер мен кезең ішіндегі операциялық дебиторлық және кредиторлық берешекті көрсету жолымен берілуі мүмкін.
8.3.Дебиторлық борыштар
Қаржылық есептілік стандартарына сәйкес дебиторлық борыштар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар- бұл 1 жыл мерзімінен аспайтын берешекті білдіреді. Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар- бұл 1 жыл мерзімінен асатын берешекті білдіреді.
Қысқа мерзімді дебиторлық; берешек. есебі ХҚЕС шоттарының бірінші бөліміндегі 1200 «Қысқа мерзімді табыс» бөлімшесіне кіретін мынадай шоттарды қамтиды: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1220 «Еншілес үйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен үйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»; 1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»; 1280 «Басқа да қысқа мерзімді табыс»; 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв».
Пассив болып табылатын 1290 «Күмэнді талаптар бойынша резерв» шотын қоспағанда, 1200 бөлімінің шоттары активті шоттар болып табылады.
Ал ұзақ мерзімді табыс 2100 «Ұзақ мерзімді табыс» бөлімшесінің шоттарында сипатталады және ол да бірнеше шоттарды қамтиды.
Күмәнді талаптар бойынша резерв мерзімде өтелмеген дебиторлық борыш болып саналады. Күмәнді талаптар бойынша резерв табыстың түгендеу негізінде жыл соңында қүрылады.
ҚР Заңнамасына сай арыз мерзімі біткен дебиторлық қарыз сенімсіз қарыз болып саналады.ҚР Өтелу мерзімі 30-60 күнге дейінгі уақыт болып саналады, осы мерзімнің бітуінен кейін, әдетте 180 күннен кейін мерзімі өткен болып саналады Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес өтелу мерзімі 3 жылдан асқан дебиторлық борыштар сенімсіз дебиторлық борыштар болып саналады.
Күмәнді талаптар бойынша резерв сенімсіз дебиторлық борышты есептен шығарумен байыланысты мүмкін зиян шегулерді жабу үшін құрылады.Бұл резервтер төмендегдлей тәртіппен құрылады:
-180 күннен 1 жылға
дейін мерзімі өткен
-1 жылдан аса мерзімі өткен дебиторлық борыштар бойынша 100 %
соммасы көлемінде.
Күмәнді талаптар бойынша резервті құрған кезде күмәнді талаптар бойынша резервке сомаларды жіберген келесі шоттар корреспонденциясы қүрылады:
Дт 7210 «Әкімшілік шығындар»
Кт 1290 «Күмэнді талаптар бойынша резерв».
8.3 Қорлар
Есеп саясатын құрастырған кезде әрбір субъект келесі талаптарды ескеру тиіс:
-Қаржылық есептілікте барлық стандарттарда қорлар өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
-Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны барлық стандарттарда егін жинау кезеңінде белгіленген өзіндік құн бойынша бағалану көрсетілген.
- Субъект әрбір есепті күнге қорлар құнсызданды ма, жоқ па, яғни қорлардағы шығындардың орнын қаншалықты толтыруға болатындығын (құнсыздану зақымдану, ескіру немесе түскен сауда құны салдарынан болуы мүмкін) айқындауға тиіс. Бүл стандарттарда қорлар баптары (немесе баптар тобы) құнсызданған жағдайларда көрсетілген тармақтар субъектіні аяқтауға және өткізуге жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасы бойынша қорларды өлшеуге міндеттейді. 1360 – «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», шотында қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар әр қор түрі бойынша субъект басшысының бұйрығы бойынша айқындалып көрсетілуі тиіс.
Қорлар баланстан төменгі әдістерді қолдану арқылы шығарылады:
-ҰҚЕС-1 бойынша қорлардың өзіндік құнын бағалау орта өлшемді құн әдісі бойынша (кезеңнің басына қорлардың және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) осыған ұқсас қорлардың орташа құны) жүргізіледі
-ҰҚЕС-2 бойынша қорлардың өзіндік құны екі тәсілмен айқындалады: «бірінші түсім – бірінші жіберілім» (FIFO) немесе орташа өлшенген құнның формуласы бойынша. Барлық стандарттар «соңғы түсім – бірінші жіберілім» әдісін (LIFO) пайдалануға жол бермейді.
-ХҚЕС-2 «Қорлар» талабына сәйкес субъектінің есеп саясатында мыналар ескерілуі тиіс :
9. Қорлар міндетті түрде ең кемі екі деңгей бойынша: өткізудің өзіндік құны мен ықтимал таза құнында өлшенуге тиіс.
10. Қорлардың өзіндік құнына міндетті түрде сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалған барлық шығындар және қорларды ағымдағы жай-күйіне және орналасқан жерге дейін жеткізу мақсатында жұмсалған шығындар жатады.
20. 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімінің қорлары бастапқы тану кезінде өнім жинау кезіндегі белгіленген олардың әділ құны бойынша, болжамды өткізуге жұмсаған шығыстарды шегере отырып, бағаланады. Бұл осы стандартты қолдану мақсатында қорлардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады.
Өзіндік құнды айқындау әдістері
21. Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты қорлардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады.
22. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын қорларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Қорлардың өзіндік құны сатылған қорлардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады.
Өзіндік құнды есептеу тәсілдері
Өткізудің ықтимал таза құны
Қорлар әдетте баптар бойынша ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығарылады
Мысал. Есепті кезең басында қорлар бойынша ешқандай кіріспе қалдық болған жоқ. Ұйым есепті жыл ішінде мына төмендегі босалықылар алды.
Қорлар саны |
Қорлардың бір өлшемінің бағасы (мың теңге) |
Жалпы құны | |
26 қаңтарда |
200 |
20 |
4 000 |
2 наурызда |
180 |
25 |
4 500 |
19 шілдеде |
300 |
30 |
9 000 |
25 қарашада |
260 |
23 |
8 320 |
жинағы |
940 |
х |
25 820 |
Есепті жыл соңында қорларды түгендеу нәтижесінде ұйым қоймасында 270 өлшем бірлігіндегі босалқы қалды. Есепті кезең ішінде қорларды сатудан түскен табыс сомасы 20 650 мың теңге.
ФИФО әдісі бойынша :
1. Сатудан түскен табыс |
20 650 |
2. Есепті кезең соңындағы қорлар (260х32 теңге=8 320+10х30) = 300 |
8 620 |
3. Сатылған қорлардың өзіндік құны |
(17 200) |
4. Сатудан түскен жалпы табыс |
3 450 |
Орташа өлшемді құн:
1. Бір өлшемдегі босалқының орташа өлшенген құны (25 820 : 940) |
27,47 |
2. Есепті кезең соңындағы қорлар (270 х 27,4 теңге) |
7 416,90 |
3. Сатылған қорлардың өзіндік құны |
(18 403,10) |
4. Сатудан түскен жалпы табыс |
2 246,90 |
Ерекше сәйкестендіру арқылы
Есепті кезең соңында жүргізілген түгендеу мәліметтері бойынша 270 бірліктегі қорлар, оның ішінде 20 өлшем екінші партиядан, 50 өлшем үшінші партиядан, 200 өлшем төртінші партиядан қоймада қалған.