Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

Корпорациялық табыс  салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк  салықты, жер салығын, жер учаскелерiн  пайдаланғаны үшiн төлемақыны, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi белгіленген жалпы тәртіпке сәйкес айқындалады.

Жалпыға бірдей белгіленген  тәртіппен есептелген корпорациялық  табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақының, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

Корпорациялық табыс  салығының сомасын азайту корпорациялық  табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады. Шаруашылық операциялары мен оқиғалары бастапқы есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада талаптары белгіленген бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері арқылы ресімделеді.

Салық органында міндетті тіркелуге жататын және қосылған құн салығын төлеушілер болып  табылмайтын жеке кәсіпкерлер 1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша өз қызметі  бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып  табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді.

 

Кірістерді тіркеу кітабымен  қатар жеке кәсіпкер мынадай бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін жүргізеді:

3-қосымшаға сәйкес  ақша қаражатын есепке алу  жөніндегі В-1 ведомосі;

4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу жөніндегі В – 2 ведомосі;

7-қосымшаға сәйкес  сатып алушылармен және тапсырысшылармен  есеп айырысудың есебі жөніндегі  В – 5 ведомосі;

8-қосымшаға сәйкес  өнім берушілермен есеп айырысудың  есебі жөніндегі В – 6 ведомосі;

9-қосымшаға сәйкес еңбекақы төлеуді есепке алу жөніндегі В-7 ведомосі;

11-қосымшаға сәйкес  биологиялық активтерді есепке  алу жөніндегі                              В – 9 ведомосі;

12-қосымшаға сәйкес  негізгі құралдар мен материалдық  емес активтердің қозғалысын есепке алу жөніндегі В – 10 ведомосі;

13-қосымшаға сәйкес  негізгі құралдар мен материалдық  емес активтер жөніндегі амортизациялық  аударымдарды есепке алу жөніндегі  В – 11 ведомосі;

16-қосымшаға сәйкес  В – 13 жиынтық ведомосі.

 

Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:

бухгалтерлік  баланс;

пайда мен  шығындар туралы есеп;

түсіндірме  жазба және ескерту.

 

Бухгалтерлік баланста 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  активтер, міндеттемелер мен жеке меншік капитал көрсетіледі.

 Кірістер мен шығыстар  туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша беріледі.

. Қаржылық есептілікке  түсіндірме жазба және ескерту  реттелген тәртіппен берілуі  тиіс. Баланстың, пайда мен шығындар  туралы есептің әрбір бабы  бойынша оған қатысты кез келген  ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі. 

Субъектілер егер қаржылық есептілікпен бірге басқа да жерде  жарияланған ақпаратта ашылмаса, мынадай сәттерді ашуы тиіс:

1) субъектінің заңды  мекен-жайы және заңды нысаны, оның заңды тіркелген елі және  тіркелген офисінің мекен-жайы (немесе  егер ол тіркелген офисінің  мекен-жайынан өзгеше болса, негізгі  іс жүргізу орны);

2) Субъектінің операцияларын  және қызметінің негізгі түрлерін суреттеу;

3) кезеңнің аяғына  қызметкерлердің саны немесе  кезеңнің ішінде қызметкерлердің  орташа саны.

Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілікте қаржы инвестициялары сатып алу құны бойынша көрсетіледі.

Қорлар:

1) сатып алынған және  қайта сатуға сақталған тауарлар;

2) қайта сатуға арналған  мүлік (жер, ғимарат, автомобильдер);

3) субъекті өндірген  және сатуға арналған дайын  өнім;

4) дайын өнімді (немесе  қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз  етуге арналған шикізат және материалдар;

5) аяқталмаған өндіріс  – дайындық сатысына жетпеген  өнім, кейіннен қайта өңдеуге  арналған жартылай фабрикаттар;

6) басқа да қосымша  қорлар ретінде сыныпталуы мүмкін.

 

Қорлар кез келген актив сияқты есепте мынадай тану өлшемдері болған кезде ғана көрсетіледі:

1) осы актив бойынша  болашақта экономикалық пайда  алу ықтималдығы болған кезде;

2) есепке алу объектісін  сатып алуға немесе өндіруге  іс жүзіндегі шығындарды бағалау  мүмкін болған кезде.

Қаржылық есептілікте қорлар өзіндік құны бойынша көрсетіледі.

Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны егін жинау кезеңінде белгіленген өзіндік құн бойынша бағаланады.

Қорлардың өзіндік  құнын бағалау орта өлшемді құн  әдісі бойынша (кезеңнің басына қорлардың және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) осыған ұқсас қорлардың орташа құны) жүргізіледі

 

 

Актив ретінде тануға жататын негізгі құралдар сатып  алудың іс жүзіндегі құны (өзіндік  құны) бойынша өлшенеді.

Өзіндік құнның құрауыштары  ретінде мыналар тікелей жатқызылған мысалдар болып табылады:

1) активтің құрылысына  және сатып алуға тікелей байланысты  қызметкерлердің еңбекақысына арналған  шығындар,

2) құрылыс учаскесін  дайындауға арналған шығындар;

3) тиеу-түсіру жұмастарын  бастапқы жеткізу және олардың  құны;

4) орнатуға және монтаждау жұмыстарына арналған шығындар;

5) актив жұмысын тестілеудің  өзіндік құны;

6) қызметкерлерге сыйақылар;

7) активтің демонтажының  және оны алып тастаудың және  бағалау міндеттемелері ретінде  танылатын деңгейде учаскені  қалпына келтірудің есептік құны.

ҰҚЕС-1 бойынша  бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар барлық жинақталған амортизацияны есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.

ҰҚЕС-2 бойынша негізгі құралдардың объектісін келесі өлшеулі екі моделдің бірімен жүзеге асырады: :

1) Шығындарды күрделендіру моделі; немесе

2) Асыра бағаланған құнмен есептеу моделі бойынша.

Шығындар бойынша  есептеу моделінде субъект негізгі құралдар объектісінің құнын жинақталған амортизацияның және құнсызданудан жинақталған залалдың бүкіл сомасын шегергендегі оның өзіндік құнымен ескеруге тиіс.

 Асыра бағаланған құнмен есептеу моделін таңдаған субъект ХҚЕС (IAS) 16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» сәйкес ақпаратты есептеуді және ашуды жүзеге асырады.

 

ҰҚЕС-1 бойыншап айдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу үшін амортизацияны есептеудің турасызықты әдісі пайдаланылады, ол активтің пайдалы қолданылуының мерзімі ішінде тұрақты аударымдарға әкеледеді. ҰҚЕС-2 бойынша субъект активтен түскен болашақ экономикалық пайданы субъектінің күтіліп отырған тұтыну сапасын көрсететін  амортизация әдісін таңдауға тиіс. Рұқсат етілетін амортизация әдістері өзіне тікелей желілік әдісті, азайтылатын қалдық әдісін және өнім бірлігі әдісін (өндірістік) қамтиды

 

 Биологиялық актвитерден алынған ауыл шаруашылығы өнімдері егіс жиналғаннан кейін қайта сыныпталады және қорлар ретінде ескеріледі.

Мынадай үш сипаттама  ауыл шаруашылығы қызметінің барлық түрлеріне тән болып есептеледі:

1) биологиялық активтер  биотрансформацияға қабілетті болуы тиіс.

2) ауыл шаруашылығы  қызметі басқарылатын болуы тиіс.

3) биотрансформациямен  тартылған сандық және сапалық  өзгерістер ауыл шаруашылығы  қызметін басқару процесінің  бір бөлігі ретінде қадағаланады  және өлшенеді.

Субъект биологиялық активті немесе ауыл шаруашылығы өнімін мынадай кезде ғана таниды:

1) Субъект активті өткен оқиғалардың  нәтижесінде бақылайды;

2) Субъектінің осы активтен болашақ  пайда алу мүмкіндігі бар;

3) активтің өзіндік құнын сенімділіктің  жеткілікті деңгейімен өлшеуге болады.

Биологиялық актив бастапқы тану сәтінде  өзіндің құн бойынша өлшенеді.

Субъектінің биологиялық активтерінен жиналған ауыл шаруашылығы өнімі  егіс жинау сәтіне белгіленген өзіндік  құн бойынша өлшенеді, нәтижесінде  актив қорларға қайта сыныпталатын күнге өзіндік құн болып табылады.

Биологиялық активке  жатқызылған шарттармен шекетелмеген мемлекеттік субсидия алуға жататын  субсидиялар разрядына өткенде  ғана кірістер құрамында танылады.

Биологиялық активке жатқызылған  белгілі бір шарттарда берілетін мемлекеттік субсидия, оның ішінде Субъект ауыл шаруашылығы қызметінің кез келген түрімен айналыспауы тиіс болғанда, мемлекеттік субсидия шартын орындағаннан кейін ғана кірістер құрамында танылады.

Объект материалдық  емес активтің анықтамасына жауап беруі үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни ресурстардың бірегейлендірілуіне, оларды бақылау мен болашақ экономикалық пайдалардың болуына жауап беруі тиіс. Егер объект материалдық емес активтің анықтамасына жауап бермесе, оны сатып алуға немесе ішкі өндіруге арналған шығындар тартылғанда шығыс ретінде танылады.

Материалдық емес актив егер:

1) егер оны субъектіден бөлуге  болатын болса, яғни субъекті  сата алса, жалға берсе немесе  жеке, не жеке, не оған байланысты  шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге айырбастаса;

2) ол субъектіден берілген немесе  бөлінген болып табылады ма, қарамастан  заңды құқықтардан немесе басқа  құқықтар мен міндеттемелерден  туындаса  бірегейлендіріледі. 

Активті танудың өлшемдерін қанағаттандыратын материалдық емес актив баланста өзіндік құн бойынша танылады.

. Жалдау негізгі үш  түрге бөлінеді:

1) қаржылық жалдау;

2) операциялық (ағымдағы) жалдау;

3) кері жалдаумен жасалатын сауда. 

Жалдауды қаржылық немесе операциялық  ретінде сыныптау шарт нысанынан  емес, операцияның мазмұнына тәуелді. Бірге алынған немесе жекелеген негізгі факторлар, ол кезде жалдау қаржылық ретінде қарастырылады:

1) жалдау мерзімінің аяғына активке  меншік құқығы жалдаушыға өтеді;

2) жалдаушының бұл құқық пайдаланылуы  мүмкін күнге әділ құннан едәуір  төмен болады деп күтілетін баға бойынша жалға алынатын активті сатып алуға құығы бар, яғни жалға алу мерзімінің басында бұл құқық пайдаланылады деген негізді сенімділік бар;

3) жалдау мерзімі тіпті егер  меншік құқығы берілмесе де, активтің  экономикалық қызмет мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;

4) жалға алу мерзімінің басында  ең аз жалға алу төлемдерінің  келтірілген құны ең болғанда  іс жүзінде жалға алынатын  активтің барлық әділ құнын  құрайды;

5) жалға алынатын активтер жалға  алушы ғана оларды елеулі модификациялаусыз пайдалана алатындай арнайы сипатта болады.    

Жалдаушылар қаржылық жалдауды баланста активтер және міндеттемелер  ретінде жалдау мерзімінің басына жалға алынатын мүліктің әділ құнының сомасы бойынша немесе егер ол төмен болса ең аз жалдау төлемдерінің келтірілген құны бойынша таниды. Келтірілген ең жалдау төлемдерінің құнын есептеу кезінде дисконттау коэффиценті егер оны анықтау мүмкін болса, жалдау шартында білдірілетін пайыз ставкасы болып табылады, болмаған жағдайда, жалдау шарт бойынша есептік пайыз ставкасы пайдаланылады.

Жалдау ақысының сомасы екі құрауыштан тұрады:

1) негізгі борыштың  сомасына өтеу (бастапқыда пассивте  көрсетілген қаржылық жалдау  бойынша Субектінің міндеттемесі)

2) қаржы шығыстары  (қаржы лизингін пайдаланғаны  үшін пайыз).

 

Кері жалдаумен  жасалатын сауда операциясы сатушының кейіннен кері жалдауымен активті сатуды білдіреді. Кері жалдаумен жасалатын сауда операцияларын есепке алу тәртібі жалдау түріне тәуелді.

Егер кері жалдаумен  жасалатын сауда операциясы қаржылық жалдауға әкеп соқтырса, онда сатудан алынатын пайданың баланстық құннан кез келген асып түсуі жалдаушы сатушының қаржылық есептілігінде кіріс ретінде шұғыл көрсетілуі тиіс. Осы асып түсу кейінге қалдырылуы тиіс және жалдау мерзімінің ішінде амортизацияға жатады.

Информация о работе Есеп саясаты