Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81
Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстарды атқару бойынша орташа немесе күтілу мерзімін анықтау үшін 3 бағалауды ерекше көрсеткен қажет: Тmin – минималды; Твв – ең ықтимал; Тmax – максималды ұзақтылық мына формула бойынша:
Тс=(Tmin + Tвв + Tmax)/n
Жұмыстың қосынды ұзақтығының (оқиғаның басы мен аяғына дейін) максималды мәнін анықтайтын жол есептеледі және осы жолдан тыс жұмыстарына ресурстар (уақыт резервтері) анықталады.
Түгендеуді жүргізудің жалпыға белгіленген мерзімдері 1.3-кестеде көрсетілген . Түгендеу бақылаудың ең маңызды әдістемелік тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан, ол тек қажетті жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Жаңа меншік нысандарының пайда болуы мен кәсіпорындар қызметіндегі дербестіктің артуына байланысты бұл жағдай өзекті болып келеді. Көптеген субъектілер түгендеуді өткізумен байланысты шығындарды есептей келе, түгендеуді жиі өткізуден бас тартады. Олар жасалған ішкі ережелерге және «есеп беру жылындағы түгендеулер саны, өткізу күндері, оларды өткізу барысындағы мүлік пен міндеттемелер тізімі өз бетінше белгіленеді» деп көрсетілген қаржылық есеп стандартына сүйенеді.
Кесте-1.3
Түгендеу өткізу мерзімдері және олардың нәтижелерін көрсететін құжаттар
Түгендеу объектілері |
Ұсынылған өткізу мерзімі |
Нәтижелер көрсетілуі тиіс құжат |
Негізгі құралдар |
Жылдық бухгалтерлік есеп жасау алдында 3 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Негізгі құралдарды түгендеу тізімі |
Ақша қаражаттары, ақшалай құжаттар, құндылықтар мен қатаң есептілік бланктері |
Әр айда кемінде бір рет |
Ақша қаражаттарын түгендеу актісі |
Тауарлы-материал-дық құндылықтар (шикізат, материал-дар, қорлар) |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында |
Тауарларды, материал-дарды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қойма мен базадағы тауарлар:
|
Жылына кемінде бір рет Жылына кемінде екі рет |
Жауапкершілік сақтауға алынған (тапсырылған) тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімі. Түгендеу жарлығы. |
Дүкендердегі және басқа да бөлшек сауда кәсіпорында-рындағы, тауарлар мен ыдыс, соның ішінде кітап дүкендерінде |
Жылына кемінде бір рет
Жылына кемінде екі рет |
Тауарларды, материалдар-ды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қоймалардағы дайын өнім |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында жылд |
Дайын өнім қалдығын түгендеу тізімі |
Өндірілген меншік-ті жартылай фабри-каттар және/немесе аяқталмаған өндіріс |
Жылдық есептіліктер мен баланстарды жасау алдында, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес. Әкімшілікпен және жергілікті басқару органдарымен бекітілген мерзімде кезеңді түрде |
Аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттардың қалдықтарын түгендеу тізімі |
Банктермен есеп айырысу (есеп айы-рысу және басқа да шоттарды, несие-лер, бюджеттен алынған қаражат-тар бойынша, т.б.) |
Банктерден шот көшірмесі келген сайын, ал банкке инкассоға берілген есеп айырысу құжаттары бойынша әр айдың 1-ші жұлдызында |
Банктермен есеп айырысудың түгендеу тізімі |
Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша есеп айырысу |
Тоқсанында кемінде бір рет |
Бюджетке және бюджеттік емес ұйымдарға төлем бойынша есеп айырысу-дың түгендеу актісі |
Филиалдармен, өн-дірістік бірлестік-термен (дербес ба-лансқа бөлініп шы-ғарылған шаруашы-лық, бірлескен қыз-мет түрлері және оларға теңестіріл-ген басқалар) және есеп айырысу |
Әр айдың 1-ші жұлдызы |
Филиалдармен және т.б. есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
Дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу |
Жылына кем дегенде екі рет |
Дебиторлармен және/немесе кредиторлар-мен есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
Аяқталмаған капи-талды жөндеуді қоса болашақ кезең шығындары |
Жылына кем дегенде бір рет |
Болашақ кезең шығындарын түгендеу актісі |
Инвестициялар немесе түрлі қаражат салымдары |
Жылдық бухгалтерлік
есептілікті жасау алдында жылд |
Инвестициялар немесе түрлі
қаражат салымдары бойынша |
Кітапханалық қорлар |
Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында 5 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Кітапханалық қорларды түгендеу тізімі |
Мұнай және мұнай өнімдері |
Айына кемінде бір рет |
Мұнай және мұнай өнімдерін түгендеу актісі |
Бағалы металдар мен алмаздар |
Жылына кем дегенде екі рет |
Бағалы металдарды, асыл тастарды, табиғи алмаз-дарды және олардан жасал-ған бұйымдарды түгендеу актісі |
Жас мал мен борда-қылаудағы мал, құстар, үй қоянда-ры, аралар және т.б. |
Тоқсанына кем дегенде бір рет |
Жас мал мен басқаларды түгендеу актісі (қажет бол-ғанда түгендеу тізімдемесі) |
Баланстың қалған баптары |
Есеп беру жылынан кейін-гі айдың 1-ші жұлдызында |
Мақсатына қарай акт немесе түгендеу тізімі |
8. Әдістемелік бөлімі
Субъактіде ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҰҚЕС-1,ҰҚЕС-2 және ХҚЕС ұсынатын тандаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтиды. Ол қаржылық есептіліктің құрастырылуынан бастап, олардың жеке баптарының ерекшеліктерін айқындайды..
8.1. Қаржылық есептiлiк
1.1 Субъекі қаржылық есептiлiкті құрастыру кезінде Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»
2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңын басшылыққа алады.
1.2 Қаржылық есептiлiк:
- ҰҚЕС-1 қолданатын субъектілерде:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) түсiндiрме жазбаларды қамтиды:
-ҰҚЕС-2 және ХҚЕС қолданатын субъектілерде:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба мыналарды қамтиды.
1.3 Қаржылық есептілік субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын объективті білдіруге тиіс. Дұрыс беру үшін операциялардың нәтижелерін, өзге де оқиғалар мен жағдайларды активтердің, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды танудың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес әділ өрсетілуі тиіс.
1.4 Субъект активті болашақ экономикалық пайданың ағыны ықтимал болғанда, ал актив сенімді өлшенетін құнда немесе бағада болғанда баланста таниды. Актив ағымдағы есепті кезеңнен тысқары экономикалық пайда ағынының ықтималдығын болдырмайтын шығындар келтірілген кезде жылдың балансында танылмайды. Мұның орнына мұндай операция шығысты пайда мен залал туралы есепте тануға әкеледі.
1.5 Субъект қазіргі бар міндеттемені өтеу нәтижесінде экономикалық пайда бар ресурстар ағыны туындаса және осы өтеудің шамасы сенімді түрде өлшенетін болса, міндеттемені жылдың балансында таниды.
1.6 Кірісті тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект кірісті активтің ұлғаюына немесе міндеттеменің азаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың ұлғаюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.
1.7 Шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект шығыстарды активтің азаюына немесе міндеттеменің ұлғаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың азаюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.
1.8. Пайда немесе залал бұл кірістер мен шығыстар арасындағы арифметикалық айырманы білдіреді.
Пайда қаржылық есептердің жеке элементі болып табылмайды және ол тануды жеке өлшеуіне мұқтаж емес.
1.9 Активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде субъект активтер мен міндеттемелерді Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – әділ құн), тарихи құн бойынша өлшеуге тиіс.
1.10 Бастапқы танығаннан кейін субъектінің қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді одан әрі өлшеуі Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған немес жол берілген ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – өзіндік құн немесе амортизацияланған өзіндік құн), әділ құн бойынша жүзеге асырылады.
1.11 Бастапқыда тарихи құны бойынша өлшенген қаржылық емес активтердің көпшілігі бұдан әрі өзге де өлшеу базасы негізінде өлшенеді. Мысалы, субъект негізгі құралдарды екі шаманың азы бойынша өлшейді: амортизацияланған құн мен сату құнын аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегеріп. Активтерді азы құнымен өлшеу актив субъект осы активті сатудан немесе пайдаланудан алуды күтетін сомадан асып түсетін сомада өлшенбейтіндігін қамтамасыз етеді.
1.12 Субъект бастапқыда тарихи құнмен өлшеген кейбір қаржылық емес активтер үшін келесі өлшеулерде әділ құнды пайдалануға рұқсат береді. Мыналар мысал бола алады:
1) әділ құнмен өлшенетін ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға инвестициялар;
2) субъект әділ құн бойынша өлшейтін жылжымайтын мүлікке инвестициялар;
3) субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін негізгі құралдар;
4) субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін материалдық емес активтер;
5) субъект есептік
өтімді шығындарды
1.13 Қаржылық емес міндеттемелердің көпшілігі міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін есепті күнгі соманы үздік есептік бағалау бойынша өлшенеді.
1.14. Субъект активтер мен міндеттемелерді немесе кірістер мен шығыстарды өзара есепке алуды жүзеге асырмайды.
1) активтерді бағалау резервтерін, мысалы, дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резервті шегеріп өлшеу өзара есепке алу болып табылмайды;
2) егер субъектінің қарапайым операциялық қызметі өзіне ұзақ мерзімді активтерді (инвестициялар мен операциялық активтерді қоспағанда) сатып алуды және сатуды қамтымаған жағдайда, мұндай активтердің шығуынан болған кірістер мен залалдар активтің және активтің шығуынан түскен соманың тиісті өтімді шығыстарының балансты құнын шегеру жолымен есептерде беріледі.
1.15 Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.
2.1 Қаржы құралдарын есепке алу үшін ҰҚЕС-1,ҰҚЕС-2 және ХҚЕС(IAS) 39 «Қаржы құралдары: Тану және ашу» негізінде. ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды таңдайтын субъект ашуды ХҚЕС (IFRS) 7 «Қаржы құралдары» сәйкес жүргізуге тиіс.
Қаржы құралы – бұл нәтижесінде бір субъектіде қаржылық актив және екіншісінде қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын шарт.
Мыналар мысал болып табылады:
ақшалай қаражат;
талап еткенде берілетін депозиттер мен мерзімді депозиттер;
коммерциялық қағаздар мен коммерциялық вексельдер;
қарыздар, шоттар мен вексельдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек;
облигациялар мен ұқсас борыштық құралдар;
қарапайым және артықшылықты акциялар мен ұқсас үлестік құралдар;
активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар – жылжымайтын мүлікке қойылғандармен қамтамасыз етілген облигациялар, РЕПО шарттар мен борыштық құралдардың секьюритизацияланған пакеттері; және
ақшалай құралдар ретінде немесе басқа қаржы құралына айырбастау жолымен пайдаланылуы мүмкін опциондар, артықшылықты құқықтар, варранттар, фьючерлік келісім-шарттар, форвардты келісім-шарттар мен пайыздық своптар.
2.2 Субъект қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені субъектіге құралдың шарттық ережелері қолданылғанда ғана тануға тиіс.
2.3 Әрбір есепті күнге субъект төмендегі қаржы құралдарын құнсыздану сомасын шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшеуге тиіс.
Олар мыналар болып табылады:
1) Қарапайым сауда дебиторлық және кредиторлық берешек, алуға және төлеуге арналған вексельдер мен банктер мен өзге де үшінші тұлғалардан алынатын қарыздар;
2) Айырбасталмайтын борыштық құралдарға инвестициялар;
3) үлестік құралдың құны шарты орындаған немесе құқықты пайдаланған жағдайда әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін емес борыштық құралды сатып алуға арналған шарт немесе құқық (опцион);
4) ақшалай ағын осындай шарттар шеңберінде, әдетте, шетелдік валютадағы кредиторлық берешек. Солай бола тұрса да, шетелдік валютадағы, валюталық бағамның ауытқуларымен туындаған кредиторлық берешектің бабындағы өзгерістер пайданың немесе залалдың құнына кіретіндігін атап өткен жөн;
5) олар, әдетте, еншілес немесе ассоциацияланған ұйымдардан алынған қарыздар және осындай ұйымдарға берілген және талап етілген кезде өтеуге жататын қарыздар;
6) мұндай ереже, эмитент пайыздарды немесе негізгі соманы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда тез арада өтелуге тиіс борыштық құралдар
2.4 Құсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен ескерілетін қаржы құралдарын қоспағанда, әрбір есепті күнге субъект барлық қаржы құралдарын әділ құнмен сату немесе істен шығару жөніндегі шығыстарға ешқандай шегерместен өлшеуге тиіс,
Төменде құны құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшенбейтін қаржы құралдарының мысалдары келтірілген. Мұндай құралдардың құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенеді:
-Своптар мен форвардтық келісімдер: ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысы орын алған пайыздық своп немесе қандай да болмасын тауарды немесе қаржы құралын сатып алуға арналған ақшалай қаражатты төлеумен пайдаланылатын немесе орындаған кезде ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысын беретін форвардтық келісім;
3) ұстаушы алатын кірістілік тіркелген болып табылмайтын және талап орындалмайтын опциондар мен форвардтық шарттар;
4) ұстаушы алатын кірістілік нарықтық пайыздық ставкалардың ауытқуынан ғана емес, эмитенттің борыштық құралдары бағасының өзгеруімен ауысып отыруы мүмкін болғандықтан, айырбасталатын борыштық құралдарға инвестициялар;
Әділ құн туралы деректердің ең үздік көзі нарықтық баға болып табылады. Егер қаржы құралының нарығы белсенді болып табылмаса, онда субъект бағалау әдісін пайдаланып, әділ құнды белгілейді. Бағалау әдісін пайдаланудың мақсаты тәуелсіз уәжделген қалыпты іскер пікірлермен тараптар арасында айырбас жасалған кездегі өзгерту күні операцияның бағасы қандай болғандығын анықтау болады.
Кредитордың талап етуі бойынша өтелетін қаржылық міндеттеменің әділ құны (мыласы, талап етілгенде берілетін депозит) осы соманы төлеу талап етілуі мүмкін бірінші күннен бастап дисконтталған талап ету бойынша төлеуге жататын сомадан аз болмайды.
2.5 Ақша қаражаттары
Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:
-Қолма қол ақшамен
-Нақты ақшамен немесе аударылып отыратын ақшамен
Қолма-қол ақшамен есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар: