Есеп саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81

Работа содержит 1 файл

силлабус Есеп саясаты.doc

— 3.11 Мб (Скачать)

Осы заңға сәйкес іс-әрекет ету аясы қолданылатын субъектілердің кеңейтілген бөліністерінің Заңда келтірілген айта кету қажет. Әрбір топ үшін бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың бір тәртібі белгіленеді. Біржолға талон, немесе патент негізінде салық заңамасына сәйкес арнайы салық режимі қолданылатын жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауда жүзегс асыруға құқылы. Шаруа (фермер) шаруашылықтаты және салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимін қолданылатын шуылшаруашылығы өнімдерін өндіреін заңды түлғалар бұған дейін қаржылық есептілікті жасамайтын. Осы заңға сәйкес олар қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттына сәйкес жасайды. Орта кәсіпкерліктің субъектісі есеп саясатын бекітке басшы органның шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға қүқылы. Ірі бизнес қаржылық есептілікті халықаралық стандарттға сәйкес жасауға міндеті.

Заңда қаржылық есептілік стандарттарына қанысты мынадай айқындамалар келтірген:

  • Қаржылық есептілік стандарттары-бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есеп жасаудың принцептері мен әдістерін белгілейтін құжат;
  • Қаржылық   есептілікті   ұлттық   стандарттары-уәкілетті орган бекіткен   қаржылық есептілік стандарттары;
  • Халықаралық  қаржылық   есептіліктің   стандарттары-Халықаралық  қаржылық есептіліктің стандарттары комитетінің. Қоры қабылынған қаржылық есептілік стандарттары.

Отандық компаниялардың көпшілігі шағын  және ортабизнес субъектілері болып табылатындықтан, бухгалтерлік есеп берудің бүрын қолданылып келген стандарттарының орныны жүретін қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары көбірек қызығушылық туғызады.

Жаңа  заңға есеп саясаты жек кәсіпкедің немесе үйымның қажетіліктері мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ҚР бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттар мен үлгі жоспарға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін олар қолданыға қабылданған нақты принцептеді, негіздерді, қағидаларды, ережелер мен тәжірбиені білдіреді.

Осы айқындамада жек кәсіпкерлердегі есеп саясаты мен бухгалтерлік есеп жүргізу қажеттілігіне және бухгалтерлік есеп беру есеп шоттарының үлгі жоспарының ескертілуіне назар аударуы тиіс..

Есеп  саясатын қалыптастыру жауапкершілігі ұйым басшасынан алынып, бухгалтер қызметі басшысы немесе жеке кәсіпкер бұдан кейін есап саясатын тек келісуге және (немесе) бекітуге тиіс. Бұл аса маңызды құжат-есеп саясатының салалы құрлыстарына әсәр етеді.

Акционерлік үйымдарға қатысты мыналырды  шектеулер мен талаптарқолданылатын болады:

  • Акционерлік ұйымдар жылдық қаржылық есептілік уәкілетті орган бекіткен тізбекі және нысндарға сәйкес жариялауға міндетті;
  • Егер үкіметің шешімі ойынша акционерлік үйымдар үшін депозитарий құрылатын болсы, онда олар оған өздерінің қаржылық есептілікін тапсыруға міндеті болады;

— Акционерлік үйымдар шарт негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуі және қаржылық есептілік жасауды бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсиби бухгалтерге тапсыра алмайды;

— Акционерлік үйымның бас бухгалтері қызметіне 2012 жыл 1 қаңтардан бастап кәсіби бухгалтер ғана тағайындалатын болады.

Кәсіби бухгалтер-кәсіби бухгалтердің сертификаты бар жеке түлға.

Уәкілетті органның бухгалтерлік есеп беру мен қаржылық есептілік жүйесін жөніндегі міндеттер едәуір өзгерді.

  Қаржы Министірлігі жаңа Заңға сәйкес есеп жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну мәселелері жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға байланысты:

  • бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін айқындау;
  • консультативтік  органмен  келісе  отырып,  бухгалтерлік  есеп  беру  мен  қаржылық есептілік мәселелері бойынша ҚР нормативтік құқықтық талап-тілктерін қабылдайды;
  • ұлттық стандарттарды мерзімдік басылымдарда жариялайды;
  • бухгалтерл ік есеп беру шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді;
  • Халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілген болады.

.

 

  1. ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік  туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны.

Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар

 

1. Қаржылық есептілік стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат;

2. Қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары;

3. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

 

 

        2008 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының субъектілері қаржылық қортындыларын ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2 және ХҚЕС- ке сай келтіре тапсырулары керек. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының талаптары осындай.. Бір жағынан, бұл ұйымның есеп жүйесі мен саясатын өзгертумен байланысты үлкен мәселе, екінші жағынан- бұл инвесторлармен, кредиторлармен жаңа дәрежеде қарым- қатынас құрудың мүмкіндігі. Бұл Заңның күшi,дара кәсiпкерлерге,заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

 Қазақстан  Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

 Дара кәсiпкерлер мен ұйымдар мынадай санаттарға:

1) Қазақстан Республикасының  салық заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғалар үшiн, сондай-ақ оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi.Олар ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандартын (ҰҚЕС-1) қолданады;

2) Жалпы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерi. Олар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық    қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады;

3) Орта кәсiпкерлiк  субъектiлерi, сондай-ақ жедел басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар (қазыналық кәсiпорындар).Бұл топтағылар қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық    қаржылық есептіліктің № 2 стандарттына (ҰҚЕС-2) сәйкес жүзеге асырады. Бұған қосымша осы ұйымдар есептiлiк саясатын бекiткен басшы органдарының шешiмi бойынша қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

4. Iрi кәсiпкерлiк  субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық  стандарттарға (ХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

Мемлекеттiк  мекемелер 1 қаңтар 2013 жылдан бастап қаржылық есептiлiктерін қоғамдық ұйымдардың халықаралық стандарттарына (ҚҰХҚЕС) сәйкес жасауға мiндеттi.

 Субъектіні қаржылық басқаруда есеп саясаты маңызды роль атқарады. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес субъект басшысы немесе дара кәсiпкер:

1) есеп  саясатын келiседi  және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi  ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

 Басшылық немесе дара  кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне  қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын  құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк  қызмет құруды;

2) штатқа бас бухгалтер  лауазымын енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi  жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi  жеке жүргiзудi жүзеге асыра  алады

Қазақстан Республикасының

Заңы 

 

Бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы

(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:  

2008.04.12. №  97-IV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енгізіледі)

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 

 

1-тарау.  Жалпы ережелер

(1-3 баптар)

2-тарау.  Бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілік жүйесi

(4-12 баптар)

3-тарау.  Қаржылық есептілік

(13-19 баптар)

4-тарау.  Бухгалтерлік есеп пен қаржылық 

есептілік жүйесін реттеу

(20-24 баптар)

5-тарау.  Қорытынды ережелер

(25-26 баптар)


Түпнұсқада  мазмұны жоқ  

 

Осы Заң Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін  реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу  мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді. 

 

1-тарау. 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - уәкілетті  органның бухгалтерлердің кәсіби  ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлікпен расталған, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы eceпкe алу құжаттары  (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасауға берілген құқықтың қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлерді кәсіби  сертификаттау жөніндегі аккредиттелген  ұйым (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердің аккредиттелген  кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби  ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлік есепке  алу тіркелімдері - бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік  жүйесінде көрсету үшін есепке  алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы  ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және  жинақтауға арналған нысандар;

6) бухгалтерлік ұйым - бухгалтерлік есеп саласында  қызмет көрсететін, кәсіби ұйымның  мүшесі болып табылатын ұйым;

7) жария мүдделі ұйымдар - қаржы  ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық  еместерін қоспағанда), жер қойнауын  пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар;

8) кәсіби бухгалтер - кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;

9) кәсіби бухгалтер сертификаты  (бұдан әрі - сертификат) - сертификаттау  жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің  кәсіби біліктілігін куәландыратын  құжат;

10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - қаржылық  есептіліктің ұйымдар жыл сайын өткізіп отыратын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;

11) қаржылық есептілік стандарты  - бухгалтерлік есеп жүргізу және  қаржылық есептілік жасау принциптері  мен әдістерін белгілейтін құжат;

12) қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары;

13) қаржылық есептіліктің халықаралық  стандарттары (бұдан әрі  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;

14) уәкілетті орган - бухгалтерлік  есеп пен қаржылық есептілік  саласындағы қызметті реттеуді  жүзеге асыратын орталық мемлекеттік  орган. 

 

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның күші:

дара кәсіпкерлерге;

заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының  салық заңнамасына сәйкес біржолғы талон немесе патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Информация о работе Есеп саясаты