Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81
Кіріспе
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
Есеп саясаты– жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған маңызды курс болып табылады және жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттар мен қаржылық есеп берудің стандарттары негізінде құрастырылады.
Оқу барысында студенттер бухгалтерлік есеп құқықтық негіздерін: принциптерін, қаржылық есеп берудің элементтері мен басқару есебі объектілерін, әдістерін тәжірбиеде қолдануын оқып біледі.
Есеп саясатының әдістемелік негіздерін және оның қалыптасуын білу әрбір экономиске оның болашақ қызметіне пайдалы.
Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар
1.Есеп саясаты – субъект шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы( 8 ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты)
2. Есептеу принципі – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі. .
3.Үздіксіздік принципі - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының
Есеп саясатында ұйымның есептік нұсқасы, нұсқалар рұқсат өткен есеп объектілерін бағалау, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мән ұйымдастырудың техникасының нысандары таңдалады.
Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мән мәнін арттыруда аса маңызды.
Қазақстанның қаржылық есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасын, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыру және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кісіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат- бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтеррлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік- құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру
барысында нақты кәсіпорынның есептік
саясаты келесідей
Пайдаланатын есеп саясатының
басты міндеті мен негізгі
арналымы – кәсіпорынның
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макро-экономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзі әрбір кәсіпорын мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп ресімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.
Олар кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың іргетасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырған және
қолданған кезде есептің мынада
1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
3. Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық - яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталғандық - растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.
10. Салыстырмалылық - қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, яғни біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы көріністі риясыз көзқарас туғызуы керек. Типтер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге тауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды порынның мүліктік және қаржы жағдайы туралы алайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік дарттары есеп саясатын қалыптастыруға база ады. Олар шаруашылық операцияларын, активті капиталды, міндетемелер мен шаруашылық нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсылатын.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.
Есеп саясатының ашылуы - бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипапама беру.
Қаржылық есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді.
Бұйрықпен ресімделген есеп саясаты нормативтік құжат болуға тиіс. "Есеп саясаты" термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Казақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты ұлттық қаржылық есеп стандартында(ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) және Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын калыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.
Есеп саясаты - деп ұйымдарда
іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік
есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған
өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.
Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұғымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өңдірістік шығындар тиімділігін ұғымды баскару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет аткаруын қамтамасыз ету.
Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезенінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі зандар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылықка альшады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялык ерекшеліктер, салалық кұрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән кажетті әдістер мен ережелерді тандап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындыған тағы да айта кеткен жөн. Есеп саясаты өзінің құрылымы мен баяндау нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктан тұрады:
"Жалпы ережелер" бөліміне мыналарды енгізген жөн:
"Ұйымдастыру" бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін білуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың Жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тулғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады. Басқа да қадамдардың болуы мүмкін.
"Әдістемелік" бөлімі ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҰҚЕС-1,ҰҚЕС-2 және ХҚЕС ұсынатын тандаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын осы стандарттар бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға негізгі жол бойынша жүргені жөн болады. Жүйелілікті, кезектілікті және толықтықты қамтамасыз ету мақсатында бір ҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, яғни алдымен ҰҚЕС-1, содан кейін ҰҚЕС-2 және т.б. көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап алған дұрыс.
ҚР бұхгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері төрт сатыдын тұрады:
Республикамызда бәсекеге қабілеті ұлттық экономика қалыптастыру кезінде бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру маңызды роль атқарады. Соған дәлел, 28.02.2007 ж ҚР Президеті қол қойған "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" № 234-111 ҚР жаңа заңы. Бүл құжат бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың бүрын қолданылып келгеннен едәуір айырмашылықтары бар принциптері мен қағидаларын белгілейді. Ірі бизнес субъектілеріне қолданылатын халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен (ХҚЕС) қатар, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұлттық қаржылық есеп стандарттар ы (ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) енгізілуі көрсетілген.