Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
КІРІСПЕ 2
1.ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 3
2. ҚР БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
3.ҚР "БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ" 28.02.2007 Ж № 234-111 ЗАҢЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 9
4.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
5.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ 27
6.ТИПТІК БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШОТТАРЫН ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІН ЕСЕП САЯСАТЫН ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНУ 35
7. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ БӨЛІМДЕРІНІҢ АШЫЛУЫ 42
8.ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ 55
8.1Қаржылық есептiлiк 55
8.2 Қаржы құралдары 57
8.3Дебиторлық борыштар 61
8.4 Қорлар 62
8.5 Негізгі құралдар 66
Кезеңі 71
8.6 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 72
8.7 Өндірістік шығындарды есептеу мен калькуляциялау жүйесі 72
8.8 Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары 73
9. КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ГЛОСАРИЙ 81
1. Сатудан түскен табыс |
20 650 |
2. Кезең соңындағы қорлар: 20 х 25 теңге = 500 |
|
3. Сатылған қорлардың өзіндік құны |
(17 420) |
4. Сатудан түскен жалпы табыс |
3 230 |
Қорлар өзіндік құнын есептеу тәсілдерін салыстыру
ФИФО |
Орташа өлшеу құны |
Ерекше сәйкестендіру | |
1.Сатудан түскен табыс |
20 650 |
20 650 |
20 650 |
2. Есепті кезең соңындағы қорлар |
8 620 |
7 416,90 |
8 400 |
3.Сатылған қорлардың өзіндік құны |
17 200 |
18 403,10 |
17 420 |
4. Сатудан түскен жалпы табыс |
3 450 |
2 246,90 |
3 230 |
Кәсіпорын есеп саясатында қорларды өзіндік құнынан төмен ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығару тәжірибесін қолданған кезде төмендегі мысалда олардың баланстағы құны 771860 шартты баға болады.:
Қорларды саны |
Қорлардың өзіндік құны |
Төмен ықтимал таза сату бағасы |
Сату кезіндегі шығындар |
Қорлардың жалпы бағасы |
800 |
7,00 |
7,60 (7,60-0.50=7,10) |
0,50 |
5600ш.б |
2200 |
7,50 |
7.80 (7,80-0,50=7,30) |
0,50 |
16060 ш.б |
4000 |
7,25 |
7,90 (7,90-0,90=7,00) |
0,90 |
28000 ш.б |
3000 |
7,40 |
8.20 (8,20-0,40=7,80) |
0,40 |
22200 ш.б |
|
|
771860 ш.б |
8.4 Негізгі құралдар
Есеп саясатының
әдістемелік жағына мына
Осылайша
белгіленген заңға сәйкес кез
келген заңды тұлға болып
1) жалпы баланстық құнды анықтау үшін пайдаланылатын өлшем базасын;
2) амортизацияны
есептеудің пайдаланылатын
3) пайдалы
пайдаланудың қолданылатын
ҰҚЕС-1 бойынша бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар барлық жинақталған амортизацияны есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.
ҰҚЕС-2 бойынша негізгі құралдардың объектісін келесі өлшеулі екі моделдің бірімен жүзеге асырады: :
1) Шығындарды күрделендіру моделі; немесе
2) Асыра бағаланған құнмен есептеу моделі бойынша.
Шығындар бойынша есептеу моделінде субъект негізгі құралдар объектісінің құнын жинақталған амортизацияның және құнсызданудан жинақталған залалдың бүкіл сомасын шегергендегі оның өзіндік құнымен ескеруге тиіс.
Асыра бағаланған құнмен есептеу моделін таңдаған субъект ХҚЕС (IAS) 16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» сәйкес ақпаратты есептеуді және ашуды жүзеге асырады.
ҰҚЕС-1 бойыншап айдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу үшін амортизацияны есептеудің турасызықты әдісі пайдаланылады, ол активтің пайдалы қолданылуының мерзімі ішінде тұрақты аударымдарға әкеледеді.
ҰҚЕС-2 бойынша субъект активтен түскен болашақ экономикалық пайданы субъектінің күтіліп отырған тұтыну сапасын көрсететін амортизация әдісін таңдауға тиіс. Рұқсат етілетін амортизация әдістері өзіне тікелей желілік әдісті, азайтылатын қалдық әдісін және өнім бірлігі әдісін (өндірістік) қамтиды.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есептілік стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны
есептеу әдісі субъектінің
Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.
Негізгі құралдардың
құны бойынша амортизацмяны
Бұл тәсілде аиортизациялық соманы аудару үшін:
- қызмет етудің пайдалы
мерзімі. Бұл кезде
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк авто көлігінің бастапқы құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизацияның бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.
осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың тенгеге тең болады (18 000 : 12).
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу
Мерзімі |
Бастапқы құны |
Амортизация ның жылдық сомасы |
Жинақтал ған тозу сомасы |
Қалдық құн |
Сатып алған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында 2-ші жылдың аяғында 3-ші жылдың аяғында 4-ші жылдың аяғында 5-ші жылдың аяғында |
100 000 100 000 100 000 100 000 100 000 |
18 000 18 000 18 000 18 000 18 000 |
18 000 36 000 54 000 72 000 90 000 |
82 000 64 000 46 000 28 000 10 000 |
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланады, яғни ол объектінің пайдаланылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.
(Бастапқы құн – жойылу құны) : орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері = (100 000 – 10 000): 900000 км = 0,10 теңге
Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100000 шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу
Мерзімі |
Бастапқы құн |
Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы |
Жинақталған жылдық аморти- зацияланған сомасы |
Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге) |
Сатып алған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында 2-ші жылдың аяғында 3-ші жылдың аяғында 4-ші жылдың аяғында 5-ші жылдың аяғында |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
40%х100000=40000
40%х60000=24000
40%х36000=14400
40%х21600=8640
2960 |
40000
64000
78400
87040
90000 |
3333
5333
6533
7253
7500 |
Бұл кестеде жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
ә) Азайып отвратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін – 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші жыл үшін – 3, төртінші жыл үшін – 2, бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизациялаушы құнға (90000 теңге) көбейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Төменде негізгі құралдардың тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) кумулятивтік әдіс
бойынша есептеу
Мерзімі (жылдары) |
Бастапқы құн |
Екі еселенген амортизацияның жылдық сомасы |
Жинақталған жылдық аморти- зацияланған сомасы |
Айға есептелген амортизацияның сомасы (теңге) |
Сатып алған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында 2-ші жылдың аяғында 3-ші жылдың аяғында 4-ші жылдың аяғында 5-ші жылдың аяғында |
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000 |
5/15х90000=30000
4/15х90000=24000
3/15х90000=18000
2/15х90000=12000
1/15х90000=6000 |
30000
54000
72000
84000
90000 |
2500
4500
6000
7000
7500 |