Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:26, лекция

Описание работы

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.

Содержание

1.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
1.2. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылыр және олардың ролі
1.3. Бухгалтерлік есеп пәні
1.4. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
1.5. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері

Работа содержит 1 файл

ЛЕКЦИЯ.docx

— 134.90 Кб (Скачать)

Өндірістік шығындарды есептеу  мен өнімнің өзіндік құнын  есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. 

Өндірістің технологиялық  және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын  калькуляциялаудың келесі негізгі  әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі. 

Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын  мына төменде аталған әдістерді  пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар,
  • тікелей шығындардың жалпы сомасы,
  • материалдық шығындардың сомасы,
  • сметалық мөлшерлеме,
  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы. 

Жаппай және сериялы  өндірісте аяқталмаған өндіріс  былайша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша,
  • тікелей шығындар бойынша,
  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бірғана түрін  өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс  нақты жұмсалған шығындар бойынша  есептелінеді.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Қазақстан Республикасының  заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын регистрлердің  мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия  болып есептелінеді.

6.11. Есеп  саясатын дайындау

Кәсіпорынның есеп саясаты  осы ұйымның құрылған уақытында  дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған  есеп саясатын кәсіпорынның басшысы  өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған  барлық пункттерінің мазмұны толық  ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан  Республикасының заңдарымен қатар  есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағыда басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме  берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына  енгізілген өзгертулер осы ұйымның  басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынандай жағдайларда жүргізілінуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес,
  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан,
  • жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағыда басқа.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның  есеп саясатының дайындалған кезінде  таңдалынып алынады. Бұл есеп саясаты  кәсіпорынның барлық структуралық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің  және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік  бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын таңдауына  құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар  бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылындағыға өзгерістер енгізілген болса) жазылады.


Информация о работе Бухгалтерлік есепақпараттық жүйе ретінде