Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

      «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС   мен   кәсіпкерлік   тәуекелдіктің банкроттылығын талдау 

      ҚР-сы жағдайында банкроттық механизмінің  нормативті –құқықтық базасы  ретінде әдебиеттер тізімінде  көрсетілген құжаттар пайдаланылады.

 ҚР-ның  «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі  ерікті немесе  еріксіз түрде  қабылданады.Банкроттық, борышкердің  сотқа жазған өтініші бойынша  ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы  жайында соттан тыс түрде хабарлауы  жолымен жасалады.Ал еріксіз түрде , кредиторлардың немесе «Банкроттық  жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың  өтініші негізінде жасалады.

 Банкроттық  нарық шаруашылығының бір категориясы  болып табылады.Ол соттың шешімі мен  немесе кредитордың келісімі бойынша  соттан тыс ресми түрде жарияланады.ҚР «Банкроттық туралы»07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кре-диторлар сұранысын,еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне  тиісті мүлік есебінен бюджет мен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.

     Банкроттық  мына себептерден пайда болады:

  1. экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының қаржылық,ақша және несие салық жүйелерінің жетілмегендігі;
  2. инфляцияның аса жоғары деңгейі;
  3. фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
  4. банкроттықтың уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
  5. жарнама,өтімділік жүйесінің болмауы,сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
  6. ақталмаған жоғары шығындар;
  7. өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
  8. үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
  9. ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы,сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі,инвестициялық,бағалық қар -жылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.

     Кәсіпорынның  жаппай банкроттыққа ұшырауы  жағымсыз әлеуметтік қиын-дықтарға  соқтыруы мүмкін,сондықтан нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  оларды  толық күйреуден қорғау  мен алдын алудың белгілі механизмі  қалып-тасқан. ҚР «Банкроттық жайында»  заңына сәйкес кәсіпорынның банкроттығы  туралы шешімі ерікті немесе  еріксіз түрде қабылданады.Банкроттық  борыш-кердің сотқа жазған өтініші  бойынша ерікті түрде немесе  оның өзінің банкрот-тығы жайында   соттан тыс түрде кредиторлармен  келісімге келе отырып,ресми түрде  хабарлауы жолымен жасалады.Ал  еріксіз түрде кредиторлардың  немесе «Банкроттық жайында»  заңымен өкілет берілген тұлғалардың  өтініші негізінде жасалады.   Банкроттық жайында кредитордың  өтінішпен сотқа баруына негіз  болып бо-рышкердің төлеу қабілеттілігінің  болмауы табылады.Егер борышкер  өзінің мін-деттемелерін 3 ай ішінде  орындай алмаса,оның төлем қабілеті  жоқ деп санала-ды.  Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады.Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150  айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады. Кәсіпорынның банкроттылығымен болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдаынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады.Болжау, қалыптасып жатқан тенденцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып , қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек. Қаржылық жағдайды болжау- перспективалық  талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз  етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа(2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек. 
 
 
 
 

                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ 

       Мен, Ақтөреева Ақшолпан Женісбайқызы, өзімнің өндірістік тәжірибемді Қазақстан Республикасы,040927, Алматы облысы,Қарасай ауданы,Қаскелен қаласы ,Крымская көшесі 7 үй орналасқан       «Темир Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жеміс-жидек және көкөніс консервілеу комбинатында өттім.Мен бухгалтерлік есеп , аудит, қаржылық талдау пәндерінен теория жүзінде білгенімді тәжірбе жүзінде көріп үйрендім.Тәжірибе барысында кіріс кассалық,шығыс кассалық ордерлерімен,кассалық кітапппен, аванстық есеппен, штаттық кестемен,  жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару бұйрықтарымен, шот – фактурамен, төлем тапсырмасымен, бухгалтерлік баланспен, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы, меншікті капиталдың өзгері туралы есептермен, кәсіпорынның салық органдарына және басқа да арнаулы органдарға есеп берулерімен және тағы басқа көптеген құжаттармен жұмыс істеп, олардың толтырылуын және «1С бухгалтерия»  бағдарламасында жұмыс істеуді үйрендім.

   Мен осы  аталған жұмыстар мен құжаттардың  негізінде өзімнің өндірістік  тәжірибе жөніндегі есебімді  жасадым.

     Менің өндірістік тәжірибеден  түйгенім, әр кәсіпорынның нарықта  орнын нығайтып,келешекте жақсы  табыстарға, жоғары жетістіктерге   жетуі ең алдымен, шаруашылық  құрылымының жақсы ұйымдастырылуы, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі  негізінде жүзеге асырылатынын  және бухгалтерлік жұмыстың үлкен  жауапкершілікті,тиянақтылықты және  шыдамдылықты қажет ететініндігі 
 
 
 
 
 
 

        Пайдаланған әдебиеттер:

I.Нормативті құқықтық актілер:  

1. ҚР Азаматтық кодексі (өзгерістер мен толықтырулармен бірге) 07.08.2007. №269                                                                                                                   2.ҚР-ң бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңы (28.02.07 №234)                                                                                                                    3.ҚР Банкроттық туралы заңы (21.01.97)-67                                                   4.Акционерлік қоғам туралы заң (31.01.2006 №124-3)

5. ҚР Салық кодексі

II.Оқулықтар және оқу әдістемелік нұсқасы:

1. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы               

2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.  
3. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж.  
4. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.  
5. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. . В.Л. Назарова.  Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.  
6. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б.Омалиева. Оқу құралы.– Карағанды: ҚарМУ баспасы,1998ж.  
7. Бухгалтерлік есеп принциптері: Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.  
8. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006                                                             9. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт.  Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.  
10. Бухгалтерлік есеп принциптері О.М. Жакупова. 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.  
11. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері Ә. бдіманапов. (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.                                                            12. «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары» ЦДБ Алматы 2009 ж.                                                                                                          13. Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы – Алматы: қазақ университеті, 2001ж – 279 бет. Баймұханов С.Б., Балапанова Ә.Ж.                            

14. Аудит және  бухгалтерлік есеп. Оқу құралы  – Алматы: қазақ университеті 2000 ж – 167 бет.                                                                  

15. Бухгалтерлік  есеп: Оқулық/ Жалпы редакциясын  басқарған э.ғ.д. профессор К.Ш.Дүйсембаев. Алматы: ИздатМаркет, 2005ж-312 бет, Баймұханова  С.Б.                                                                                         16. Қаржылық есеп: Баймұханова С.Б. – Алматы 2007 – 296 бет.                                    17. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Нұрсейітов Е.О. – Алматы, «Издательство LEM» ЖШС 2009 ж.                                                                    18. Аудит негіздері: Абленов Д.О. –Алматы: Экономика, 2005ж-400 бет.     19. «Кәсіпорын экономикасы». Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева. Экономика баспасы, Алматы, 2008                                                    20. «Бухгалетрлік есеп теориясы және тәжірибесі». Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров. Экономика баспасы. Алматы,2008                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлик есеп