Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)
 
 

                                  Бюджетпен есептеcу аудиті 

            Бюджетпен есеп айырысу аудитін  өткізгенде тексеруге жататын  жалпы  мәселелерге мыналар  болып табылады:

-   Салық салынатын негізді анықтаудың толықтылығы және дұрыстығы;

-Салық мөлшерлемесінің және басқа төлемдерді қолданудың, сондай-ақ төлемді есептегенде арифметикалық есептің дұрыстығы;

-Жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық төлеуде жеңілдіктерді қолдану;

-Салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды құрастырудың дұрыстығы мен өз уақтылығы;

-Бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалы есепбін жүргізу дұрыстығы;

-Талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы  және субьекті балансы жазбалармен сәйкестігі.

     «Қысқа  мерзімді міндеттемелер» бөлімінде  «Салықтар бойынша міндеттемелер»  атты жеке бап бар. Оның дұрыстығын  тексеру үшін мәліметтерді Бас  кітаптағы «Төлеуге жататын-корпоративтік  табыс салығы» 3110 шоты, «Қосылған  құн салығы» 3130, «Жеке табыс  салығы» 3120, « әлеуметтік салық» 3150, «Басқа да салықтар» 3190 шоттары обьектінің бюджетке төлейтін салықтары бойынша ағымдағы кредиторлық берешегі туралы ақпараттарды жинауға арналған.

 Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зерттеу негізінде  салық төлеу негізі мен салық  мөлшерлемесінің өзгеруінің салық  төлеуде  жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен  тексеруі тиіс.Корпоративтік салық  бойынша бюджетпен есеп айырысуды  және  кейінгі шегерілген корпоративті салықты тексергенде , қосылған құн  салығы, акциздерге, бағалы қағаздармен  операцияларға салық, арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылар салығы, ол жалпы мемлекеттік салықтар бойынша бюджетке  төленетін төлемнің дұрыстығы мен  уақыттылығын тексереді.

 Әсіресе, шаруашылық субьектінің салық төлемі дұрыстығын тексергенде мына сияқты жергілікті салықтарға ерекше назар аударылады: жер салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, және көлік құралдарына  салық.

                 

   Операция  мазмұны  Дт  Кт
 1  Бюджетпен есеп айырысу:
  • корпоративтік салық
  • кейінгі шегерілген корпоративті салық
  • қосылған құн салығы
  • жер салығы
  • жеке табыс салығы
  • әлеуметтік салық
  • мүлік салығы
 
 7710

 7710

 1420

 7110

 3350

 1620

 7110

 
 
 3110

 4310

 3130

 3160

 3120

 3150

 3180

 
 

        2.6. Еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті. 

        Жұмысшылар мен қызметкерлерге  еңбекақы төлеуді тексерудің  негізгі міндеті – еңбекақы  төлеуде нормативтік – құқықтық  актілердің сақталуын бақылау,  жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы  төлеуде бухгалтерлік есепті  жүргізудің дұрыстығын тексеру  болып табылады.

     Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотына орай аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы,жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу,нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР Еңбек кодексі, қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар,олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б басшылыққа алынады.

     Қызметкерлерге еңбекақы төлеуге байланысты есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы,бір уақыттағы Бас кітаптағы жазбалармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің (ведомосының) жиынтық сомасын (берілетін) кәсіпорын баласындағы көрсеткішпен салыстыру қажет.

       Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік ствака немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде –  жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды  қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

       Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі  бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды  адамдардың қойылған қолдары бар  жоқтығын, барлық деректемелердің толтыру  дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар жоғын  т.б. анықтайды. 

               Еңбек есебі және нормативтік реттеу

    Еңбек  және еңбекақы есебі – жұмысшылар  санының өзгеруі, жұмыс уақытының  шығындары, жұмысшылар категориясы,  өндірістік шығын сияқты мағлұматтар  түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік  деректерді талап ететін аса  маңызды да күрделі жұмыстардың  бірі болып табылады.

     Еңбек және оғын ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:

-еңбекақы қорын  және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;

-бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;

-шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;

-белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

-жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың,қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.

    Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі.

        «Қазақстан Республикасы  Еңбек туралы»  Заңының 7,8-бабына  сәйкес қызметкерлердің  мынадай құқысы  бар:

-қандай да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке тең еңбекақы алуға;

-қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;

-кепілдік және өтемақы алуға  және т.б

       Жұмыс берушінің құқықтары:

-қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;

  -қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т.б.

       Жұмыс берушінің міндеттері:

  -Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақтылы және толық төлеу;

-Еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;

-Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру;қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және т.б.

      Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:

-еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік бері және өтемақы төлеу;

-жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;

-еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;

-өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т.б. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 9-бабы)

        Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен  толық емес жұмыс уақытын қарастыратын  жеке еңбек келісімшартына отыруға  құқы бар.

       «Қазақстан Республикасы Еңбек  туралы» Заңының 13-бабына сәйкес  қызметкердің еңбек ететінін  растайтын құжаттарға мыналар  жатады: еңбек кітапшасы (қолда  болуы керек) немесе жеке еңбек  келісімшарты немесе жұмысқа  қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны  туралы бұйрықтың көшірмесі. 

       Қызметкерді денсаулығына байланысты  басқа жұмысқа уақытша ауыстыру    «Қазақстан Республикасы Еңбек  туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған  шарттары мен тәртіптері бойынша  жүзеге асырылады.

      Жеке еңбек келісімшарты мынадай  жағдайларда бұзылуы мүмкін:

-ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның) , жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 1-тармағы);

-қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы,2-тармағы);

-әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 30-бабы,1-тармағы).

        «Қазақстан Республикасы Еңбек  туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына  сәйкес жеке еңбек, ұжымдық  клісімшарттарында өтемақының мөлшері  және басқа негіздері белгіленеді.

         Қызметкер жұмыс берушіге өзінің  жұмыстанкететіні бір ай бұрын  жазбаша ескертіп, жеке еңбек  келісімшартын тоқтатуға құқылы.

     Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісімшарты ескертіліген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.

     Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісімшартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған. 

                     Еңбекақы формалары мен жүйелері

       Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі  жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді.Бұл оның осы  заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі  функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байлансты.

       «Қазақстан  Республикасы Еңбек туралы» Заңының 70-бабы бойынша жұмыс беруші заңға, жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық  келісімшартқа сәйкес қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті.

       Жұмысшылардың еңбегі мерзімдік еңбекақымен, кесімді  еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойнша төленеді. Төлем және (немесе) ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.

       Еңбекақының негізгі екі формасы бар:

-  мерзімді (негізі -  жұмыстың бір сағатына қойылатын тарифтік мөлшерлеме немесе қызметақы және жұмыс істеген уақыт);

-  кесімді (негізі – жұмыс көлемі және оның орындалған бірліктерін бағалау).

       Нарықтық  экономика жағдайында алынған табыс  немесе пайда проценттеріндегі түпкілікті нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлі емес формасы кең тарап отыр.

       Мерзімдік еңбекақы - тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген уақыт үшін төленеді. Мерзімдік ақы мынадай жағдайларда төленеді:

-  жұмысшы өнім шығарылымын арттыруға тікелей ықпал ете алмағанда;

-  кесімді бағалауды анықтауға қажетті өнімділіктің толық көрсеткіші болмағанда;

-  жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылып, жасалынған жұмыс уақытына нақты қатаң бақылау жүргізілгенде;

-  жұмысшыларды дұрыс тарифтендіргенде, яғни разряды бар жұмысшының орындаған жұмысы біліктілігіне сәйкес келгенде;

-  қызметкерлердің еңбекақысы үшін.

       Еңбекақының мерзімдік еңбекақы формасында екі  төлем жүйесі бар: мерзімдік-жай  және мерзімдік сыйлықақы.

       Мерзімдік-жай  ақы тарифтік мөлшерлемені немесе қызметкердің қызметақысын және жасалған жұмыс уақытының санын қолдану арқылы анықталады. Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептеудің 3 тәсілі пайдаланылады: сағаттық, бір күндік, бір айлық.

       Еңбекке мерзімдік сыйлықақы  жұмыс жасалынған уақытының еңбекақысына қоса жұмыстың нәтижесіне қарай шаруашылық етуші субъекті әзірлеген сыйлықақы жүйесіне сәйкес сыйлықақы төлеуді қарастырады.

       Кесімді ақы - өнімділігі есептеуге келетін қызметкерлерге беріледі. Еңбекақының кесімді ақы формасы мынадай жүйелерге бөлінеді: тікелей кесімді ақы, үдемелі кесімді ақы, кесімді сыйлықақы, жанама кесімді ақы, көтеріңкі кесімді ақы.

       Тікелей (жай) кесімді ақыда  жалақы көлемі тек шығарылған бұйымдардың санына және бұйым бірлігінің белгіленген бағалауына байланысты анықталады.

Информация о работе Бухгалтерлик есеп