Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике
Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.
Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалармен ережелер біліп және іс жүзінде дұрыс қолдана білу қажет.
18 қазанда
1993 ж ҚР-ның аудиторлық қызмет
туралы заңы алғаш рет
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудитерленетін субъектілермен оның тапсырысы берушілерінің құқықтарына міндеттеріне және жауап көрсеткіштеріне ерекше мән берілген.
Жаңа
заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың
аумақтық талаптарымен республикалық
палатасын құру және тексету комиссиясын
өткізу жөнінде комиссиясын
Материалдық емес активтердің аудиті.
Аудиторлар мен аудит
Егер қайсыбір тұлға аудитор өзіне зиян шектірді деп айыптап оған қарсы сот процесін бастайтын болса, ол міндетті түрде мысалы аудиторға жаза тарқызатын әрекеттерді мысалы келісімшартының бұзылуын болғанын алдау және т.б. әрекеттерге барғанын дәлелдеуі керек.
Аудиторлар клиент алдында да және оныңқызмет нәтижелерінің негізінде 3-ші ретінде белгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектінің алдын ала жауапты.
Сондай-ақ аудиторлар өз жұмыстарының нәтижесіне сүйенетін нақты әрі клиент инвесторларының алдында да жауап береді.
Тексерулерді сапасыз жүргізілгеннен клиент зиян шеккен болса, аудиторға келісім шартта жауапкершілік жүктеледі.
Кәсіби аудитор өзінің қоғам клиент және әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінеді. Аудитор қаржылық есептемелердің және басқа да құжаттардың заң талапына сәйкес тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті.
Аудитор
кондиданттарына қажетті
Аудиторлар мен аудит ұйымдарының мынадай құқықтары бар:
Материалдық емес активтердің
амортизациясын есептеу.
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық
емес активтердің амортизациясын есептеу
6 – «Негізігі құрал-жабдықтар
есебі» БЕС-нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары)
белгіленген тәсілдер жолымен анықталады,
бірақ қолднылатын тәсіл
Амортизациялаантын құн – «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
-Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.
Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер:
нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);
мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;
сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.
Аудитор метериалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескерген жөн:
а) жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;
ә) бұл объектіерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
б) басқа
кәсірорындардан және тұлғалардан
өтеусіз алу күйіндегі
Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі ҰҚЕС №2 немесе ХҚЕС №16 стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік құқығын, шаруашылық және оперативтік басқару жүйесін анықтайды.Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік
емес негізгі құрал-жабдықтар –
тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар
ұжымның мәдени-тұрмыстық
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
- жер – ұйым меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объект болып саналады;
- үйлер– халыққа еңбек етуге, тұруға,әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
- ғимараттар– енбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
- өткізгіш тетіктер - электр, жылу немесе механикилық энергияны өткізуқондырғылары;
- машинамен жабдықтар– күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттары, аспаптары, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
- күш беретін машиналар мен жабдықтар– жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналарытүрлі энергияны механикалық энергияға яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары;
- жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық;
- өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияда пайдаланылатын приборлармен аппаратуралар;
- есептеу техникасы– процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар;
- басқадай машиналар мен жабдықтар– машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық;
көлік құралдары– адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
- құрал-сайман– қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдары, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
- өндірістік мүлік және соған жататындар- өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар;еңбңкті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауа арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттар да мүліктік объекті бола алады;
- шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары. Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік объект бола алады;
- жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе, және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
- көп жылыдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алғанады;
- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар;
- басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал - жабдықтардың бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.