Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

       Үдемелі кесімді ақы  белгіленген нормадан тыс өндірген өнімі үшін кесімділікті – жұмысшыларды (рабочих-сдельчиков) көтермелеуде қарастырылады. Нормадан тыс жасалған өнім үшін жұмысшыға тікелей кесімді бағалау бойынша еңбекақысын есептейді, ал нормадан тыс – үдемелі өсетін баға бойынша, бірақ 2 мәрте кесімді бағалаудан аспауы керек.

       Кесімді сыйлықақыда жұмысшының кесімді еңбекақы сомасына қоса қол жеткізген сандық және сапалықкөрсеткіштеріне сыйлықақы есептеледі (нормалы міндеттер немесе өнімділік нормасын, өнімнің сапасын жақсартуды орындау және артығымен орындау; шикізатты, отынды, энергия материалдарын үнемдеу; жабдық жұмысшыларының технологиялық тәртібін сақтау).

       Еңбекке жанама кесімді ақы  жүйесінде жабдықта және жұмыс орында қызмет ететін көмекші және басқа жұмысшыларға негізгі жұмысшылар өндіретін өнімесебінен жанама кесімді бағалау бойынша еңбекақы есептеледі.

       Көтеріңкі ақы жүйесінде  атқарылатын жұмыстың көлемі бұрын белгіленеді. Еңбек белгіленген мерзімде орындалуына қарай бағаланады. Еңбекақының жалпы сомасы, жұмыстың аяқталған мерзімі және сыйлықақы көлемі (көтермелеу міндетінің мерзімін кеміту үшін) көрсетіліп, орындалатын жұмысқа наряд жазылады. Көбінесе көтермелеу еңбекақы жүйесі құрылыс жұмыстарында қолданылады.

       Міндеттерді орындағаны үшін үстеме ақы - кәсіпорынның алға қойған түпкі мақсатқа бағытталған баланстық бағдарлама үшін белгіленеді. Бұл үстеме ақы бір аптаға белгіленген міндеттер орындалған жағдайда ғана базалық еңбекақаының 50% көлемінде төленеді. Міндеттер орындалмаса немесе міндеттер болмаған жағдайда бұл үстеме ақы берілмейді.

       Біліктілік  үшін үстеме ақы  осы аптадағы қол жеткізген үлкен жетістік үшін жеке белгіленеді. Бұл үстеме ақы істелген жұмыстың қиындығына (күрделігіне), белгіленген міндеттің қарқындылығына (интенсивность), жеке біліктілікке, ұлғайтылған жұмыс көлеміне, кәсібін қоса атқаруға (совмещение профессий) тікелей байланысты. 

         Есептеу және еңбекақы  төлеу есебі

       Еңбекақы  негізгі және қосымша болып бөлінеді:

 Негізгі еңбекақы – бұл қызметкерлерге (персоналдарға) нақты жұмыс істеген уақыты, орындаған жұмысының  немесе өндірген өнімінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы.

       Негізгі еңбекақы құрамына мыналар кіреді:

-  жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме, қызметақы, кесімді бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетін еңбекақы;

-  еңбек сіңірген жылдары үшін үстеме ақы;

-  жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы (материалдардың сәйкессіздігі, аспаптар мен жабдықтардың бейімсіздігі, жұмыспен өтеудің қиындықтары ;

-  үдемелі бағалау бойынша кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы;

-  кәсіпорын жүйесіндегі ұдайы қолданыс тәртібімен бектіліген ақшалай және заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер (үстемақы);

-  мезгілден тыс жұмыс үшін қосымша ақы;

-  түңгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

  -  жұмысшының кінәсінен болмайтын жұмыссыз бос тұрып қалған уақытқа төлемақы.

       Мерзімдік еңбекақыда жұмыс істеуші тұлғаға бір айдағы барлық жұмыс күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы тағайындалады; егер жұмыс күндерін толық істемессе, оған еңбекақы нақты істеген уақыты бойынша төленеді.

       Егер  мезгілдік еңбекақыдағы жұмысшы  техникалық процеске қатыспаса немесе жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегі кесімді еңбекақыдағы жұмысшылардың  тарифтік мөлшерлемесі бойынша (бұйрыққа сәйкес) төленуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     3. Қаржылық талдау 

                   3.1  Ұйымның экономикалық талдауы

       Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану тиімділігін талдау

 Кәсіпорынның  негізгі қоры дегеніміз қоғамдық еңбекпен құралған материалды –заттай  ресурстардың жиынтығы. Барлық негізгі  қорлар өздерінің өндіріске қатысуына  қарай олар 2 түрге бөлінеді:

-Өндірістік негізгі қорлар

-Өндірістік емес негізгі қорлар

       Өндірістік  негізгі қорлар-деп өндірісте  қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарына пайдаланылатын негізгі қорларды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі  станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары.

 Негізгі қоралардың құрамына шаруашылық субъектісінің  қоймаларындағы дайын бұйымдар болып  саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін  монтаждауды қажет ететін жабдақтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға  берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының  өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас  малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.

    Өндірістік процестерге тікелей қатысумен байланысты  өндірістің негізгі қорлары: активті және пассивті болып бөлінеді. Өнеркәсіптегі  өндірістің негізгі қорларының басты массасы активті бөлігінде орналасқан. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы маманданудың ерекшеліктеріне тәуелді.    Негізгі қорлардың құрылымы өнеркәсіптің бөлімдерінде әр түрлі болуы мүмкін. 

 Материалдық  ресурстарды пайдалану  тиімділігін талдау 

 Материалдарға тән бухгалтерлік есепақпараттары материалдарды арнаулы   жерлерде   жақсы   сақтау   шараларына   байланысты   мәселелерді қамтамасыз етуге арналуы керек. Осы салаға байланысты бухгалтерлік есептің негізгі міндеттеріне:

-материалды ресурстардың белгілі бір орындарда және өңдеудің барлық стадияларында сақталуын тексеру;

-материалды  ресурстар қозғалысына байланысты барлық 
операцияларды дер кезінде және дұрыс құжаттап отыру;

-материалдарды даярлауға байланысты шығындардың дұрыс жұмсалуын бақылап, мұндай шығындарды жеке есепке алу;

-баланс   баптарына  және   сақталу   орындары   бойынша   материалдар калдығын есептеп, бұлардың нақтылы өзіндік құнын есептеп шығару;

-түгендеу    барысында   кем    шыққан    немесе    жұмсалынбай   қалған материалдарды үнемі бақылап, есепке алып отыру;

-материалдар   қоюшылармен   дер   кезінде   есеп   айырысу,   жолдағы материалдар қозғалысын, фактурленбеген материалдарды бақылау.

 Материалды  ресурстардың орынды сақталуын бақылау  мен қамтамасыз ету үшін қойма, өлшеу шаруашылықтарының атқаратын қызметі дұрыс ұйымдастырылуы керек. Мұндай міндетті шараларды тұрақты жағдайда жүргізу үшін, әрбір ұйымдардағы жекелеген қоймаларға нөмірлер беріліп, әрбір нөмір қоймаларда жүргізілетін кіріс-шығыс операциялары бойынша бастапқы кұжаттарға жазылып отырады.

 Егер  бір ұйымда бірнеше қоймалар қызмет атқаратын болса, онда әр қоймаға материалдың белгілі топтары орналасуы керек. Қойма ішінде сақталынатын материалдар арнаулы секцияларға бөлініп, бұларды сорты мен аталуына қарай сәкілерге, сөрелерге салынып сақталынады. Қойма шаруашылығын өз мәнінде, арнайы талапқа сай ұйымдастырған жағдайда материалдарды тез қабылдап алу және босату, бұлардың қолда барын тексеріп отыру жеңілденеді. Осы мақсаттарға қарай сақталуда тұрған материалдардың жекелген түрлеріне, бұлардың қысқаша сипатын көрсететін жазба қағаздар (ярлық) тіркеп қойылуы керек. Әрбір қойма қажетті өлшеу таразылармен, аспаптарымен, өлшеу сыйымдылықтарымен қамтамасыз етілгені жөн.

 Ұйым  басшысы материалды ресурстарды  қабылдаушы және босатушы материалды жауапты қойма меңгерушісін (қойма меңгерушісі, материалдар жіберуші, кілт ұстаушы) тағайындауы керек. Мұндай жауапты адамдар материалдар қозғалысы жөніндегі операцияларды дер кезінде және дұрыс рәсімдеп, өз жауапкершілігіне берілген материалдардың сақталуын толық қамтамасыз етуге тікелей жауапты болады.

 Өндірістік  процесте материалдар әр түлі жағдайларға  байланысты жұмсалынады. Бұлардың кейбірі өндірістік процеске толығымен (шикізаттар, материалдар) жұмсалады, кейбірі өзінің бастапқы түрін (майлау материалдары, бояулар) өзгертіп, кейбірі өзінің сыртқы түрін өзгертпеген қалпында, (босалқы бөлшектер) толығымен жасалынатын бұйымдар құрамына енгізіледі, кейбірі тек қана бұйымдардың жасалуына әсер етіп, бұйымдар массасына немесе технологиялық құрамға (саймандар) енгізілмейді. 

                                  Еңбек өнімділігін талдау 

 Экономикада өнімділікті жоғарлату басқару  процесіне және өнімді немесе еңбекті  өзгерту процестеріне кірісудің  нәтижесі болып табылады. Төменде  аталған жағдайлардың жеке біреуі орын алса, онда өнімділік өседі.

  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды;
  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
  3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ шығындардың өсу қарқыны өнімнің өсу қарқынынан төмен болады.
  4. Өнім көлемі өзгермейді, шыығндар төмендейді;
  5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады.

       Кейбір  салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс  жағдайлармен байланысты болады. Бұған  мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны. Басқа салаларда  шығындардың айырмашылығы дүниеге  әкелетін жағдайлар – жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық  формаларды құру, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған  жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының  сапасы мен мамандану дәрежесі. Өндіріс  шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрінің басым болуына  байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш.Бүгінгі заманда салалар  масштаьында шығындардың динамикасын  екі қарама-қарсы тенденциялардың  сайысы белгілейді.Біріншісі, өндіріс  шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторларға:

-Тұтынудың өсуі осы себепті өндірістің жекеленуін көздеу;

-Шығарылымдардың ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруы, алмастырудың қажеттігі;

-шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама шығындары.

       Екіншісі, жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды  үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда ілгері дамыған  елдерде көп өнімдер бойынша  өндіріс дәрежесінің дамығаны соншама, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып табылады. Бұл жағдайларда  өндірісті сапа жағынан жетілдіру  мақсатты болып табылады. Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындардың шығындарының өзгерістері, автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты. Автоматтандыру тұрақты шығындардың және инвестициялардың өсуіне және өзгермелі шығындардың төмендеуіне әкеліп соғады. Өндіріс шығындары құрылымындағы осындай өзгерістер өндіріс қуаттарын толық пайдалануға ынталандырады. Еңбек  өнімділігін  арттыру  үшін  жұмыс  уақытын  үнемдейтін  факторларға  назар  аударылады. 

 1)  жұмыс  уақытын  ұтымды  пайдалану; 

  1. жұмыста  кездесетін  тиімсіз  үзілістерді  азайту. 

       Еңбек өнімділігін  арттыру  мақсатында  кәсіпорындарда  жұмыс  күшінің  бәсеке  қабілеттілігін,  сапасын  жоғарылату  қажеттілігі  мына  факторлармен  анықталады: 

    • өндірістік  ресурс  ретінде  персонал  құнының  өсуі;
    • еңбекті  тиімді  қолдануды  және  ұйымдастыруды  жаңа  әдістерді  талап  ететін  бәсекелестер  тарапынын  қысым;
    • өндірісті  басқаруда  және  ұйымдастыруда  жаңа  әдістерді  талап  ететін  технологиялық  өзгерістер;
    • өз  жұмысшыларының  потенциалының  өсіміне  кәсіпорын  басшыларының  әлеуметтік  жауапкершілігі;
    • автоматтандырылған  жүйелердің  енгізілуі  және  оларды  басқаратын  жұмысшылардың  квалификациялық  деңгейінің  сәйкестілікті  талап  ету;
    • жұмысшылардың  интеллектуалдық  дайындығын  арттырудың  қажеттілігі.
 
 

   « Темир Строй Сервис И Ко»  ЖШС-ң  өнімнің  өзіндік құны динамикасын және шығындарды төмендету бойынша жоспарды  орындауды талдау 

         Өнімді қайта өңдеу және өнім  өндірісі, материалдық өндірістің  басқа да салалары сияқты өндіріс  шығындарының қалыптасуына әкелетін  заттар мен еңбек құралдарын, сондай – ақ жанды еңбекті  өндірістік тұтыну процесін көрсетеді.Өндіріс  шығындары – бұл өнім (жұмыс  немесе қызмет көрсету) өндірісіне  жұмсалатын жиынтық шығындар. Өндіріс  құралдарын сатып алуға және  еңбекті төлеуге жұмсалатын өндірістік  шығындар. Толық шығындар өзіне  мөлшерлі өндіріс көлеміне байланысты  өзгеретін немесе өзгермейтін  тұрақты және өзгермелі шығындарды  кіріктіреді. Өндіріс шығындарын  анықтау үшін өнімнің ( жұмыс,  қызмет) өзіндік құны категориясы  қолданылады.

Информация о работе Бухгалтерлик есеп