Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

 Талданып  отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын қорытындылап талқылаймыз. Есепті жылдағы  кәсіпорынның шаруашылық қаражаттарын жалпы саласындағы ұзақ мерзімді активтердің 65,5% үлесімен мүліктің құрылымы сипатталады, 2007 жылмен салыстырғанда 2,7% өскен.

 Ұйымның құрылымдық негізгі қаражатында  қарыз қаражаттардың жоғары үлесі  байқалады, олардың үлесі 55,4% құрады. Меншікті капиталдың үлесі 2007 ж. 47,8%, 2008 ж. 44,6% құрады.

 Ұйым  өтімділігі ағымдағы активтер оның міндеттерін  толық жаппауымен сипатталады. Бірақ  та төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігін куәландырылатын болып кәсіпорынның ақша қаражатының оның міндеттеріне арақатынасы табылады. Абсолютті  өтімділік коэффициенті 0,013-тен 0,008-ге дейін төмендеді. Ұйым өзінің қарыздарын төлеуде қабілеттіліктерінің жоқ  екені байқалады. Бұл дәлелдер 2007 жыл бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығында ауытқулар болғанын дәлелдейді.

 Өткен жылмен салыстырғанда негізгі қызметтен  түскен түсім және сату көрсеткіштері  өсті.Мәліметтерді қорытындылап талдағанда, бұл кәсіпорынның балансы өтімсіз  және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеу беталысы пайда болды. Бұл  қауіпті жағдай, бірақ кәсіпорынның іскерлік белсенділігін құтқарады. Келешекте кәсіпорынның банкроттық ықтималдылық мәліметтерін зерттеуін  қиындатылған жағдайда жүргізу тиімсіз  емес.

 Ағымдағы  өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және мерзімді міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін айналым қаражаттарымен қамсыздандырылғандығын сипаттайды. Ол кәсіпорынның айналым  активтерінің нақты құнының банктің  қысқа мерзімді несиелері, қысқа  мерзімді қарыздар және несиелік қарыздар түріндегі кәсіпорынның айтарлықтай  мерзімді міндеттемелеріне қатынасы ретінде  анықталады.

 Меншікті  қаржылармен қамсыздандырылу коэффициенті кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығы  үшін қажет меншікті айналым қаражаттарының бар болуын сипаттайды. Ол капитал, резервтер мен айналымнан тыс  активтердің нақты құнының, айналым  активтерінің нақты құнының қатынасымен  анықталады.

   Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру  коэффициенті келесі формуламен  есептеледі:

 Кв = (Ктлк + У/Т(Ктлк-Ктлн))/2                                                           

 Мұндағы: Ктлк - ағымдағы өтімділік коэффициентінің  есепті 2009 ж. мәні.

 Ктлн  – ағымдағы өтімділік коэффициентінің  есепті 2008 ж. мәні.

 Т –  есепті кезеңнің ұзақтылығы ,ай.

 У –  төлем қабілеттілікті қалпына келтіру  кезеңі.

 Кв = ((0,9 + 6/12(0,9 - 1,44))/2 = 0,315                                                    

 «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС кәсіпорнында төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті 2009 ж. 0,315 құрады, ол 1-ге тең болатын критикалық деңгейден төмен. Қалпына келтіру коэффициенті 1-ден төмен болса, кәсіпорындарды төлемқабілетсіз, ал баланс құрылымын – қағаттанарлықсыз деп мойындау туралы шешім әлі қабылданбайды, бірақ кәсіпорын банкроттық туралы іс бойынша аймақтық басқармада ерекше есепке тіркеледі. Бірақ, кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп мойындау үшін жоғарыда қарастырылған критерийлер жеткілікті. 

      «Темир Строй Сервис И Ко»  ЖШС  нің    қаржылық    тұрақтылығын талдау 

     Ұйымның  қаржылық тұрақтылығын тереңірек  бағалау қатысты шамалар болып  табылатын қаржылық тұрақтылық  коэффициенттері көмегімен жүргізіледі.  Қажетті қорытынды мәліметтер  және қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін  есептеу  кестеде келтірілген.

 Кестеде қолданылған қысқартылған сөздер тізімі:

 ЗС  – тартылған қаражаттар;

 СК  – меншікті капитал;

 ТА  – ағымдағы активтер;

 ДА  – ұзақмерзімді активтер;

 СС  – меншік айналым қаражаттары;

 ТМЗ – тауарлы материалдық запастар;

 ОС  – негізгі құралдар;

 ДО  – ұзақмерзімді міндеттемелер;

 КЗ  – кредиторлық қарыз;

 О –  міндеттемелер.

 Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын, оның қаржылық қарыздық көздерге тәуелсіздігінің  сипаттамаларының маңыздыларының бірі болып баланстық жалпы қорытындысындағы қаражат көздерінің үлесіне тең  автономия коэффициенті табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС қаржылық тұрақтылық коэффициенттері 

 Көрсеткіштер  Формуласы  Орташа шектеу  2008 ж.  2009 ж.  2010 ж.
 1. Автономия   коэффициенті   Ка = ЗС/СК  Kа>=0,5  0,70  1,48  1,06
 2. Меншікті және қарыз қаражатттарының  қатынасының коэффициенті   Кзс = СК/ЗС  Кзс<=1  1,43  0,67  0,94
 3. Мобильді және иммобилденген  активтер қатынасының коэффиценті  Кс = ТА/ДА  -  1,74  1,88  1,08
 4. Меншікті капиталдың маневрлік  коэффициенті  Км = СС/СК  Км=0,5  0,38  0,14  0,01
 5. Запастардың  меншікті қаржыландыру  көздерімен қамтамасыз етілу  коэффициенті   СС/ТМЗ  Ко>=0,6-0,8  0,55  0,2  0,01
 6.Өндіріске  бағытталған  мүлік коэффициенті  ОС/А  Кп.им>=0,5  0,29  0,25  0,41
 7. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарды  тарту коэффициенті   ДО/(ДО + СК)  -  -  -  -
 8. Қысқа мерзімді қарыз коэффициенті  КЗ/О  -  0,63  0,27  0,4
 

             «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС кәсіпорыны үшін бұл көрсеткіш 2009 ж. 0,7 тең және 2010 ж. нормалық шегі 0,5 болғанда, 1,06 – дейін азайды. Сәйкесінше, кәсіпорын кредиторға айтарлықтай тәуелді, ал бұл коэффициенттің өсуі оң деп бағалауға болмайтын кәсіпорынның тәуелділігінің арту қарқынын білдіреді.

 Автономия коэффициенті кәсіпорын міндеттемесінің  көлемінің меншікті қаражаттар көлеміне қатынасына тең қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициентін толықтырады. «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорын 2009 ж. бұл көрсеткішті 1,43 тең болған еді, 2010 ж. нормалық шектеу 1 болғанда 0,94 дейін азайды. Осы көрсеткіштің мәні бірден көп болмаса да, оның тұрақты төмендеу тенденциясы байқалуда. Ол кәсіпорынның кредиторға тәуелдігінің қауіпті артуына әкелуі мүмкін.

 Ұйымның қаржылық тұрақтылығы сақталған  кезде, қарыз қаражаттары мен  меншікті қаражаттардың қатынасының  коэффициенті кәсіпорынның мобильді қаражаттарының құнының имобильденген активтер құнына қатынасының мәнінен жоғары болуы тиіс. 2009 ж.  «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорында бұл коэффициент 1,74 құрады, ол оңтайлы мән болып табылады, ал 2010 ж. 1,08 дейін төмендеді, осы кезде меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасының коэффициенті 0,94 дейін төмендеді. Сәйкесінше, 2009 ж. бұл коэффициент мәні төмендеді, ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының азайғанын білдіреді.Ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығының негізгі сипаттамасы – кәсіпорынның айналым қаражаттарының меншікті қаражат көзінің жалпы мөлшеріне қатынасына тең болатын моневрлік коэффициенті болып табылады. Ол осы қаражаттармен салыстырмалы еркін моневрлеуге мүмкіндік беретін, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі мобильді нысанда екендігін көрсетеді. Бірақ, көрсеткіштің тәжірибеде тұрақтанған қандай да бір тұрақты мәндері жоқ. Кейде, арнайы әдебиетерде коэффициенттің оңтайлы өлшемі ретінде 0,5 ұсынылады. «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорында бұл коэффициент 2009 жылы 0,38 тең болды және 2010 ж. 0,01-ге дейін төмндеді.

 Осыған  сәйкес кәсіпорынның запастарды қалыптастыру және шығындар көздерінің қаражаттарымен қамсыздандырылуының қаржылық жағдайын бағалайтын абсолютті көрсеткіштердің  маңыздылығын анықтайтын рөлге сәйкес қаржылық жағдайдың тұрақтылығының басты қатысты көрсеткіштері  болып меншікті айналым қаражаттарының көлемінің кәсіпорын запастары  мен шығындарының құнына қатынасына тең меншікті қаражаттармен қамсыздандыру  көрсеткіштері табылады. «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорыны үшін бұл коэффициент нормалық мәні 0,6–0,8 болғанда, 2009 ж. 0,55 тең болды, ал 2010 ж. 0,01-ге дейін төмендейді, яғни нормаға сай емес. 
 
 
 
 

   «Темир Строй Сервис и Ко»  ЖШС-ң  табыстылығын талдау 

            Нарықтық жағдайларды табыстың  ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз  білетіндей, жоспарлы-директивті экономика  жағдайларында оның ролі төмендетілген  болатын. Табыс табу кез-келген  кәсіпорынның мақсатты функциясы  ретінде төмендетілді. Нарықтық  экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның  қозғаушы күшіне айналды. Тек  табыс қана өзара байланысқан  үш мәселенің шешімін анықтайды:  нені, қалай және кім үшін өндіру  керек? Табыс табу кез-келген  кәсіпорынның қызмет етуінің  мақсаты болып қалыптасты, ал  нарықтық экономика кәсіпорынның  негізгі өндірістік және әлеуметтік  дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі  шығындардың толық ақталуын және  кәсіпорынның өндірістік-техникалық  базасының кеңеюіне негізделеді.  Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды  және күрделі шығындарын өзінің  меншікті қаражат көздерінен  жабатындығын білдіреді. Уақытша  қаржы тапшылығы кезінде оларға  деген қажеттілік, егер бұл ағымды  шығындар болса, олар банктердің  қысқа мерзімді несиелерімен  және коммерциялық несиелермен,  сонымен қатар, капитал салымдары  бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен  жабылуы мүмкін.  Біріншіден, табыс  кәсіпорын қызметінің тиімділігін  білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның  табыстылығы деген деректің өзі  оның қызметінің тиімділігінің  айғағы болып табылады. Алайда, бұл  көрсеткіш кәсіпорын иелері мен  кредиторлары үшін нақты бір  қолайлы жағдайдың дәлелі бола  ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға  кез-келген бір табыс қажет  емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың  (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің,  кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық  мөлшері қажет. Табыс мөлшері  көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның  өзіне байланысты болса, кейбіреулері  кәсіпорынның қолынан келмейтін  шаралар болып табылады.Екіншіден,  табыс ынталандырушы функция  қызмет атқарады. Кәсіпорындардың  қорытынды қаржылық-экономикалық  нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық  шаруашылық өмірде шешуші роль  атқарады. Табыс «кәсіпорындардың  басты мақсаты» деген дәрежеге  ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық  субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің  алғы шарты болып табылады, ал  бұл әрекеттердің игіліктерге  ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен  қатар ұлттық экономикада қалыптасқан  оны үлестіру тәртіптеріне (соның  ішінде салық салу жүйесіне  де) байланысты.

 Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында  акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын  табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына  сәйкес дивидендтік және инвестициялық  саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

 Нарықтық  экономикада табыс - өндірістік активтердің  және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады. 

 Жалпы активтердің (өндіріске  салынған

 капиталдың) табыстылық деңгейі

   Көрсеткіштер  Өткен жыл  Есепті  жыл  Ауытқуы (+,–)
 1  2  3  4  5
 1

 Таза  табыс

 6 450  6 688  +1 498
 2  Жалпы активтер (салынған капитал)  40 512  38 258  +6 742
 3  Жалпы активтердің  табыстылығы, %  23,51  16,54  +1,03
 

 Кестеден  байқағанымыздай, аталған кәсіпорында  жалпы активтердің табыстылық деңгейі  өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке  артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл  көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды  болып келеді.

 Арнайы  оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға  және оларды есептеуге қатысты екі  түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды  сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.Бұл  екі фактордың талданып отырған  көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен  жылғы табыс және есепті жылғы  жалпы активтер бойынша активтердің  қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254·100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы  табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің  ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл  фактордың талданып отырған көрсеткішке  кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге  өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі  фактордың жиынтық әсері өткен  жылғы мәнімен салыстырғанда  жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).

Информация о работе Бухгалтерлик есеп