Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)
 
 
 

                                    2.4. Қаражаттар аудиті. 

                                Кассалық операциялар аудиті 

 Каасада сақталатын ақша 1010 «кассадағы ақша қаражаты»  шотында ескеріледі және осы шоттың дебитінде кассаға түсетін ақша кредитінде алынатын аұща жазылады. Бұл  шот бойынша жазбалар кірістік және шығытсық кассалық ордерлер негізінде  жасалады. Касса мен кассалық операциялардың аудиті үш бағыт бойынша өтеді:

  - Қолма-қол ақшаны түгендеу.

  - Ақшаны түгел және уақытылы кіріске алуды тексету.

  -Ақшаны шығыстарғы есептен шығарудың дұрыстығын тексету.

 Кассаны түгендеу аудитордың тексету орнына келгенде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мына құжаттардың  бар жоғын анықтап алуы тиіс:

 -Кәсіпорцында басшының, кассадағы ақшаның бар жоғын тексеруді, жүйені жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы.

 -Сол комиссияның тексеру актілерін, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан жауапкершілі туралы шарты және кассирдің кассалық операларды жүргізу ережелерімен танысу қолхаты.  

        Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері.

 Тексерудәі  тұрақты жұмывс істейтін комиссияның  мүшерелерінің қатысуы мен және олардың құрамына кәсіпорынның кассирі  мен бас бухгалтері міндетті түрде  кіруі тиіс. Тексеру кезінде кассада  бөгде кісілер болмауы керек  және кассадан тыс операциялар доғарылады.

 Кассаны тексеру мүмкіндігі болмағанда немесе кәсіпорында бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр  аудиторда қалады.

 Кассир  түгендеу комиисиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар  жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап  бойынша ақша қалдығын шығарады. Бар  лық кірістік және шығыстық құжаттар есебіне кіргізілгені, касаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есетпен шықпаған ақшалай қаражат  жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөліміне кіреді.

   Жасаған касса есебіне бас  бухгалтер қол қояды және тиісті  шоттар мен бухгалтерлік регистрде  ақша қозғалысы туралы операцияларды  көрсету үшін бхгалтерияға береді. Осынан кейін кассадағы бар  ақшаны жекелеген түрде немесе  банктік орауда тұрғанына қарамастан  түгел қайта санау жүргізіледі.  Мұндай міндеті процедура кассада  сақаталатын ақшалай құндылықтар  мен басқада құндылықтар бойынша  жүргізіледі. Ақша мен құндылықтар  екі мәрте саналады. Алдымен кассир, сонан соң комиссияның бір  мүшесі санайды. Аудитор бұл  процедураның дұрыс өтуіне бақылау  жасауы тиіс.

 Тиісті  тәртіппен рәсімделмеген кассалық шығыс ордерлерімен, ведомстері сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы  құжаттар ретінде есепке алынбайды  және кассадағы бар құндылыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор  кассаны тексету актісінде ақша кімнің үкімімен, қашан,  қандай мақсаттарға  және қандай соммада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.

 Ақша  мен құндылықтарды санау аяқталғаннан соң кассалық есепте жазылып қойылған қалдық жайы мәліметтермен салыстырылады. Сондай-ақ аудитор бір мерзімде касса  бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, технологияны нығайту мен күзет, өрт дабылы құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар  түгендеу актісінде көрсетіледі.

 Бұл акт 3 данада жасалады:

-1 данасы бухгалтерияға

-2-сі кассирде

-3-сі аудиторда сақталады.

 Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден  жазбаша түсініктеме алады және кәсіпорын басшысына хабарлап, кассирді қызметініен босатып және істі тексеру  орнына беруді ұсынады. Ақшаның кем  шығуы мыналарға байланысты:

-Бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ұрлауы.

-Кассир не болмаса бақа лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүрмеленіп басқа заңсыз операцияларға пайдалануы.

-Уақытша заңсыз қарызға ала тұру.

 Тексеруде кассалық операциялар есептік құдаттаманың мынадай формалары қолданылады:

-Кірістік ордер

-Шығыстық кассалық ордер

-Кірістік жіне шығыстық құжататрды тексеру журналы

-Кассалық кітіп

-Есептік регистр

-Бас кітап  

              Есеп айырысу,валюталың шоттағы қаражаттар аудиті 

   Ақшалай қаражат аудитінде банктік  операцияларын тексеруге көп  назар аударуды талап етеді.  Қолданылып жүрген заңнамаларға  сәйкес кәсіпорындар өзінің ақшалай  қаражатын қызмет көрсететін  банк мекемелерінде сақтауға  міндетті. Банк мекемелері мен  есеп айырысу ағымдағы «есептік»,  корреспонденттік, жинақ шоттарында  ақша сақтауға, оларды өтеу мен  және қайта рәсімдеумен, шоттарда  жақылыс жазулар жөніндегі талап-  тілекпен байланысты туындайды.  Кәсіпорындар арасындағы банк  мекемелері арқылы есеп айырысулар  есептесудің қолма-қол ақшасыз  түрі бойынша атқарылады. Банк  көшірмелерін тексеру банк құжаттарының  мәнділігі бойынша зерттеп, білумен  үйлесуі тиіс және аудитор  мыналарды анықтауы керек:

  • Заңсыз банктік операциялар жасалады ма;
  • Тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтардың уақыттылығы;
  • Қолма- қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс көрсетілген бе және олар заңды қолданылады ма және т.с.с сәйкестіктерді анықтауы тиіс.

 Ағымдағы  шоттағы операциялардың аудитінде  келесі жағдайларға назар аудару керек:

  • Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі;
  • Соманың банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі;
  • Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөрінің бар болуы;
  • Жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама- қарсы тексеру өткізгені жөн;
  • Банкке тапсырылғанн қолма- қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттық кәсіпорынның ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы;
  • Ашалай қаражатты төлем тапсырмаларымен байланысты почта бөлімшесі арқылы аударудың дәйектілігі, сондай- ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген почталық мекен- жайының анықтығы;

 Бухгалтерлік  өткізбе желілердің банктік операциялар  бойынша дұрыстығын, бұл операциялар  бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл болу кере 
 
 

        2.5.Міндеттемелер аудиті 

                      Қысқа мерзімді несие аудиті

      Міндеттеме – жеке кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын  алдында тұрған міндетті, оны реттеу  экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Олар қысқа және ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктердің  қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер және кредиторлық берешек жатады. Банктердің және басқадай қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.  Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты  есептеу операциялары 3010, 3020, 3030, 3040, 3050 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы  өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.

   Алынған қарыздар сомасы 1060 «Өзге  ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты», 1040 «Карт-шоттардағы  ақша қаражаты», 3320 «Еншілес ұйымдарға  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3310 «Жеткізушілермен және мердігерлерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек»  және т.б. шоттарымен корреспонденцияда  көрсетіледі.Өтелген кредиттер сомасына 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз» (ақшалай қаражаттың есебі бойынша  шоттармен корреспонденцияда «Банктердің  қысқа  мерзімді қарыздары»  аралық шоты) тиісті  шоттары   дебеттеледі.  Қысқа мерзімді  қарыздардың аналитикалық  есебініңі  несиесін  берген банк түрлері  және жеке кредиторлар  бойынша  жүргізіледі.

               а) қарыз пайыздарын төлеу мен  оларды   кезең шығыстарына  жатқызудың дұрыстығы; 

               ә) 3010 «Қысқа мерзімді банктік  қарыз» және 3020 «уәкілетті органның  және (немесе)  Ұлттық банктік  лицензиясыз банктік операцияларды  жүзеге асыратын  ұйымдардан алынатын  қысқа мерзімді қарыздар» шоттары  бойынша синтетикалық  және  аналитикалық  есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік  баланста жүргізудің дұрыстығы; 

               б) баланста «Қысқа мерзімді  міндеттемелер» бөлімшесінде «Ұзақ  мерзімді қарыздардың ағымдағы  бөлігі» бабы келтіріледі;

               в) қарыздарды өтеу мерзімі  осы бап бойынша соманың негізділігін  анықтау қажет;

               г) овердрафт, сенімді клиентке  оның шотындағы қалдықтан тыс  берілетін қысқа мерзімді қарыз  түрін білдіреді, сондай-ақ жеке  есептелінетін, мерзімінде төленбеген  банк қарыздары.

          3020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің лицензиясыз   банктік операцияларды жүзеге  асыратын ұйымдардан алынатын  қысқа  мерзімді қарыздар»   шотына аналитикалық есеп, қарыз  берушілер мен қарызды өтеу  мерзімдері бойынша жүргізіледі. 

          Банктен тыс мекемелерден алынған  қысқа мерзімді қарыздар көбінесе  вексельмен коммерциялық кредит  және берешек міндеттемелерге  «серіктестік» кредит түрінде болады.

         Қалдықтардың жыл басы мен соңындағы «Басқадай қысқа мерзімді кредиторлық берешек» баланстық бабы бойынша анық сенімділігін анықтауға баса назар аударған жөн. Сонымен бірге оларды Бас кітапта көрсетілген 3350 « Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», 3380 «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», 3370 «ұзақ мерзімді кредиторлық  берешектің ағымдағы бөлігі», 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттары бойынша жиынтық қалдықтармен, сондай-ақ 9 журнал- ордердің 3350, 3360, 3370, 3380 шот кредиттері бойынша  мәліметтермен салыстыру қажет          

   Жеткізушілер және  мердігерлермен есеп  айырысу аудитінің  бағдарламасы 

 Аудит процедуралары  Ақпарат көздері
                            1                                  2
 1. Тауарлы-материалдық қорларды алуға  арналған құжаттарды ресімдеудің  дұрыстығы мен бар екендігін  тексеру  Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен  т.с.с.
 2. Тауарлы-материалдық қорлардың саны  мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды  ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін  және уақтылығын тексеру  Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы  түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі  және т.б.) жабтықтаушыға,  темір-жолға  немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.
 3. Алынған құндылықтарды кіріске  алудың немесе орындалған жұмыс  пен көрсетілген қызмет есебінің  толықтылығы мен уақтылығын тексеру   Қабылдау  актілер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кіріс ордерлері, қойма есебі  карточкалары, материалдар есебі  тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б.
 4. Жеткізушілер мен мердігерлерге  берешектің анық сенімділігін, шынайылығын  және заңдылығын тексеру  Шарттар (сатып  алу, бірлескен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, төлем тапсымалары, 6 журнал –ордер, Бас-кітап, баланс және т.б.
 5.Вексельдерді  пайдаланып, жабтықтаушыларымен ҚҚС  алып тастап, жабдықтаушылар және  мердігерлермен есеп айырысудың  дұрыстығын тексеру  Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5,6 журнал-ордерлер, салықтық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық  жөніндегі декларация, Бас кітап  және т.б.
 6.Шот   корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын  тексеру, аналитикалық есеп мәліметтерінің  синтетикалық есеп мәліметтеріне  сәйкестігі  Шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар

Информация о работе Бухгалтерлик есеп