Бухгалтерлик есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике

Описание работы

Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.

Работа содержит 1 файл

отчет Шопик)))).docx

— 237.87 Кб (Скачать)

 Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі  факторларға келесілер жатады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

 Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара  байланыс келесі түрде беріледі: жалпы  активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген өнімнің табыстылығы × активтер айналымдылығы. Шынында да:

 

        

 Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған  таза табысы өнімді өткізу табыстылығынан және кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

 Өндірістік  активтерге салынған капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған  факторлардың тигізетін әсерін талдау үшін келесідей кесте құрамыз.

 Жалпы капиталдың табыстылық деңгейіндегі ауытқулар

 
   Көрсеткіштер  Өткен жыл  Есепті  жыл  Ауытқу  (+,–)  соның ішінде коэффи-циенттердің өзгеруінен
 Сату  табыс-тылығы  Активтердің айналымды-лығы
 1  2  3  4  5  6  7
 1  Таза табыс, мың теңге  5 040  6 538  +1 498    
 2  Өткізуден түскен табыс, мың теңге  24 392  23 179  –1 213    
 3  Жалпы активтердің  орташа жылдық құны, мың теңге  30 512  37 254  +6 742    
 4  Активтеррдің  табыстылық деңгейі (1 / 3)·100, %  16,52  17,55  +1,03  +4,74  –3,71
 5  Өткізілген  өнімнің табыстылығы (1 / 2), %  20,66  28,21  +7,55    
 6  Активтердің айналымды-лық коэффициенті (2 / 3)  0,80  0,62  –0,18    
 
 

 Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп  ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш  ретінде активтердің табыстылық деңгейін аламыз: 

 Та = 20,66 · 0,62 = 12,81%.

 Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген  өткен және есепті жылдағы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін  пайдалана отырып, бірінші қатарлы  факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз. Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:

  1. өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі: 17,55 – 1281 = +4,74;
  2. жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі: 12,81 – 16,52 = – 3,71.

 Сонымен, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп  отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне  әкеліп соқтырдыКәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – өндірістік қорлардың (негізгі құралдардың) табыстылығы болып келеді. Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса, өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады

 Өндірістік  құралдардың табыстылық деңгейінің

 өгеруіне  әсер етуші көрсеткіштер 

   Көрсеткіштер   Өткен жыл  Есепті  жыл  Ауытқуы, (+,-)
 1  2  3  4  5
 1

 Таза  табыс, мың теңге

 5 040  6 538  +1 498
 2  Өткізуден алған  табыс, мың теңге  24 392  23 179  – 1 213
 3  Негізгі құралдардың  орташа жылдық құны, мың теңге  49 826  55 789  +5 963
 4  Айналым активтерінің орташа жылдық құны, мың теңге  15 244  14 385  –859
 5  Өндірістік  активтердің орташа жылдық құны, мың  теңге (3 + 4)  65 070  70 174  +5 104
 6  Өнімнің қор  сыйымдылық коэффициенті (3 / 2)  2,0427  2,4069  +0,3642
 7  Айналым активтерін бекіту коэффициенті (4 / 2)  0,6251  0,6206  –0,0045
 8  Өткізілген  өнімнің табыстылық коэффициенті (1 / 2)  0,2066  0,2821  +0,0755
 9  Өндірістік  активтердің табыстылығы   (1 / 3)·100%  7,75  9,32  –1,57
 

 өндірістік  қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.

 Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден  алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың  құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.Табыс құрылымында  ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.Кәсіпорында өнімді өткізуден  түскен табыс жоспарланған тауар  өндірісінен және бұйымдардың (дайын  өнімдер, сатып алушының жауапты  сақталуындағы тауарлар) өтпеген  бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен  шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден  түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық  қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.Бюджет барысын әдістемелік қамтамасыз ету кәсіпорынның саясатын, ұйымдық  құрылымын, жауапкершілік пен билікті  бөлу секілді жағдайларды қажет  етеді. Бұлар бюджеттік бағдарламаларды  құру үшін қажетті ережелер мен нұсқаулықтардың  жиынтығы ретінде қолданылады. Нұсқаулықтарда не істеу керек, қашан және қалай  істеу керек деген мәселелер  нақты жауабын табуы тиіс. Табысты  арттырудың тағы да бір маңызды факторы  – өндірілетін өнімнің ассортименті мен номенклатурасын жаңарту, яғни нарыққа жаңа тауарлар енгізу болып  табылады.Нарықтық экономика жағдайларында  табыс – өндірістік қорларды, сондай-ақ өндірілетін өнімді жаңаландыруды  ынталандырушы күші болып табылады. Бұл заңдылық «тауардың өмірлік  циклы» концепциясына сай келеді. Баршаға мәлім, кез-келген тауар  өзінің өмірлік циклының кезеңдерін бастан кешіреді: тауарды жобалауды, игеруді, өндіріске енгізуді, өндіруді және нарыққа шығаруды. Нәтижесінде  нарық осы тауарға әбден толады. Сонда тауар моральдық тұрғыдан ескіреді немесе бәсекелестік күреске  жарамай қалады, сондықтан табыстылықтың  төмендеуінің салдарынан оның өндірісі қысқартылуы немесе мүлдем тоқтатылуы тиіс.

    

        «Темир Строй Сервис И Ко»  ЖШС-ң  қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау 

 Іскерлік  белсенділік коэффициенті кәсіпорын  өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын  талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, бұл топқа әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады.

 Айналыс көрсеткіштерінің компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызы зор, себебі, қаражаттар айналымының жылдамдығы  яғни, олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне  үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тең жағдайларда қаражаттар айналымының жылдамдығының артуы  кәсіпорынның өндірістік-техникалық потенциялының  жоғарылауын көрсетеді.

 Іскерлік  белсенділіктің негізгі көрсеткіштерін есептеу 8 кестеде көрсетілген.

 Капитал айналымдылығы коэффициенті өнімді өткізуден түскен түсімнің баланс пассивінің барлық қортындысына қатынасы – фирманың барлық бар қаражат көздерін, олардың  сипатына тәуелсіз тиімді пайдалануды  сипаттайды, яғни пайда түрінде сәйкес әсер әкелетін өндіріс пен айналымның толық циклы жылына қанша рет  жүргізілетінін, немесе өткізілген өнімнің  қанша ақша бірлігі пассивтің  әрбір ақша бірлігін әкелетіндігін  көрсетеді. 

   «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС іскерлік белсенділік коэффициенттері 

 Көрсеткіштер  2008 жыл  2009 жыл  2010 жыл
   Капиталдың жалпы айналымдылық  коэффициенті  0,938  0,789  0,961
   Мобильді қаржылық айналымдылық  коэффициенті  1,476  12,074  1,847
   Материалды айналым  қаражаттарының  айналымдылық коэффициенті  6,666  6,228  8,058
 Дебиторлық  қарыздың айналымының коэффициенті  4,990  2,457  6,278
 Дебиторлық  қарыздың айналымының орташа мерзімді, күн  73  149  58
 Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті  3,587  4,863  4,624
 Кредиторлық қарыздың айналымдылығының орташа  мерзімі, күн  102  75  79
 Негізгі құралдардың және басқа да айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы  3,354  3,129  2,369
 Меншікті  капиталдың айналымдылық коэффициенті  1,598  1,955  1,985
 

        «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорнында 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,938, ал 2009 жылы 0,961-ге дейін өсті. Бұл коэффициент өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты өзгеріп отырады. «Темир Строй Сервис и Ко» ЖШС кәсіпорнында ол өндітістік кезеңнің аз мерзімділігіне байланысты айтарлықтай жоғары емес. Осы көрсеткіштің өсуі капитал айналымдылығының тездетілуін көрсететін және кәсіпорын пайдасын арттыратын нәтиже ретіндегі оң фактор.

 Дебиторлық  және кредиторлық қарыздың айналымдылығын есептеу нәтижелері «Темир Строй Сервис И Ко» ЖШС талдау кезеңі ішінде сатып алушымен есеп айырысудың айтарлықтай оң жағдай болған. Сонымен, есептеулерден көрініп тұрғандай, 2008 жылы сатып алушылар әрбір 73-ші күні шоттарын төледі, ал 2010 жылы көрсеткіш 58 күнге дейін азайды. Кредиторлық қарызды төлеу мерзімі 2009 ж. 102 күнге тең болған, ал 2010 ж. 79 күнге дейін төмендеді және дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімінен асып түсті. Бұдан, кәсіпорын айналымында кредиторлық және дебиторлық қарыздың айналым күндері санының айырмашылығына тең мөлшерде бос қаражаттар бар және кәсіпорындарға  дебиторлық қарызды жабу үшін қосымша қаражаттар тарту талап етілмейтіндігі шығады.

 Мобильді  қаражаттар айналымының коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильді қаражаттарының (материалдық және материалдық емес) айналымының жылдамдығы көрсетеді. 2009 жылы бұл коэффициент 1,476 құраған  және талдау кезеңі ішінде 2010 жылда 1,847 дейін өсті. Бұл коэффициенттің өсуі оң фактор деп бағалауға болатын  мобильді қаражаттардың айналымдылығының жылдамдатуын көрсетеді.

 Сондай-ақ, коэффициенттің талдау кезеңінде запастар мен шығындар айналымының санын  көрсететін, материалды айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициентінің мәні өсті. 2009 жылы бұл коэффициент 6,666 құраған  және 2010 ж. 8,058 дейін көбейді. Материалды айналым қаражаттарының айналымдылығыны  өсуі өндірістік запастардың салыстырмалы азаюын көрсетеді.

 Активтерді  басқару. Басшы ағымдағы және тіркелген  активтердің ең соңғы тиімді деңгейін қолдайды, кәсіпорынның балансында активтердің  түрлері мен құрамының арақатынасын анықтайды. Ағымдағы активтер – бұл  материалды-өндірістік қорлар кіретін  нарықта бірінші кезекте өткізуге мүмкін болатын қолма-қол өткізілетін  бағалы қағаздар. Тіркелген активтер – бұл жер, құрал-жабдықтар, транспорттық құралдар, ұзақ мерзімді арендалық  қаражаттар.Пассивтерді басқару. Қысқа  және ұзақ мерзімді қаржылық ресурстардың арақатынасының тиімділігі арқылы көптеген қаржы ресурстарының тиімділігі анықталады. Қаржы ресурстарының  тиімділігі бірнеше факторларға  байланысты: экономикалық коньюктура, мемлекеттің қаржы саясаты және тағы басқа. Ұйымның айналым қорларында ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің айырмашылықтары бар. Ұзақ мерзімді қорлар – лизинг және ұзақ мерзімді несиелер. Сонымен, болашақ қаржылық нәтижелер мен қаражаттардың  қажетті сомаларын дұрыс есептеуде  қаржылық жоспарлаудың есептері, шығыстары  мен кірістерін анықтауда көп  жағы ұқсас келеді.Жоғарыда айтылғандарды  көріп тұрғандай, кәсіпорынның қаржыларын жоспарлау – ұйымның тұрақты  жағдайын қамтамасыз етуде қызметтің  маңызды бөлігі. Қаржылық жоспарлау  кәсіпорынның барлық өндірістік –  шаруашылық қызметтерін өзіне қоса алғанда барлық жоспарлау жүйесінің  ең соңғы пункті болып табылады. 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлик есеп