Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике
Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.
Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.
Толық түгендеу – жылына бәр рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.
Ішінара түгендеу – тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
Объектілерді түгендеу жұмыстары
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оны бар-жоқтығы және заттай көлемі тексеріледі,сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтайтау, құрылс монтаж жұмыстарының құрамында – жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек, тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, онң көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді, сақтандыру куәлігін қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» ресімдейді.
Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай несие берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды.
Тексеруге жататындар:
-есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу;
-кредиттерді алу және өтеу бойынша банкпен есеп айырысу;
-сатып алушылар және тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу
-Еңбекақы бойынша субъектінің қызметкереге берешегі;
-Алдағы кезең шығндары;
-Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
Инвестицияны түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынд растайтын құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы, уақыттылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.
Материалдық емес активтерді
түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі
уақтылы көрініс табуы, субъектінің оны
пайдалану құқын растайтын құжаттардың
(патент, лицензия, тауарлық таңба т.б.)
құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі.
Қателерді түзету
Түгендеумен қатар қаржылық
«Таза табыс немесе кезеңдегі
залал, елеулі қателер және
есептік саясаттағы өзгерістер»
Қаржылық есеп беруді жасау
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеідегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:
-Ішкі;
-Сыртқы.
Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді:
-Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар:
-Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар
-Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
-Субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар:
-Салық органдары;
-Реттеуші органдар;
-Статистикалық органдар;
Басқа
топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар
топтары)
Есеп беру түсінігі.
Қаржылық есеп беру дегеніміз-
кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржылық жағдайлары, қызметтерінің
нәтижелері мен қаржылық
Қаржылық есеп беру
Бухгалтерлік баланс -қаржылық есеп берудің ең басты нысандарының бірі болып табылады. Ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді қамтамасыз етеді. Баланстық қорытынды немесе бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық жағдайының бейнесі тұрғысында қаралуы мүмкін. Қорытында есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мәні қте жоғары. Осы құжат арқылы ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі анық және бұрмаланбаған көрсеткіштер жинақталып, мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандырады.
Баланстың
атқаратын міндеттерінің бірі –
есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржылық
жағдайы жөніндегі өзгерістерді
сипаттау болғандықтан, баланс екі
бағаналы кестеден- жылдың басындағы
және аяғындағы көрсеткіштерді ажыратып
тұрады.
Активтер | Пассивтер |
Қысқа мерзімді активтер | Қысқа мерзімді міндеттемелер |
Ұзақ мерзімді активтер | Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
Капитал |
Есеп жүргізудің әлемдік
Пайда мен залал туралы қорытында есеп.
Қорытынды есептің бұл түрі қалыпты жағдайда шаруашылық қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша құндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін пайда мен залалдар жөніндегі қорытында есеп қысқа үлгіде жасалынады.Пайда мен залалдар жөніндегі қорытынды есеп сату (есептеу) қағидасына сай жасалады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымның өтеушілік қабілетінің мәліметтері қорытынды есептің бұл түрінде көрсетілмейді. Пайда мен залалдар сомасының өзгерісі «капитал» немесе бөлінбеген таза пайда есебіне арналған бухгалтерлік есеп шоттарын өзгеріске түсіреді.Қазақстан Республикасының Қаржы Министірінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің ұсынған анықтамасы бойынша ұйымның табасы негізгі қызметтер атқарудың нәтижесінде пайда болу делінген. Негізгі қызметтен түскен табыстар- есептелінген ҚҚС , акциздер және осыған ұқсаса салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, қайтарылған дайын өнімдер, тауарлар, сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейін дайын өнімдерді сатып алушыларға сатқаннан түскен табыстар сомасынан құралады. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түскен табыстар - айналым сыртындағы активтерді басқаларға сатудан, биржа айналысына түскен құнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.
Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.
4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған
«Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы
өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді,
бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық,
инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі
тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі
мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз
етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп субъекттің есепті жылдың
ішіндегі қаржылық есебінің құрамында
беріледі. Ақша қаражаттарының қозғалысы
операциондық, қаржылық, инвестициялық
қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың
мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды
тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін
ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялық
қызметтен түсетін ақша қаражаттырының
қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура
әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында
ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің
негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не
жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл
әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары
мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып
көрсетіледі.
Ұйымның жалпы ақша ағыны | ||
Инвестициялық қызметтен түскен ақша ағыны | Операциялық қызметтен түскен ақша ағыны | Қаржылық қызметтен түскен ақша ағыны |
Қаржылық қорытынды есеп жасау жөніндегі әдіснамалық ұсыныста- операциялық қызметтен түскен ұйымның өз ақшасының ағыны құқылы тұлғалардың инвестициялық және қаржылық қызметіне жатпайтын, табыс алуға және басқа әрекеттерге байланысты қызметі деп түсіндіріледі.
Инвестициялық қызмет- біздер ұйымдардың ұзақ мерзімді активтер алу мен сату, сатылатын, өтелетін займдарды алу мен беру жөніндегі қызметін айтамыз.
Қаржылық
қызмет – біздер ұйымдардың меншікті
капитал мөлшері мен құрамындағы және
қарызға алынған қаражаттар өрісіндегі
болған өзгерістердің нәтижесін айтамыз.