Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:32, отчет по практике
Мен Ақтөреева Ақшолпан Жеңісбай қызы өндірістік тәжірибемді «Темір Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында наурыздың 28 мен маусымның 4 аралығында өттім.Құрылыс компаниясы қоғамында өндірістік тәжірибемді өту себептерімнің бірі – қоғамдағы бухгалтерлік бөлімнің және маманданған бухгалтерлердің болуы, сонымен қатар тәжірибені өтуге керекті ақпараттың жеткілікті болып табылуы.
Түгендеу нәтижелері түгендеу
жүзеге асырылған айдың
ЖШС тауарлы-материалдық қорлармен материал жөнінде бухгалтерлер айналысады. Материал жөнінде 2 бухгалтер бар. Қоғамда тмқ-ны 3 түрлі жолмен қабылдайды:
ҚОСЫМША
1.5 .
Еңбек төлемі мен есебі.
Еңбекақының нысандары мен жүйелері.
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 2-ге бөлінеді:
-Мерзімді еңбекақы
-Кесімді еңбекақы
Мерзімді еңбекақы дегеніміз – істеген жұмыстың уақытша белгіленген тарифтік ставка бойынша есептелініп отырады. Мерзімді еңбекақының 2 жүйесі бар:
-Жай мерзімді- жұмысшылармен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
-Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімнің көлеміне, санына, сапасына, және т.б көрсеткіштің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы дегеніміз – өндірілген өнімнің немесе атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты есептелінеді. Оның 5 жүйесі бар:
1.Тікелей кесімді – бір жұмысшының немесе 1 бригаданың өндірген өнімінің істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген бағасымен есептелінеді.
2.Кесімді сыйлықты – өндірілген өнімнің және атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша төленетін еңбекақы.
3.Үдемелі кесімді – өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемді өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді.
4.Акорттық – ұйымда жұмысшы мен қызметкерге еңбекақы төлеу жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындалған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын-ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын-ала жұмыстың сапасы анықталуы тиіс.
5.Жанама кесімді жүйе – бойынша қосымша еңбекақы шаруашылық негізгі жұмысшылар мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмышысына төленеді.
Еңбек ақының түрлері. Еңбек ақының түрлері. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы негізгі және қосымшадеп 2-ге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің ақылы жұмыста ісеген қызметін төленеді. Негізгі еңбекақы мынадай түрге бөлінеді:
-Мерзімді және кесімді еңбекақы
-Үстеме сыйлықтар
-Сыйлықтар мен сыйақылар
Қосымша еңбек ақы – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген , жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген уақытына төленетін төлемдер жатады. Мұндай төлемдер қатарына:
Қосымша
жалақыны құжатпен рәсімдеу
және есептеу
Қазақстан
Республикасының
еңбек заңдарына
сәйкес жұмысшылар мен
қызметкерлердің
мынадай жұмыспен
өтелмеген уақыттары
төленеді:
1. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді
орындау уақыты;
2. Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын
төлеу;
3. Нәрестені тамақтандыруға арналған
қосымша үзілістерді төлеу;
4. Кезекті және оқу демалыстарының уақытын
төлеу;
5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жердемақысы.
Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа жалақы
бойынша төленеді. ҚР Еңбек және әлеуметтік
қорғау министрлігінің 05.09.97 ж. №3 және
ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340
бұйрықтарымен бекітілген «Ұйымдардың
қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеудің
тәртібі» туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың
қызметкерлеріне орташа жалақы есептеу
үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік
ай есепті кезең болып табылады (1 жылдан
кем уақыт жасаған қызметкерлер үшін орташа
жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін
белгіленеді).
Орташа жалақыны анықтау
үшін:
1.Күндік орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін
және мереке күндерін қоспағанда);
2.Орташа сағаттық жалақы пайдаланылады;
Күндік орташа жалақы, еңбеккке ақы төлеу
мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа
барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген
жалақы сомасын жұмыс күндерінң сомасына
бөлу жолымен анықталады.
Нақты жұмысшының орташа жалақысының
мөлшері күндік орташа жалақыны төленуге
тиіс күндер сомасына көбейту жолымен
анықталады.
Күндік орташа жалақы есепті кезеңде есептелген
жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының
балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс
сағаттарына бөлу жолымен есептеледі.
Нақты қызметкердің орташа жалақысынң
мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге
тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына
көбейтілу жолымен анықталады. Егер: 1.Қызметкердің
орташа жалақысы төленсе немесе сақталса
(ҚР заңына сәйкес);
2.Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
бойынша жәрдемақы алса (жүктілігі мен
босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық)
және басқадай болса орташа жалақыны есептеуге
арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай
- ақ төленген сомалар алынып тасталынады.
Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен
басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша
орташа жалақыны есептеген кезде қосады,
жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті
кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде
ескеріледі.
1.Мемелекеттік және қоғамдық міндеттемелерді
орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық
немесе орташа күндік міндеттемелерді
орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының
немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.
2.Жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары.
5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас
аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне
7 сағат 12 минуттан аспауы керек (16-дан
18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен
16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:
а) кесімді ақы алушы жасөспірімдерге
кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы
бойынша;
б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге
тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.
3.Нәрестені тамақтандыдуға арналған
үзіліс. Мұның өзі медицина мекемесі емізетін
аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар
әйелдерге берген анықтамамен рәсімделеді.
Демалыс пен тамақтануға берілетін жалпы
үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені
тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша
үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа
жалақы бойынша төленеді.
4.Демалыс уақытын төлеу. Еңбек заңдарына
сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында
жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет
демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы
сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен
кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын
шаруашылық субъектісі белгілейді және
кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен
немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді
де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі
мен ұзақтығы көрсетіледі. Демалысты төлеуге
және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы
төлеуге арналған күндік орташа жалақысы
демалысқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік
айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97
ж. №17/9340 Нұсқаулық).
Егер бір жылдан кем жұмыс істесе, онда
демалысқа кетер алдындағы күнтізбелік
айлардың жалақысына орай анықталады.
Күндікорташа жалақы есепті кезеңдегі
жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы
балансындағы жұмыс күндерінің айлық
орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп
шығарылады. (1997 жылы – 25,0; 1998 жылы – 25,67).
5.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда,
отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім
жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби
ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық
куәлік (еңбеккке жармсыздақ қағазы) жәрдемақы
тағайындауға негіз болады. Жалақының
100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде,
кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан
астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге,
сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген
(18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан
көп балалары бар қызметкерлерге беріледі:
80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажы
5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса
беріледі. Оратша жалақыны есептеген кезде
мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің
26.03.97ж. №419 қаулысы):
• пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
• материалдық көмек түріндегі ақшалай
жәрдемақы;
• тәулік ақының орнына жалақыға қосылатын
қосымшалар мен үстемелер;
• арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің,
арнайы тамақтың құны;
• біржолғы көтермелеу төлемдері;
• бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
• оқушылардың, студеттер мен аспиранттардың
степендиялары;
• қызметкерге келтірілген залалды, оның
жұмысқа байланысты ертігуі немесе өзге
жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.
Түнгі уақытта істеген
немесе атқарған жұмыстары
үшін төленетін төлем
Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөл-шерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% (пайызы) мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді:
Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ занда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.
Мерзімді
еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық
жұмыс күніндс түнде істеген
әрбір сағатына сағаттық тарифтың 7/6
бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде
түнде істеген әрбір сағатына сағаттық
тарифтың 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде
қосымша еңбекақы төленеді.
Жұмысшылар
мен қызметкерлерге
демалыс және мейрам
күндерінде істелген
жұмыстарына, атқарған
қызметтеріне еңбекақы
төлеу
ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 (екі) есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 (екі) есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі
Жалақылардан ұстап
қалулар мен төлемдер
Жалақыдан
ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда
жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде
барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері
жалақының 50% - нен аса алмайды.
Қызметкердің жалақысынан
бухгалтерия ұсталымдарының
мынадай түрлерін ұстап
қалады:
• Табыс салығын;
• Орындаушы қағаздар бойынша;
• Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар
мен міндеттемелер бойынша;
• Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру
шарттары бойынша;
• Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың
немесе тәуелсіз кәсіподақтардың федерация
кеңесінде тіркелген болса, 1% - тік кәсіподақ
жарнасы;
• Жалақы есебінен берілген авансты өтеу;
• Жеке тұрын – үй құрылысына берілген
несиені өтеу есебінен;
• Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша
шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын
үй үшін пәтер ақы төлеу;
• Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
• Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
• Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
• Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде
балаларды ұстау үшін.
Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер
туаралы» ҚР Президентінің Жарлығына
сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде)
жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы
айырма ретінде есептелген кіріс салық
салу объектісі болып табылады.29- бапқа
сәйкес табыс салығын есптеу салық жыл
ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі.
Соған байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта
есептеу коэффициенті өндіріледі. Мұның
өзі 12 саныны салық салынатын кірістің
сомасы анықталатын айлар санына қатынасы
болып табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан =
6 (12/2), наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық
жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан
кететін болса, олалған нақты табысқа
орай табыс салығын қайта есептеу керек.
Қажет болған жағдайда кірістің есептік
сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының
сомасын қайтару қажет.
Халықтың соттың шешіміне, нотариалды
органдардың атқарушы жазуларына, өтем
алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына
сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша
ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты
сипаттағы барлық қалған төлемдерден,
соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша
жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі.
Келіп тұскен атқарушы қағаздар арнайы
тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер
есепті айдағы негізгі және қосымшадан
табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған
сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған
балаларды күтуге арналған алимент бір
бала үшін жалақының 25% мөлшерінде, екі
бала үшін – жалақының 33% - ті, үш және одан
да көп балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген
төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде ұсталған
алиметтер сомасы алушыға төленуге немесе
өтем алушының шотына аударылуы керек.
Борышкер кәсіпорыннан кететін болса,
шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы
атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер
туралы белгі қойып, оны мөрмен растайды,
егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны
немесе тұратын жерін көрсетеді.
Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап
қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы,
міндеттемесі негізінде жұргізіледі.
Есептеудің екіәдісі
бар:
1 -
әдіс. Субъект банктен (немес өз құжаттары
есебінен) қарыз алады және саудаласушы
кәсіпорынмен толықтай есеп айырысады
да, тауарды өз қызметкеріне сатып алып
береді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің
жалақысынан ай сайын белгілі бір сома
ұстап отырады. Мұның өзі қызметкердің
шаруашылық субъектісі алдындағы берешегін
кемітуге жатады.
2 - әдіс. Сауда жасаушы ұйымның жазбаша
тапсырма – міндеттемесінің негізінде
(таураларды қызметкерлер сатып алғанда)
қызметкердің жалақысынан ай сайын белгілі
бір сома ұсталады және сауда жасаушы
ұйымның шотына аударылады.
Материалдықзалалды (кемшілік, ұрлық
– қорлық) өтеубойыншаұстапқалукөшірмелер
Кәсіподақ жарналарынұстапқалу 1 айғаесептелгенжалақыныңбарлықс
Қызметкерлерменесепайырысудырә
Есепайырысужәнеесепайырысу - төлемведомостеріеңбекақыбойынш
Қызметкерлерменесепайырысудың 4 түрі
бар:
1. Т – 49нысынындағыесепайырысу –
төлемведомосібойынша, мұндажалақыданұсталатындардыңб
2. Т – 50 нысаындағыесепайырысуведомосіб
3. Т – 2нысанындағы «Жалақыменесепайырысу»
қағаздарыбойынша, мұндабірқызметкергеесептеу
мен ұстапқалуларжүргізіледі. Жалақынытөлеутөлемведомосібойы
4. Жылдыңесепайырысуведомостері, кітапболыптүптелгенсалымқағазд