Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12

2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22

3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59

Работа содержит 1 файл

Диляра.doc

— 598.50 Кб (Скачать)

 

           5010 «Артықшылықты акциялар»

           5020 «Қарапайым акциялар»

           5210 «Сатып алынған меншікті үлес  құралдары» шотының кредиті

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түрінде құрылған ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшылардың ақша, тауарлық-материалдық қорлар, бағалы қағаздар және басқа түріндегі салымдарын біріктіру арқылы құралады.

Ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылар (қатысушылар) жоғарыда аталған құндылықтар  түрінде салымдар мен жарналар (пайлар) енгізгенде, бастапқы кіріс құжаттары (кіріс касса ордерлері, тауарлық кіріс құжаттары, негізгі құралдар, материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру кесімдері және т.б.) негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

 

                    Тиісті шоттардың дебеті:

 

           1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

           1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты»

           1310 «Шикізат және материалдар»

           1320 «Дайын өнім»

           1330 «Тауарлар»

           1350 «Өзге қорлар»

           2410 «Негізгі құралдар»

           2730 «Өзге материалдық емес активтер»

           5030 «Салымдар мен пайлар» шотының  кредиті

 

Жарғылық капиталдың талдамалы есебі № 13 журнал-ордерде  акциялардың түрлері бойынша, салымдар мен жарналарды (пайларды) нақтылы (номиналды) құны және құрылтайшы құжаттарда көрсетілген орналастыру бағалары бойынша акционерлер немесе құрылтайшылар (қатысушылар) – заңды және жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі. Акциялардың талдамалы есебін жүргізу үшін негіз болып құрылтайшылардың (қатысушылардың) тізілімінен (реестрінен) жазбаша үзінді қызмет етеді. Жазбаша үзіндіде шығатын нөмірі, күні, тіркеушінің атауы және орналасқан жері болуы керек және келесі деректер болуға тиіс:

акцияларды иеленетін  акционерлердің жалпы саны;

артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларды иеленетін              акционерлердің саны;

5% жоғары иеленетін  акционерлердің жарғылық капиалдағы  үлесі              туралы мәліметтер.

Бухгалтерлік есепті компьютеризацияланғанда жарғылық капитал туралы талдамалы мәліметтерді № 13 журнал-ордерге ұқсас машинограмма нысанында алуға болады.

Салым ақшаға кез –  келген актив (ақшалай қаражаттар, негізгі  құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы – материалдық қорлар) жатады.

Мұнда мына бухгалтерлік жазбалар жүргізіледі:

    а) Серіктестіктегі жарияланған жарғылық капитал жүргізіледі:

5110 «Төленбеген капитал» шот дебеті

    5030 «Салымдар мен пайлар» шоттар кредиті

    ә) салым ақша сомасына:

2700 «Материалдық емес активтер», 2400 «Негізгі құралдар», 1300 «Тауарлы – материалдық қор», 1030 Шет ел валютадағы ағымдық шоттағы ақша, Ұлттық валютадағы ағымдық шоттағы ақш», 1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар», «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма – қол ақшалар» шоттар дебеті

    5110 «Төленбеген капитал» шот кредиті.

Бухгалтерлік жазулардың құжаттық ресімделуі салынған қаражат түріне байланысты. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар түгендеу карточкасын  ашудағы негізгі құралдар (материалдық  емес активтер) қабылдау – табыстау (ауыстыру) Актісінің негізіне кірістеледі. Тауарлы – материалдық қорлар – материалдың қоймалық есеп карточкаларына кіріс ордерімен енгізілетін фактура – шотының негізіне кірістеледі. Ақшалай қаражат есеп айырысу (ағымдық), валюталық шоттар көшірмесінің негізіне, қолда бар ақша қаражаты – кіріс кассасы ордерінің негізіне кірістеледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің  жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.

Басқа субъектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын салушы жақ бұл субъектіге инвестициялар жүргізеді. Олар былай болуы мүмкін:

  • қаржылық – инвестициялық капиталдан табыс, өсім алу немесе басқа пайдалар алу мақсатында субъект иемденетін активтер, сондай – ақ пайдаланудағы жылжымайтын мүліктегі инвестициялар (БЕС (СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есебі»);
  • еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар – оған бақылау жүргізуді жүзеге асырады, яғни оның қызметінен пайда алу мақсатында инвестицияланған субъектінің қаржылық және басқа саясатын белгілеу құқы (БЕС 13 «Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі», БЕС 14 «Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі», БЕС 15 «Қаржылық есеп берудегі біріккен қызмет бойынша қатысу үлесінің көрінісі»).

Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субъектінің қайта тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Кодекстің (27. 12. 94 ж.) 42 – бап, 6 – тармақ; 74 – бап, 3 – тармақ; 78 – бап, 2 – тармақ; 89, 90 – баптар және «Акционерлік қоғамдар туралы» (№415 – 11 ҚРЗ 30. 05. 2003 ж.) Заңның 11 – бабы, 3 – тармағы.

 

2.1-кесте. «Нұрлы жол» серіктестігінде жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар[10]

 

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

 

1

Үлес қосушылар мен  салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы

 

5110

 

5030

 

2

Серіктестіктердің (акционерлік  қоғамдардан басқа) жарғылық қорының  қосқан пайлар және басқадай үлестер  есебінен құрылуы (қалыптасуы)

1010,

1030,

1210,

1310,

2410,2710

 

 

 

5110

 3

Серіктестіктердің (акционерлік  қоғамдардан басқа) жарғылық қорының  акционерлердің шығып кетуі себебінен  азаюы

 

 

5030

1010,

1030,

1210,

1310,

2410,2710

 

 4

Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды

 

5030

 

1010,1030

 

5

Үлес қосушылар мен  құрылтайшылардың және салымшылардың  ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының  келіп түсуі

 

1010,1030

 

5110

6

Негізгі құралдарды қайта  бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі

2410

5420

 

7

Негізгі құралдарды қайта  бағалауға байланысты оларға бұрын  есептеліп жинақталған тозу құнының  өсуі

 

5420

 

2420

 

8

Негізгі құралдардың  пайдалануына қарай қайта бағалау  сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны

 

5420

 

5510


2.2 Резервтік капиталдың есебі

 

Жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін және құрылтайшылардың (акционерлік, инвесторлардың) дивидендтерді  тұрақты алып тұрудағы мүдделер сенімді  қорғауды қамтамасыз ету үшін мекеме резервтік капитал құра алады.

Резервтік капитал - бұл  акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысандағы  мекеменің бөлінбеген табысынан  жасалған аударымдар есебінен қалыптасқан  меншікті қаражаттардының бір бөлігі. Ол мекеменің қаржылық-шаруашылқ қызметінен алынған зияндарының орнын толтыруға (жабуға ) және құрылтайшыларға (акционерлерге,инвесторларға ) дивидендтер төлеуге (егер  бұл мақсатқа ағымдағы таза табыс жеткіліксіз болған жағдайда) арналған.

Резервтік капитал құру мақсаты акциялардың құнының түсу қауіп туған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін қуаттау (қолдау) болып табылады, себебі осы резервтер есебінен жарғылық капитал толықтырылады. Резервтік капиталды құру міндетті болу мүмкін,егер қолданыстағы заңдармен қарастырылса,ерікті болу мүмкін, егер ол құрылтайшылық құжаттарда (жарғыда,құрылтайшылық шартта) белгіленген тәртіпте мекеменің өз ынтасы бойынша құрылса,резервтік капитал мекеменің мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап екі жыл ішінде қалыптасуы  керек.

Жыл сайынғы аударымдардың мөлшері мекеменің еңбек ұжымының (акционерлердің) жалпы жиналысымен белгіленеді және оның құрылтайшылық құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылық шартында) көрсетіледі де, ол белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады. Қаржылық-шаруашылық қызметінің  көлемінің, инфляцияның өсуіне және басқа жағдайларға байланысты жарғылық капитал көбейгенде резервтік капиталда көбеюге тиіс.

Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес құрылған мекеменің  резервтік  капиталдың нақты бары (жайы) және қозғалысы туралы ақпараттарды қорыту үшін 5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шоты арналған.

Резервтік капиталды  құрған кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

5510 «Есепті жылдың  бөлінбеген пайдасы(жабылмаған залалы)»шотының  дебеті

5410 «Құрылтайшы құжаттармен  белгіленген резервтік капитал»  отының кредиті

Құрылған резервтік  капитал мекеменің (акционерлердің, құрылтайшылардың) жалпы жиналысының  шешімі бойынша келесі мақсаттарға  пайдалануы мүмкін:

  • бөлінбеген пайда жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда акционерлерге оларға тән акциялар бойынша дивидендтер есептеуге, егер дивидендтер төлеу жөнінде заңдармен қарастырылған міндеттемелер қолда бар болса. Мұндайда келесі бухгалтерлік  тізбе беріледі:

5410 «Құрылтайшы құжаттармен  белгіленген резервтік капитал» шотының  дебеті

 

3030 «Қатысушылардың дивидендтері  мен кірістері бойынша қысқа  мерзімді кредиторлық берешек»шотының  кредиті  

  • есепті және өткен жылдардағы шығындарды жабуға. Мұндайда шоттардың келесі корреспонденциясы беріледі:

5410 «Құрылтайшы құжаттармен  белгіленген резервтік капитал»шотының  дебеті 

           Тиісті шоттардың кредиті: 

5510 «Есепті жылдың  бөлінбеген пайдасы (жабылмаған  залалы)»

5220 «Өткен жылдардың  бөлінбеген пайдасы (жабылмаған  залалы)»

 

  • жарғылық капиталды ұлғайтуға бағыттау. Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

   5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шотының дебеті

Тиісті шоттардың кредиті:

5010 «Артықшылықты акциялар»

5020 «Қарапайым акциялар»

 

5410 « Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал » шоты бойынша талдамалы есеп № 13 журналордерінде көрсетілген шоттың кредиті бойынша және тізімдемеде немесе есепті компьютеризациялағанда-осы шот бойынша оралым тізімдемеде нысаны бар машинограммада жүргізіледі.

 

2.3 Активтерді  қайта бағалауға арналған резервтерді  есепке алу

 

Қайта бағалауға арналған резерв-бұл инфляцияға байланысты негізгі  құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және басқа да активтерді қайта бағалау жүргізгеннің нәтижесінде алынған сома.

Аталған активтерді қайта  бағалаудан алынған резервтерді  активтер бойынша жеке көрсетіп, бақылауды  күшейту мақсатында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында жеке шоттар қарастырылған.

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге  жалға берілген негізгі құралдарды қосқанда, аяқталмағанкүрделі құрылыс және  орнатуға арналған жабдықтардықайта бағалауды заңдарға сәйкес мекеме өз бетімен инфляцияның нәтижесінде активтердің құнының өсуіне байланысты жүргізеді. Сондай-ақ мекеме нешізгі құралдары индексациялау жүргізуге құқылы. Бағалар  тиісті құжаттармен немесе эксперттық жолмен расталуға тиіс.

Негізгі құралдардың  тиісті нысандарының тиісті нысандарының құнын (жерден басқа) қайта бағаланған (ұлғайтылған) сомасына жасалған арнайы есептеулердің негізінде келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

2410 «Негізгі құралдар»  шотының (тиісті  субшотқа таратуға  болады) дебеті 

5420 «Негізгі құралдарды  қайта бағалауға арналған резерв»  шотының кредиті 

 

Негізгі құралдар нысандарының қүнын қайта бағалауға (ұлғайтауға) байланысты ұлғайтылған амортизация сомасына  амортизациясын есептеу негізінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Информация о работе Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау