Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12

2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22

3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59

Работа содержит 1 файл

Диляра.doc

— 598.50 Кб (Скачать)

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық – материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Серіктестіктің меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • Жарғылық капитал;
  • Резервтік капитал;
  • Бөлінбеген пайда.

Серіктестіктер өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады[4].

 Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

 Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

 Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоға ) жарғылық капиталы.

Өндірістік  кооператив мүшелерінің мүлік жарналары  (үлестері). Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген  пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын), кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

 

1.2 Есеп объектісі - «Нұрлы жол» ЖШС-нің техника экономикалық көрсеткіштерді талдау

 

Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік      «Нұрлы жол» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есепберу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңы, Қазақстан Республикасының өзге заң актілеріне сәйкес, өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс мақсатымен нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және Қазақстан Республикасының Заңдары тыйым салмаған кез-келген шаруашылық қызметінің түрлерін либерализациялау үрдісін әрі қарай дамыту үшін құрылды.

     Серіктестіктің атауы:

     Толық:

     Қазақ тілінде  — «Нұрлы жол» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

     Орыс тілінде   —  Товарищество с ограниченной  ответственностью «Нұрлы жол»

     Қысқартылған:

     Қазақ тілінде —  «Нұрлы жол» ЖШС;

     Орыс тілінде —  ТОО «Нұрлы жол»;

     Серіктестіктің құрылтайшы:

     Нурлыбеков Азамат Нурлыбекұлы.  

Серіктестік шағын кәсіпкерлік  субъектісі, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа есеппен алғанда 50-ден және активтерінің жыл ішіндегі жалпы  құны орташа есеппен алғандағы алпыс мың айлық есептік айырысу көрсеткіштен аспайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  қызметінің мерзімі – шектелмеген.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты  Құрылтайшыға тұрақты табысты қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу  үшін серіктестік қызметінің келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:

● жарнамалық және маркетингтік қызметтер;

● сауда және делдалдық  қызмет;

● халыққа қызмет көрсету;

● халық тұтынатын  тауарларды өндіру;

● сыртқы экономикалық қызмет;

● тәтті тағам және аспаздық бұйымдарды өндіру және сату;

● бар, кафе, ресторан, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындарын, қонақ үйлерді ұйымдастыру;

● сауда-саттық операцияларын және делдалдық қызметін жүргізу үшін ауылшаруашылық өнімдерін, қалдықтарын дайындау, өндіру және өндеу;

● ЭЕМ-ға арналған бағдарламалық  құралдарын өңдеу және өндеу;

● жарнама-ақпарат қызметі;

● қосымша шикізаттарымен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау, өңдеу;

● комиссиялық сауданы  ұйымдастыру;

● Қазақстан Республикасы заңдарына тиым салынған басқа қызмет түрлері[5].

Серіктестік белгіленген  тәртіпте алынған лицензияны пайдалану  мерзімінде ғана 17.04.1995 ж. заң күші бар «Лицензиялау туралы» сәйкес лицензиялауға тиісті қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Серіктестіктің құқықтық мәртебесі.

Серіктестік мемлекеттік  тіркеуден өткен күннен бастап заңды  тұлғаның құқығын алады.

Серіктестік өз қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізеді.

Серіктестік Қазақстан  Республикасының заңдарында осындай ұйымдық-құқықтық нысан үшін белгіленген барлық құқықтарды пайдаланады.

Серіктестік өз міндеттемелері үшін барлық оның иелігіндегі мүлкімен жауап береді. Серіктестіктің Қатысушысы міндеттемелері бойынша жауапты емес және Серіктестіктің іс-әрекеттеріне байланысты шығының өзінің Жарғылық капиталға енгізген салымының құны шегінде көтереді. Серіктестік Қатысушысы міндеттемелері үшін жауапкершілік үшін көтермейді. Қазақстан Республикасы Серіктестіктің міндеттемелері үшін жауапты емес, ал Серіктестік Қазақстан Республикасының міндеттемелері үшін жауапты емес.

Серіктестік өз атынан келісімдер жасасуға, мүліктік және жеке-дара мүліктік емес құқықтарды иемденуге, сот органдарында талапкер және жауапкер болуға құқылы.

Серіктестіктің дербес балансы болады және толық шаруашылық есеп жасау, өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік, соның  ішінде валюталық өз шығынын өзі  өтеушілік негізінде іс-әрекет жасайды. Серіктестіктің фирмалық атауы көрсетілген мөрі, фирмалық таңбасы, фирмалық бланкі болады.

 

 

1.1-кесте - ЖШС «Нұрлы жол» қызметінің техника – экономикалық көрсеткіштері[7]

мың теңге

Көрсеткіштер атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1

Барлық кірістер соның ішінде

151 199,0

137 362,0

222 391,0

2

Негізгі қызметтерден түскен табыс

148 218,0

133 760,0

220 000,0

3

Басқа да табыстар

2 981,0

3 602,0

2 391,0

4

Жалпы шығындар

139 804,0

139 679,0

200 700,0

5

Әкімшілік шығындар

10 462,0

10 804,0

13 530,0

6

Ұйымдастыру бойынша шығын

234,0

-

2200,0

7

Өзіндік құны

129 108,0

128 875,0

184 970

8

Салық салатын табыс

11 395,0

-2 317,0

21 691,0

9

Корпоративті табыс  салығы

3 418,5

-

4338,2

10

Салық салығынан кейінгі  таза табыс

7 976,5

-

17352,8

11

Жалақы қоры м.тг.

62 080

59 845

103 037

12

Жұмысшылардың орташа жалақысы теңге 

40 103

39 268

66 049


 

Жоғарыда көрсетілген 1-кестеде, негізгі қаржы–экономикалық көрсеткіштерінің өсу динамикасында ЖШС «Нұрлы жол» 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы біраз төмендеу екені көрінеді. Бұл 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда табыстың 11% азаюымен түсіндіріледі. Осыған байланысты фирманың әкімшілігі бірнеше шығындарды төмендету бойынша әрекет етті, соған орай 2008 жылы барлық шығындар 2007 жылдың шығындарымен шамалас болды. Егер 2007 жылы жалақының өсуі мен одан аударымдар 20% құраса, 2008 жылы жалақы қоры небары 7% ғана кеміді.

Негізгі қызметтен болатын табыс 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда 1,97% азайды, ал 2009 жылы оның өсуін 2007 жылмен салыстырғанда 148%, ал 2008 жылмен салыстырғанда 164% болып отыр.

 

1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру

 

Есеп саясаты –  бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай–ақ белгіленген  нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Ұйымның есеп саясаты  жалпылама қабылданған, белгілі  бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.   

 Есеп саясатының басты міндеттері:

  • Ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
  • Ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;

Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын  құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу;  нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің  мынадай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
  2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
  3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
  4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
  5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
  6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
  7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
  8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

Бұл принциптер ұйымның  есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.

Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:

  • Шоттардың жұмыс жоспары
  • Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
  • Түгендеуді жүргізу тәртібі
  • Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары

 «Нұрлы жол» серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада жүргізіледі. Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес бекітілген №16 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің негізгі құралдары жіктеледі.

Негізгі құралдардың  бастапқы құнының өзгеруі тек  екі жағдайда ғана болады :

  • Қайта бағалау
  • Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе               
  • обьектінің белгілі бір деңгейде жойылуы.

Негізгі құралдарды  есептен  шығару серіктестік төрағасымен  бекітілген «Негізгі құралдарды есептен  шығару» тәртібі туралы нұсқауға сәйкес жүргізіледі .

 Негізгі құралдарды  түгендеу «Нұрлы жол» серіктестігі төрағасының өкімімен жылына бір рет өткізіледі.

Ұйымда негізгі құралдардың  амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықты) әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.

Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры құрылмаған. Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайда болған сәтте шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.

 Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау  серіктестікте  негізгі құралдардың  есептелген амортизациясына, таза  табыс немесе ұзақ мерзімді  несиелер есебінен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:

  • Сатып алу бағасы;
  • Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.

Информация о работе Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау