Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа
Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12
2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22
3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59
5010 «Артықшылықты акциялар»
5020 «Қарапайым акциялар»
5030 «Салымдар мен пайлар»
Бұл шоттар бойынша жазулар мекеменің құрылтайшы құжаттарында тиісті өзгерістер (құрылтайшылар, қатысушылардың шешімдері бойынша) енгізіп, бір уақытта құжаттарды жергілікті атқарушы үкімет органында тіркегеннен кейін белгіленген тәртіпте жүргізілген жарғылық капиталдың қалыптасуы, көбеюі немесе азаюы негізінде жүргізіледі.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша құрылтайшылармен есеп айырысуды есепке алу 5110 «Төленбеген капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шот «Капитал мен резервтер» бөлімінде қарастырылса да, өзінің экономикалық мазмұны бойынша активтік шот. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөнінегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебеттік қалдығы (сальдосы) жарғылық капиталға жарияланған (жазылған), бірак төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Мекеме өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда (келісім-шарт пен жарғыда) белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 «Төленбеген капитал» шоты толық жабылады және дебеттік қалдық (сальдо) онда болмайды.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қалыптасуын есепке алу тәртібін қарастырамыз.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған (жазылған) және тіркелген салымдардың нақтылы (номиналдық) құнв бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:
5110 «Төленбеген капитал» шотының дебеті
Тиісті шоттардың кредиті:
5010 «Артықшылықты акциялар»
5020 «Қарапайым акциялар»
Акционерлік қоғамның
жарияланған акцияларын
ақшалай қаражаттар үшін – банктің жазбаша көшірмесіне (төлем Құжаттарына) сәйкес ағымдағы банктік шоттарға (теңгемен немесе валютамен) ақшаны қосу немесе кіріс касса ордеріне сәйкес акционерлік қоғамның (мекеменің) кассасына қолма-қол (салт) ақша өткізген күні;
негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар үшін – көрсетілген мүліктік құндылықтарды түскенін растайтын қабылдап алу-беру келісімдері және басқа тауарлық құжаттарды жасаған күні.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына құрылтайшылардан жарияланған (жазылған) және тіркелген акциялардың (салымдар мен жарналардың) құнын төлеу ақшалай қаражаттармен түсуіне қарай есеп айырысу нысандарына (қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол (салт) ақшамен) байланысты келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:
Тиісті шоттардың дебеті:
1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»
1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
5110 «Төленбеген капитал» шотының кредиті
Құрылтайшылардан жарияланған (жазылған) және тіркелген акциялардың (салымдар немесе жарналардың) құнын төлеу негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар түрінде келіп түссе, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Тиісті шоттардың дебеті:
1310 «Шикізат және материалдар»
1320 «Дайын өнім»
1330 «Тауарлар»
1350 «Өзге қорлар»
2410 «Негізгі құралдар»
2730
«Өзге материалдық емес
5110 «Төленбеген капитал» шотының кредиті
Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар рыногында олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы (номиналдық) құнынан асқан сомаға бухгалтерлік шоттарының келесі корреспонденденциясы беріледі:
Тиісті шоттардың дебеті:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»
1030 «Ағымдағы
банктік шоттардағы ақша
5310 «Эмиссиялық кіріс» шотының кредиті
Бұрын айтылғандай, жарияланған (жазылған) және тіркелген жарғылық капитал толық төленгенде 5110 «Төленбеген капитал» шотында қалдық (сальдо) болуға тиіс емес.
Жарғылық капиталдың
айналымнан алынған акциялар сомасына
азайған кезде олардың
Тиісті шоттардың дебеті:
5010 «Артықшылықты акциялар»
5020 «Қарапайым акциялар»
5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары» шотының кредиті
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түрінде құрылған мекеменің жарғылық капиталы құрылтайшылардың ақша, тауарлық-материалдық қорлар, бағалы қағаздар және басқа түріндегі салымдарын біріктіру арқылы құралады.
Мекеменің жарғылық капиталына құрылтайшылар (қатысушылар) жоғарыда аталған құндылықтар түрінде салымдар мен жарналар (пайлар) енгізгенде, бастапқы кіріс құжаттары (кіріс касса ордерлері, тауарлық кіріс құжаттары, негізгі құралдар, материалдық емес активтерді қабылдап алу-беру кесімдері және т.б.) негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:
Тиісті шоттардың дебеті:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»
1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
1310 «Шикізат және материалдар»
1320 «Дайын өнім»
1330 «Тауарлар»
1350 «Өзге қорлар»
2410 «Негізгі құралдар»
2730 «Өзге материалдық емес
5030 «Салымдар мен пайлар» шотының кредиті
Жарғылық капиталдың талдамалы есебі № 13 журнал-ордерде акциялардың түрлері бойынша, салымдар мен жарналарды (пайларды) нақтылы (номиналды) құны және құрылтайшы құжаттарда көрсетілген орналастыру бағалары бойынша акционерлер немесе құрылтайшылар (қатысушылар) – заңды және жеке тұлғалар бойынша жүргізіледі. Акциялардың талдамалы есебін жүргізу үшін негіз болып құрылтайшылардың (қатысушылардың) тізілімінен (реестрінен) жазбаша үзінді қызмет етеді. Жазбаша үзіндіде шығатын нөмірі, күні, тіркеушінің атауы және орналасқан жері болуы керек және келесі деректер болуға тиіс:
акцияларды иеленетін акционерлердің жалпы саны;
артықшылықты акциялардың жалпы саны және оларды иеленетін акционерлердің саны;
5% жоғары иеленетін
акционерлердің жарғылық
Бухгалтерлік есепті
компьютеризацияланғанда жарғыл
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады[3]. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақтан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалар қаржылар есебінен өсіп отырады.
Ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметін ойдағыдай жүргізу үшін экономикалық ресурстармен толық қамтамасыз етілуі қажет. Ұйымдарга тән және олармен бақылайтын экономикалық ресурстар өткендегі келісімдер мен басқа да оқиғалардың нәтижелері ретінде және оларды пайдаланудан мекеме болашақта экономикалық пайда күтуін бухгалтерлік есепте активтер деп аталады.
Өтеу және қаржылық-шаруашылық қызметте жұмыс істеу мерзімдері бойынша активтер бөлінеді:
қысқа мерзімді активтер;
ұзақ мерзімді активтер.
Қысқа мерзімді активтерге оралым (айналым) қаражаттар мен қорлар жатқызылады: ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржы активтері (инвестициялар), қысқа мерзімді дебиторлық берешек, қорлар, ағымдағы салық активтері және т.б.
Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы активтері (инвестициялар), дебиторлық берешек, инвестициялық жылжымайтын мүлік және т.б. жатқызылады.
Жоғарыдағы аталған активтердің мәні мен мағынасы және оларды есепке алу бұрынгы тарауларда жан-жақты қарастырылған.
Экономикалық ресурстардың қалыптасуының негізгі көздері капитал мен міндеттеме болады.
Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартына сәйкес капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тастағаннан кейінгі қалған үлес.
Міндеттеме – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы құрайтын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Кез-келген ұйымның капиталына екі ерекшелік тән. Біріншіден, ол әрқашан активтердің қалыптасу көзінің рөлін атқарады және сезілмейтін болады, өйткені онда материалдық мүліктік құралым болмайды. Екіншіден, меншікті капитал тіпті «меншікті қаражаттар» деген ұғымның синонимі емес. Меншікті қаражаттар ақшалайдан материалдық және керісінше ауысып, өзінің түрін өзгертеді де, біржола қайтарымсыз жұмсалмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2002 жылғы 29-шы қазандағы № 542 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсыруга арналған тұжырымдамалық негіздемеде меншікті капиталды бухгалтерлік теңгерімде (баланста) оның құрамына қарай сыныпшаларға бөлу қарастырылған. Мысалы, акционерлік қоғамдарда меншікті капитал, әдеттегіндей, мынандай сыныпшыларға бөлінеді: акционерлер енгізген қаражаттар (меншікті капитал); бөлінбеген табыс; бөлінбеген табыс есебінен құрылған қорлық (резервтік) капитал, сондай-ақ меншікті капиталды қолдауды қамтамасыз ететін ұсынлыған түзету сомалары. Меншікті капиталды осылай жіктеу шешім қабылдау кезеңінде қаржылық есептілігін пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін үлкен маңызыбар, олар ұйымның меншікті капиталды бөлу немесе қалай да пайдалануды ұйымдастыру қабілеттілігін заңды және басқа шектеулерді анықтайды. Мұндай жіктеу сондай-ақ қатынасатын жақтардың қатынасу үлестері мен дивидендтер (таза табыстың бөлігін) алуға немесе қаржылық капиталға салымдарды өтеуге қатынасты әртүрлі құқықтары барын көрсетеді.
Қаржылық есептілікті әзірлеу үшін тапсыруға арналған тұжырымдық негіздемеге сәйкес меншікті капиталдың құрылымы туралы ақпаратты ашу үшін бухгалтерлік теңгерімнің (баланстың) «Капитал» бөлімінде келесі бөлімшелер қарастырылған: «Жарғылық капитал», «Төленбеген капитал», «Сатып алған меншікті үлес құралдары», «Эмиссиялық капитал», «Резервтер», «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)». Бухгалтерлік теңгерімдегі (баланстағы) меншікті капиталдың көлемі активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты. Әдеттегідей, меншікті капиталдың жалпы көлемі қоғамның акциясының жалпы нарықтық құнына немесе таза активтерді бөлшектеп, не жұмыс істеп тұрған мүліктік кешен ретінде бүтіндей мекемені сатудан алуға болатын сомаға сирек сәйкес келеді.
Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінің мақсаты – ресурстардың сақталуы мен дұрыс пайдалануына бақылау жасау. Осы мақсатқа жету үшін бухгалтерлік есеп келесі нысандарға бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек:
жарғылық капиталға
құрылтайшылардың (қатысушылардың)
жарғылық капиталды және оның өзгерістерінің жекелеген түрлері бойынша көбеюдің және азаюдың жалпы сомасын бөлшектеп нақты, толық және тиянақты көрсетуді;
меншікті акцияларды сатудан түскен табысты (Эмиссиялық табысты) толық алуды;
инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан алынатын капиталдың сомаларын дер кезінде және тиянақты анықтауды;
қорлық (резервтік) капиталды дер кезінде және дұрыс құрылуын және оны дұрыс пайдалануды;
өткен есепті жылдарда және есепті жылда анық болған бөлінбеген пайданың (жабылмаган залалдың) сомасын дұрыс анықтауды және көрсетуді;
Меншікті капиталды есепке алу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5-ші «Капитал мен резервтер» бөлімінің тиісті шоттары арналған, онда меншікті капиталдың жеке түрлеріне тиісті келесі кіші бөлімдер қарастырылған: 5000 «Жарғылық капитал», 5100 «Төленбеген капитал», 5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)», 5600 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер » деп екіге бөледі.