Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12

2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22

3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59

Работа содержит 1 файл

Диляра.doc

— 598.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы - өз иесімен белгіленеді (республикалық немесе жергілікті үкімет органдарымен) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін. Бұл мүлік бөлінбейді, үлестерге таратылмайды, демек еңбек  ұжымы да бөлек еңбек кәсіпорындары оған ешқандай құқықтары жоқ.

Мемлекеттік кәсіпорын  өндірістік кооператив сияқты екі функция  орындайды бұл – мүліктік және кепілдік.

Жарғылық капиталдың аудитін бастамас бұрын, аудиторға  оны тексеру бағдарламасын жасау  керек, ол келесідей процедуралардан тұрады:

  1. баланстың мәліметтері бас кітап көрсеткіштерімен сәйкес келуін тексеру;
  2. синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру;
  3. жарғылық капиталдың құрылуының дұрыстығын тексеру;
  4. қатысушылардың үлестерін уақытысында кірістелу және толықтығын тексеру;
  5. жарғылық капиталдың негізден өзгеруін және уақытысында оны құрылтайшылардың құжаттарына енгізу;
  6. мүліктің және басқа мүліктің құқықтарын түгендеу, кәсіпорынның жарғылық капиталына үлес түрінде енген;
  7. жарғылық капитал есебіндегі ауытқуларды алып тастау үшін заңдарға сәйкес ұсыныстарды дайындау[17].

Берілген бағдарлама бойынша аудиттің бірінші кезеңінде жарғылық капиталдың көлемін балансымен, құрылтайшылардың құжаттарының мәліметтерімен 5020-“Жай акциялар”, 5010- “Артықшылығы бар акциялар” және 5030-“Салымдар мен пайлар”, сонымен №13 журнал-ордерімен сәйкес екенін тексеру керек. 13 журнал-ордерде 5020-“Жай акциялар”, 5010-“Артықшылығы бар акцяилар”, 5030-“Салымдар мен пайлар” шоттарының кредиттік айналымын, яғни жарғылық капиталға құрылтайшылардың, қатысушылардың жарна бойынша қарыздың сомаларын, көрсетеді. Сонымен №13 журнал-ордердегі жазуларды аналитикалық есеп мәліметтерімен сәйкестендіру керек, яғни жарғылық капиталдың құрылу кезінде корреспонденция шоттарының дұрыстығын тексеру керек.

Аудиттің келесі кезеңі жарғылық капиталдың құрылуын дұрыс тексеру.

Аудиттің осы процедурасын жүргізгенде тексерушіге ең алдымен  кәсіпорын қай ауданында тіркелгенін, оның құрылтайшылары кімдер және әрқайсысының жарғылық капиталдағы үлестерін, құрылу тәртібін анықтау керек.

Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі заңдылықпен және құрылтайшылардың құжаттарымен реттеледі. Шаруашылықтың меншік және құқықтық – ұйымдастыру формаларға байланысты әр түрлі құралады. Мемлкеттік кәсіпорынның жарғылық капиталында кәсіпорын іске қосылып оның қызметін іске асыру мақсатында мемлекетпен бюджеттен бөлінген қаражат сомасын көрсетеді (құрылысқа, монтаждау, негізгі құралдардың шығындары, ақша және айналым қаражаттары).

Мемлкеттік емес, яғни коммерциялық, құрылымдарда жарғылық капитал қатысушылардың есебінен (ақша немесе материалдық т.б. түрінде) құрылады, сондықтан бұл жерде бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігі көрсетіледі – акционерлік қоғамның, серіктестіктердің және басқа құқықтық – ұйымдастыру кәсіпорындар түрлерінің құрылтайшылары.

«Шаруашылық серіктестіктер туралы» 2 мамыр 1995ж. №2255-нен заңды күші бар Қазақстан Республикасының жарғысында және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998 ж. №220-1 ЗРК-нен Қазақстан Республика заңында жарғылық капиталдың бастапқы көлемі құрылтайшылардың жарналардың сомасына тең және 100 есептік айлық көрсеткіштен аспау керек, серіктестікті мемлекеттік тіркеу құжаттардың күніне сәйкес. Жауапкершілігі тәуелді серіктестіктердің жарғылық капиталдың салымдары ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сонымен жерді пайдалану құқықтары және интелектуалды құқықтар және т.б болуы мүмкін.

Жарғылық капиталға  міндетті түрде немесе мүліктік құқық  түріндегі құрылтайшылардың салымдары  барлық құрылтайшылардың келісімдері немесе серіктестіктердің қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша формасымен бағаланады. Егер осындай салымның сомасы жиырма есептік айлық көрсеткіштен асатын болса, онда оның бағалануы тәуелсіз экспертпен бекітілуі керек.

Кейбір жағдайда серіктестікке мүлікті пайдалану құқы беріледі,  мұндай жағдайда салымның көлемін құрылтайшыларының құжаттарына көрсетілген мерзіміне қарай пайдалану төлемі түрінде анықтайды.

Жауапкершіліктері тәуелді  серіктестіктердің қатысушылары тіркегенге дейін серіктестікке жарғылық капиталдың барлық сомасынан 25 пайыз енгізуге міндетті, бірақ жарғылық капиталдың минималды көлемінен аспауы керек, заңдылықпен көрсетілген ЖСШ-ні тіркеу күніне[19].

Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна түскен уақыттан бастап: ақша қаражаттар үшін – есеп айырысу шотына немесе кәсіпорынның кассасына ақшаның келіп түсуі; негізгі құралдар, материалдық және материалдық емес активтер үшін негізгі құралдарды, материалдық және материалдық емес активтердің қабылдау тапсыру актісі немесе жоғарыда көрсетілген объектілерді кәсіпорынға келуін рәсімдейтін басқа да құжаттар болып табылады.

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді қабылдау тапсыру актісі, тауарлық – материалдық  құндылықтарды қабылдау актісі, төлем  тапсырмасы, кіріс касса ордерлер және басқа бастапқы құжаттардың мәліметтеріне сүйене отырып аудитор құрылтайшылардың жарналары уақытысында және толық кіріске алғандығын тексеру керек.

Тексеру кезінде келесі сұрақтарға жауап беру керек:

  1. кәсіпорынды тіркемес бұрын барлық құрылтайшылар заңмен белгіленген көлемде жарғылық капиталға өз үлестерін қосты ма?
  2. жарғылық  капитал құрылтайшылардың құжаттарына және заңның талаптарына сәйкес құрылды ма?
  3. құрылтайшылар жарғылық капиталға үлес түрінде не қосты?
  4. өз мүлкін пайдалануға берген қатысушының жарна көлемін қалай анықтайды?
  5. қатысушының жарнасы баға түріндегі қалай бағаланады және қандай жағдайларда тәуелсіз сараптаушының бағалауы қажет етеді?[21].

Қатысушылардың жарна  сомасы 5110 “Төленбеген капитал” дебеттелініп және 5030 “Жарғылық капиталға жарна  мен пайлар” кредиттелінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелгенде немесе қайта тіркеу кезінде оның жарғылық капиталды тексермейтіндігі туралы аудитор міндетті түрде білу керек. Тексеру мынандай кездерде болады:

  1. қатысушының талабы бойынша яғни құрылтайшы болып табылатын және серіктестіктің мемлекеттік тіркеуден кейін құрылтайшылар келісіміне қол қойылғанда. Тексеру тәуелсіз сараптаушымен жүргізеді және тексерткен қатысушымен төленеді;
  2. соттың шешімі бойынша;
  3. әр қаржылық жылдың қорытындысы бойынша – қаржылық есеп беру бойынша.

Жарғылық капитал аудиттің ең маңызды процедурасы жарғылық капиталдың өзгеруін тексеріп және уақытысында  құрылтайшылардың құжатына енгізу.

Жарғылық капитал басқа  мүлік көздеріне қарағанда шартты тұрақты болып табылады. Оны өзгерту  туралы шешім, тек қана толық төлеген  соң мүмкін болады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы келесі жолдармен үлкейтуге болады:

  1. барлық қытысулармен  қосымша пропорционалды түрде жарналар қосу;
  2. жарғылық капиталдың серіктестіктің меншікті капиталдың есебінен, сондай-ақ резервтік капитал есебінен өсіру;
  3. серіктестіктің таза активтерін (меншік капиталы) қайта бағалау, олардың құны баланстық құнынан жоғары болуы. Қайта бағалау тәуелсіз экспертімен ғана жүргізу мүмкін;
  4. бір немесе бірнеше қатысушымен қосымша жарналарды салу, қалған қатысушылардың келісімімен;
  5. серіктестіктің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Жарғылық капиталдың өсуі 1-3 пунктерге сәйкес, қатысушылардың үлестері өзгермейді. Ал 4-5 пунктерге қарай қатысушылардың үлестеріне қайта санау жүргізіледі.

Бірақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталдың өзгеруі  туралы органға хабарлау керек және мемлекеттік тіркеуден үш ай ішінде өтуге міндетті жалпы жиналыста жарғылық капиталдың өсу туралы шешім қабылданған күннен бастап.

Жарғылық капитал өскен  уақытта келесі бухгалтерлік жазу жазылады: кредит 5030 “Жарна мен пайлар, ал 2700 “Материалды емес активтер”, 2400“Негізгі құралдар”, 1310 “Материалдар”,  1320“Тауарлар”, 1030 “Банктердегі шоттардағы ақша қаражаттары”, 1010 “Кассадағы ақша қаражат” бөліміндегі шоттар дебеттелінеді.

Жарғылық капиталдың азаюы қатысушының шығып кетуінен болуы мүмкін. Бұл серіктестіктің барлық қатысушылардың жарналары пропорционалды түрде азаюы немесе бөлек қатысушылардың үлестерін толық немесе жартылай өтеу жолымен іске асыру мүмкін. Қазіргі іске асырып жатқан заңдылыққа сәйкес жарғылық капиталды азайту үшін ең алдымен барлық кредиторларды дербес хат арқылы айту. Серіктестік жалпы жиналыста жарғылық капиталдың азаюы туралы шешім қабылдаған соң екі ай ішінде кредиторларға хат немесе серіктестіктер туралы мағлұматты жариялайтын арнайы ресми баспаларға бастыру керек. Серіктестіктің кредиторлары бір ай ішінде баспадан немесе хат арқылы білген соң серіктестіктен қосымша кепіл немесе өз уақыттан бұрын  серіктестікпен алынған міндеттерді тоқтату және келтірілген залалды төлеуге талап қояды. Талаптар серіктестік хат түрінде жіберіледі, ал көшірмесі сол серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға жібереді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталдың азаюы  туралы, кредиторлармен талап қою  мерзім өткен соң мемлекеттік  тіркеу іске асырған орган тіркейді. Егер осы органға кредиторлардың талаптарының көшірмелері келсе, талаптарды орындағаны туралы дәлелдеуін немесе осы кредиторлардың серіктестіктің жарғылық капиталдың азаюы туралы тіркеуге ешқандай қарсылық білдірмегенде, мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғылық капиталды азайтқан кезде орындалған тәртіп бұзылса сот немесе мүдде тұлғаның арызы бойынша, серіктестікті тарату негіз болады[26].

Құрылтайшыларға жарналар мен салымдарды қайтарған кезде, яғни серіктестіктің жарғылық капиталдың азаю кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады: 5030 «Жарналар мен пайлар» дебеттелініп, ақша қаражат, айналым емес активтер, тауарлы материалдық қорлар және т.б. кредиттелінеді.

Акционерлік қоғамдарға келетін болсақ, бұнда қазіргі  заңдылыққа сәйкес жарғылық капиталды  өзгеше тәртіппен құрылады, бұнда  шығарылған хабарланған жарғылық капитал деген түсініктер қолданады.

Акционерлік қоғам өзінің жарғылық капиталын тіркейтін болса 5110 «Төленбеген капитал» шоты дебеттілініп, 5020 “Жай акциялар” және 5010 “Артықшылығы бар ациялар” кредиттелінеді. 5110 “Төленбеген капитал” активті шотта ұйымның жарғылық капиталына заңды және жеке тұлғалардың салым сомасы үшін қарыздалған информация жазылады. Былай қарасақ бұл шотта жоқ капитал көрсетіледі, яғни нақты капитал сияқты (ақша, қондырғылар т.б) құнды емес, ал өзінің сол ұйымнан табыс алуға құқысы көрсетілген.

Жарғылық капиталға  салым салғанда ақша қаражат, мобильді активтер, тауарлы – материалдық  қор және т.б. дебеттілініп, 5110“Төленбеген  капитал” кредиттелінеді.  Егер 5110 “Төленбеген капитал” шот дебеті бойынша толық борыш  өтелсе, бұл жарғылық капиталдың толық құрылғанын көрсетеді.

Жарияланған қоғамның жарғылық капитал көлемі шығаруға барлық жарияланған  акциялардың номиналды құнына тең. Қоғам жариялаған акциялардың барлығын немесе бір бөлігін ғана орналастыра  алады.

Қоғамдарда жирияланған жарғылық капиталдың минималды көлемі; жабық қоғамдарда – 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, ашық қоғамдарда – 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде болады.

Жабық қоғамның минималды  жарғылық капиталы мемлекеттік тіркеу кезінде төлену керек. Ашық қоғамда жарияланған жарғылық капиталдың 25 пайызы төлену керек. Қоғаммен жарияланған жарғылық капиталдың өзгеруі (өсу немесе азаю) акционерлердің жалпы жиналыс шешімімен шығаруға жарияланған барлық акцияларды орналастырып және оны төлеген соң рұқсат етіледі, егер басқасы заңмен қарастырылмаса. Ескертетін жағдай, егер жарияланған жарғылық капитал азайғанда минималды көлемнен, “Акционерлік қоғам туралы” заңға сәйкес жол берілмейді.

Акционерлік қоғамдарда жарғылық капиталдың құрылу ерекшеліктеріне аудитор тексеру кезінде, әсіресе акцияларды төлеу және олардың қозғалысының операциялары заңды екендігіне көңіл бөлу керек. Акционерлік қоғамдар арнайы реестрлерде тіркеледі. Аналитикалық есеп 5110 “Төленбеген капитал” шотында акционерлік карточкалар немесе айналым ведомостьте жүргізіледі, бұнда жарғылық капиталға салымдар бойынша қарыз сомасы, оны өтеу күні, қарызды өтеу үшін активтерге салынған сома көрсетіледі. Аналитикалық есепті жүргізудің негізгі құрылтайшылардың құжаттары, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді қабылдау тапсыру актісі, кіріс кассалық ордер және т.б. болып табылады.

Акционерлердің реестрі  және 5110 шот бойынша мәліметтерді салыстырып, акцияларды уақытысында  төлеу және олардың қозғалысы  заңды екендігін бақылауға болады. Ашық түрдегі акционердік қоғамдарда басқа  акционерлердің келісімінсіз қолдан қолға өте алады, бірақ акционерлер реестіріне міндетті түрде болған өзгерістерді жазу. Ал жабық түрдегі акционерлік қоғамдарда акциялар қолдан қолға өту басқа акционерлердің келісімімен ғана жүзеге асыра алады, егер жарғыда басқаша көзделмесе. Жарғылық капиталды тексерген аудитор бірінші кезекте 5020 “Жай акциялар және ” және 5010 “Артықшылығы бар акциялар” шотындағы соманы 5110 “Төленбеген  капитал” шотындағы сомамен салыстыру керек, жарғылық капиталға садымдардың қарыз сомаларын көрсетеді.

Информация о работе Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау