Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12

2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22

3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59

Работа содержит 1 файл

Диляра.doc

— 598.50 Кб (Скачать)

Акцияның құрылтайшылары алдын-ала енгізетін төлем мөлшері  қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі  мөлшерінен кем болмауға және оны құрылтайшылар акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған  акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Ұйымның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша,мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік нысандарына құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін, еліміздің заң кесімдеріне көзделген жағдайларды қоспағанда. Акцияларды ақшамен төлеу ұлттық валютамен жүргізіледі.

Акциядан басқа, өзге де мүлікпен төлеу еліміздің заңдарына  сәйкес берілген лицензия негізінде  әрекет етітін бағалаушы белгілейтін  баға бойынша жүзеге асырылады. Егер қоғамның (ұйымның) орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төлейтін ақының мөлшері негізге ала отырып, қоғамның (ұйымның) оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім біткенге дейін қоғам (мекеме) акционерлері жалпы жиналысының келісімінсіз мұндай мүлікті алып қоюға тиым салынды. Қоғамға (мекемеге) өзінің жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы рыногында орналастырған кезде оларды өзі сатып алуына жол берілмейді.

Жауапкершілігі серіктестік  нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі жүз есептік айлық көрсеткіштің мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомадан кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ұйымның) жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер  пайдалану құқығы мен интеллектуалдық  қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секъюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылған арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін. Салымдарды жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге болмайды.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысандағы (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т.б.) немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Егер серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген болса, бұл салымның мөлшері құрылтайлық құжаттартарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады. Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға болмайды.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, әрбір қатысушы салымның жарғылық капиталың жалпы  сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе пайыздармен көрсетілуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа құрыльайшыларды  қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы  қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу негізінде үлестерін тиісінше қайта есептеуге әкеп соғады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіккке қатысушылар серіктестікті  тіркеген кезге дейінгі жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде 25 пайызын, бірақ жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін, яғни жүз айлық есептік көрсеткіштік мөлшеріне баламалы (эквивалентті) сомада енгізуге міндетті. Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестік жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.

Серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған  жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталы (өзінің таза активтерінің) есебінен төлеуге, не жарғылық капиталды оның енгізген бөлігіне дейін азайтуға тиіс. Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын  ұлғайтуға оны толық төлегеннен кейін рұқсат етіледі және ол келесі жолдармен жүргізіледі:

серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша баламалы              (эквивалентті) салымдар;

жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен,              оның ішінде өзінің резервтік капиталының есебінен ұлғайту; 

бұған қалған барлық қатысушылар  келіскен жағдайда бір немесе              бірнеше қатысушының қосымша  салымдар салуы;

серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау.

Жарғылық капитал жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың біреуі немесе бірнешеуі, не жаңадан қабылданатын қатысушылардың қосымша жарна төлеуі арқылы ұлғайтылған кезде мұндай салымның мөлшері серіктестіктің өз капиталына олардың осының алдындағы жарнасының мөлшерін және барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу қажеттілігі ескеріле отырып белгіленеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім  қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарланған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең салымдар енгізілуге тиіс.

Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Жарғылық капитал ұлғайтылмай  қалған жағдайда қатысушының немесе өз салымын салған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке кіруге ниет білдірген  үшінші жақтың серіктестіктен Қазақстан  Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес не зияндарын өтеп, оның ішінде салым ретінде салынған мүлікті пайдалану мүмкін болмауы салдарынан қолдан жіберіп алынған пайдасын өтеп, салымды қайтаруды және тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін баламалы (эквивалентті) мөлшерде азайту, не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде қалған қатысушылардың үлестері тиісінше өзгереді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы  жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап серіктестік бұл шешімі туралы шешім  қабылдаған соң туындайтын міндеттемелер  бойынша несие (кредит) берушілерге хабарлауға міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық несие (кредит) берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылған туралы жазбаша хабарлама жіберуге, не серіктестік туралы мәліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің несие берушілері хабарлама алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестік қосымша кепілдіктер, не серіктестіктің тиісті міндеттерді мерзімнен бұрын тоқтауын немесе орындауын және зияндардың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша нысанда жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға ұсынылуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының  азайтылуын серіктестікті мемлекеттік  тіркеуден өткізген орган серіктестікке  талаптар мәлімдеу үшін несие берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді.

Жарғылық капиталдың нақты барын және қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік  жоспарының 5000 «Жарғылық капитал» кіші бөлімінің мынандай пассивтік шоттары  арналған:

 

5010 «Артықшылықты акциялар»

5020 «Қарапайым акциялар»

5030 «Салымдар мен пайлар»

 

Бұл шоттар бойынша жазулар  ұйымның құрылтайшы құжаттарында тиісті өзгерістер (құрылтайшылар, қатысушылардың шешімдері бойынша) енгізіп, бір  уақытта құжаттарды жергілікті атқарушы үкімет органында тіркегеннен кейін белгіленген тәртіпте жүргізілген жарғылық капиталдың қалыптасуы, көбеюі немесе азаюы негізінде жүргізіледі.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдар бойынша  құрылтайшылармен есеп айырысуды есепке алу 5110 «Төленбеген капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шот «Капитал мен резервтер» бөлімінде қарастырылса да, өзінің экономикалық мазмұны бойынша активтік шот. Бұл шоттың дебеті бойынша жарғылық капиталға салынатын салымдар жөнінегі құрылтайшылардың салымдарының нақты түскен сомалары көрсетіледі. 5110 «Төленбеген капитал» шотының дебеттік қалдығы (сальдосы) жарғылық капиталға жарияланған (жазылған), бірак төленбеген салымдар бойынша құрылтайшылардың берешек сомасы көрсетіледі. Мекеме өзінің жарғылық капиталын құрылтайшы құжаттарда (келісім-шарт пен жарғыда) белгіленген тиісті мөлшерде толық қалыптастырғанда, 5110 «Төленбеген капитал» шоты толық жабылады және дебеттік қалдық (сальдо) онда болмайды.

Акционерлік қоғам мен  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қалыптасуын есепке алу тәртібін қарастырамыз.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын жарияланған (жазылған) және тіркелген салымдардың  нақтылы (номиналдық) құнв бойынша құрылтайшылардың берешек сомасына бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

 

           5110 «Төленбеген капитал» шотының  дебеті

                     

                      Тиісті шоттардың кредиті:

 

           5010 «Артықшылықты акциялар»

           5020 «Қарапайым акциялар»

 

 Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын құрылтайшылар қоғамның (ұйымның) заңды тұлғасы ретінде мемлекеттік тіркеу күннен отыз күн ішінде толық төлеуі керек. Жарғылық капиталға жарияланған (жазылған) және тіркелген акцияларды (салымдар немесе жарналарды) төлеудің нақты түскен сәті болып саналады:

ақшалай қаражаттар үшін – банктің жазбаша көшірмесіне (төлем              Құжаттарына) сәйкес ағымдағы банктік  шоттарға (теңгемен немесе              валютамен) ақшаны қосу немесе кіріс  касса ордеріне сәйкес              акционерлік қоғамның (ұйымның) кассасына қолма-қол (салт) ақша              өткізген күні;

негізгі құралдар, материалдық  емес активтер, тауарлық-материалдық              қорлар үшін – көрсетілген мүліктік құндылықтарды түскенін растайтын  қабылдап алу-беру келісімдері және басқа тауарлық құжаттарды жасаған күні.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына құрылтайшылардан жарияланған (жазылған) және тіркелген акциялардың (салымдар мен жарналардың) құнын  төлеу ақшалай қаражаттармен  түсуіне қарай есеп айырысу нысандарына (қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол (салт) ақшамен) байланысты келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

 

                    Тиісті шоттардың дебеті:

 

           1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

           1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы  ақша қаражаты»

           5110 «Төленбеген капитал» шотының  кредиті

 

Құрылтайшылардан жарияланған (жазылған) және тіркелген акциялардың (салымдар немесе жарналардың) құнын  төлеу негізгі құралдар, материалдық  емес активтер, тауарлық-материалдық  қорлар түрінде келіп түссе, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

 

                    Тиісті шоттардың дебеті:

 

           1310 «Шикізат және материалдар»

           1320 «Дайын өнім»

           1330 «Тауарлар»

           1350 «Өзге қорлар»

           2410 «Негізгі құралдар»

           2730 «Өзге материалдық емес активтер»

           5110 «Төленбеген капитал» шотының  кредиті

 

Акционерлік қоғам өзінің акцияларын бағалы қағаздар рыногында  олардың нақтылы құнынан асатын баға, орналастыру бағасы бойынша  сата алады. Мұндайда акцияларды орналастыру бағасы бойынша есептелген сату құнының нақтылы (номиналдық) құнынан асқан сомаға бухгалтерлік шоттарының келесі корреспонденденциясы беріледі:

 

                    Тиісті шоттардың дебеті:

 

          1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

          1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

          5310 «Эмиссиялық кіріс» шотының  кредиті

 

Бұрын айтылғандай, жарияланған (жазылған) және тіркелген жарғылық капитал толық төленгенде 5110 «Төленбеген  капитал» шотында қалдық (сальдо) болуға тиіс емес.

Жарғылық капиталдың айналымнан алынған  акциялар сомасына азайған кезде  олардың түрлеріне қарай келесі бухгалтерлік тізбе беріледі:

 

                    Тиісті шоттардың дебеті:

Информация о работе Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау