Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

     Немқұрайлы  отбасында. Мұндай отбасыларда  барлығын жасауға рұқсат етілген,  бала өз ата- анеларына қалай  айтқан нәрсені орындату ережелерін  әбден біліп алған. Бұл балаға  жеке басты ойлаушылық, ұрыс –  керіс көп тән болады.

     Немқұрайлы отбасының балаларына қарым – қатынас жасау әрдайым жақсы болуы мүмкін емес олар: адекватты лояльды болып келеді. Отбасында өз айтқанын істеу үшін қандай іс – шара қолданса осы әрекетті жолдастарына да қолданғысы келеді. ( Мен айттым, менің солай жасағым келеді) деген позицияны ұстанады. Бұндай отбасында тәрбие алған балалар қоғамның заңдылықтары мен шынайы басқалармен қатынасқа түсуді білмей өтеді.

     Аса қамқорлық  көрсетуші отбасы. Бұндай отбасында  өскен бала ата – анасының  үздіксіз назарында және өзінің әртүрлі жеке ішкі проблемалары бар, жеке қайғылар мен комплекстер негізінде пайда болады. Баланы есейгенше өз қамқорлығынан жібергісі келмейтін ата – аналар оның ішкі уайымдарына да қол жеткізгісі келеді. Мұнда бала балалық шағындағыдай өзіне деген сенімі өте төмен болады. Керек кезде қарсылықта көрсете алмайтын болады, өздігінен жақсы қарым – қатынасты да құра алмайды.

     Жасөспірім  үшін жағдайы жақсы отбасында  тұру қиынға соғады, өйткені бала  енді барлық қатынастарын өзі  жасай бастайды, отбасын игеру, кейде ата – аналардың көңіліне келетін мына сөздер (Сен маған қалай сөйлеп тұрсың?. Аузынан сүті кетпей тұрып, т. с. с). Сондада ата – аналар өздерінің есейген балаларымен ақылдасып, олардың жақсы өмір сүріп өздерін дамытуға жағдай жасауға тырысады.

     Ата –  аналары жаман тәрбиелі отбасыларда  тұратын жасөспірімдер.Ата –аналар  ішімдік ішетін, наркотик қабылдайтындар  олар бұнымен балалық шақтан  бейімделеді. Жасөспірім алкогольдік  және наркотик тұтынушы топқа,  жатуы мүмкін. Бірақ осы жаман  әрекетке барға бола қоғамдық ережелерден айтады және бұл жолдан кетуіне сенім азаяды. Кей жағдайларда мұндай отбасыларда балалар өзіне күш жинап қашып кетуі мүмкін және өзіне жаңа жол таңдау бақыты бұйырады.

     Толық емес  отбасыларда ( көбінесе әкесі  жоқ болады ). Жасөспірім өзін толыққанды сезіне алмайды. Осы кезеңде бала өзін ата – аналарының жыныстық сәйкестендіру арқылы жыныстық даму процесінен өтеді. Отбасының толық болуы жасөспірімнің достары арасында беделінің биік болуына септігін тигізеді. Әкенің жоқ болуы оның әлеуметтік позийиясын әлсіретеді.

     Балалық  шақтағы достық, топ арасында  қарым – қатынас, жасөспірімдердің  өзара араласулары қарым –  қатынастың үдеуіне әкеліп соғады. Отбасында қарама – қайшылықтар  көп болатын балалар, топта  әрдайым жайдары болуы мүмкін емес.

      Балалық  шақ басқа адамдармен қанша  қиын да психологиялық жағынан  үлкен адамдармен қатынасқа түсу  өзінің әсерлігімен белгілі бағытқа  бағытталады. Дәл осы балалық  шақта жасөспірім жаңа таныстықтар  мен өздері жақсы көретін адамдар  мен араласуға бағытталып жүреді.

      Балалықшақтың  иннерциясына дейін жасөспірім  өзінің қабылдауына, есте сақтауына,  сөйлеу мәнеріне мән беріп  оны дамытуға тырысады және  өмірлік құндылықтар айқындалып  өзін - өзі тәрбиелеудің негізіне  айналады. Көп жұмыс істеп те  және көп уақытын бос өткізу арқылы да жасөспірім өзін тұлға сезіне алады. Жасөспірім өзінің бойындағы жасырын қабілеттерін ашып отыру арқылы тынымсыз өзін - өзі тану процесі мен қатты айналысып кетеді.

     Жасөспірім  бойында жалындап тұрған сезім  оны көптеген бағыттарға итермелейді, көбінесе олар өзі таңдаған мақсатқа жетпей қоймайды. Оның мақсатынан басқа әлемде маңызды ешнәрсе жоқ сияқты кей жағдайларда өзіне және басқа адамдарға деген рефлексия жасөспірімде өзіне - өзі түңілу мен психологиялық күйзеліске алып келуі мүмкін.

 

14-дәріс. Кемелдену  жасы, қартаю кезеңі және кәрілік  психологиясы.

1. Кемелденуге өтудің  жалпы шарттары. Кемелдену кезеңінің  әлеуметтік мәні.

2. Әлеуметтік белсенділіктің  ерекшеліктері. 

3. Ересектердің даму  заңдылықтары.

Отандық психологтардың айтуынша, жеке тұлға «иелену» арқылы өзінің «жан-жақтылығы» негізінде дамиды: «адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы қоғамдық қатынастардың маңызы зор». Психологияда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін сыртқы детерминация мәселесі пайда болды.

Л.С.Выготскийдің теориясына сүйенсек, «біз өзгелер арқылы өзімізді қалыптастырамыз», «неліктен барлық ішкі қажеттіліктен жоғары формадағы  сыртқы бола алады» деген сұраққа  «барлық жоғарғы психиканың функциялық дамуының сыртқы кезеңі арқылы өту керек, өйткені функция ең алдымен әлеуметтік болып есептеледі. Бұл – ішкі және сыртқы мінез-құлықтың барлық мәселелерінің орталығы болып табылады». Осыған байланысты адамның қалыптасу механизмі туралы сұрақ пайда болады. Толыққанды адамның қалыптасуының психикалық  механизмі әлеуметтік детерминанттарға ие болумен қатар, жеке тұлғаның құрылымы мен жағдайы, іс-әрекеттерін жасайтын үрдістер мен жүйелерден тұрады.

Идентификация – жеке индивидтің адамзаттық жан-жақты негіздерін иелену механизмі (лат – ұқсату, теңестіру). Идентификациялық механизмдер индивидке даму, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуге және әлеуметтік жағдайға қарсы тұруға көмектеседі. Психологияда идентификацияны «бір адамды басқа адаммен, топпен, үлгімен эмоционалдық және өзгеше өзіндік ұқсату процесі» деп қарастырады.Идентификацияның екі түрі бар:

  1. интериоризациялық идентифифкация;
  2. экстрариоризациялық идентифифкация.
  3. интериоризациялық идентифифкация өзін басқадан «иелену» және «сезіндірумен» қамтамасыз етеді;
  4. экстрариоризациялық идентифифкация өзінің сезімін және мотивін басқаға тасымалдаумен (берумен) қамтамасыз етеді.

     П.Я. Гальперин  бойынша түсініктің түпкі мазмұнына  сәйкес объектілердің нақты заттық  жағдайлардағы функцияларын құрайды  және түсініктің белгілері тек  соларға ғана тиісті. Атап айтқанда объектілердің функциялары кеңістіктің схемасы түрінде түсініктерге сәйкестік әкелетін объектілердің қатынастарын шағылыстырушы айқындалған және ұсынылған болуы керек. Сонымен мысалы, физика облысынан («қатты денелердің қысымы») ғылыми түсініктің қарапайым жүйесінің қалыптасуына арналған зерттеулерде бала, есепті оқып шығып, алдымен есептің тексті бойынша суретте проблемалық жағдайларды қалпына келтіруі керек еді. Содан кейін жағдайдың бейнесін схемаға түрлендіруі – қысымның барлық құраушы күштерін шеңбердің көмегімен қоршау керек, оның бойынан барлық тіреулердің орнын белгілеу және олардан қысымды белгілейтін сызықтар салу; одан кейін осы схеманы қайта салу және оны нақты сандармен, белгілермен толтыру. П.Я. Гальпериннің басшылығымен орындалатын осы және көптеген келесі зерттеулерде көрсетілген еді; затпен түсініктің арасында әрқашанда схема тұрады, оны салмай толыққанды түсінікті қалыптастыру мүмкін емес. Осыдан шығатыны, ішкі жоспарға әрекеттің схемасы ғана көшірілмейді, сонымен қатар сәйкес проблемалық облыста оның функциясын шағылыстыратын объектінің схемасы да көшіріледі.

     Схема заттардың  сыртқы көріністерінің суретімен  макетіне ұқсас оңайлатылған  бейнесі ғана емес, сонымен қатар  оларда объектілердің негізгі  қатынастары мен олардың ішкі  құрылымдары шағылыстырылғаны болып табылады. Сондықтан схемада екі заттың ұзындықтарының, не салмақтарының қатынасы беріледі, мысалы, осы параметрлерді өлшеудің нәтижесінде алынған негізгі бірліктердің өзара – мәнді арақатыстары түрінде беріледі.

      П.Я. Гальпериннің сөзі бойынша осы схеманы бөлу процесінде –ақ және олардың дайындығының әр кезеңінде олар үйренетін объектілерге қатысты есептерді шығарғанда құрал ретінде пайдаланылады. Олар алдын ала қабылданатын жеке практикалық және теориялық әрекеттердің негізінде заттар туралы ойлаудың схемасы және жалпы схемалары болады. Міне, неге П.Я. Гальпериннің пікірінше жалпы схемасын қалыптастыру арқасында заттарда ойлаудың дамуы жүріп өтеді. П.Я. Гальперин ұқсас схемаларды «оперативтік схемасы» деп атады. Олар өздерінің мазмұндары бойынша Ж. Пиаженің оперативтік және әрекеттік схемаларынан ерекшеленеді. Олар білімнің сәйкес облыстарында кезкелген объектіге қатысты бағыттық құрал қызметін атқарады  және қатысты болады.

      П.Я.Гальпериннің  және оның қызметкерлерінің зерттеулері объективтік білім және ғылыми түсініктер – балалар сыртқы ақпараттарды қарапайым тіркеу негізінде қабылдана салмайтынын көрсетеді. Олар субъектінің әрекеті негізінде құрылады. Ж.Пиаже же осыған көндіруге тырысты. Ол объектіні тану үшін субъект онымен әрекет жасау және ол бойынша оларды өзгерту керек деп есептеді. Бала объектіні сенсомоторлық деңгейде орын ауыстырады; оларды қиыстырады. Дамудың жоғарырақ деңгейінде мектеп жасына дейінгілердің  үлкендері және мектеп жасында бала тек қана сыртқы жоспарда емес, сонымен қатар таным объектілерін ойша құрады және қайта құрады. Осы қайта құрудың тетіктерін ұстай отырып, бала Ж.Пиаженің сөзімен айтқанда «құбылыстың өндіріс әдісін» орнатады.

      Білім,  Ж. Пиаже бойынша қызметтің  екі түрін болжайды. Бір жағынан ол әрекеттің өзін жинақтау, ал басқа жағынан – объектілердің арасында қатынас орнату. Ол да және басқа қатынастар да өзара байланысты.

 

15– дәріс. Ересек  адамның жеке басы.

  1. Әлеуметтік белсенділік. Құнды бағдарлану, дүниетаным мәндері.
  2. Ересектердің жас дағдарыстарының ерекшеліктері.
  3. Қарт адамның өмірінің әлеуметтік ситуациясы. Қартаю периодизациясы.

 

Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген. Отандық психолог Н.Н.Рыбников «акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел жастағы тұлғаны – адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды.

Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау шыңы, әсіресе, адамның  дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл  уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады. Тәжірибесін ары қарай беру қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы іске асырылады.

Қырқыншы жылдардың дағдарысын еңсерген адам үшін көкжиек кеңейіп, өмірдің негіздемелері тереңдей түседі, жаңа және алысқа апаратын мәселелер пайда болады. Өмір қызықтырақ бола түседі, күнделікті проблемалар кейін ығыстырылады. Енді ауқымды іс-әрекеттерді жоспарлау мен ұйымдастырудың жалпы мәселелері көбірек қызықтыратын болады. Жастардың өз өмірлерінің өктем сатысындағы дамуын бақылай отырып, бейтаныс және терең қуаныш сезімін бастан кешіреді. Бұндай жағдайда жастарға кеңесімен не ісімен көмек көрсетіп, олардың ризалықтарын алуға болады. Бұл әсіресе кәсіби тұрғыдан жастарға білім берумен және олардың тәрбиесімен айналысатын адамдар үшін маңызды.

Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады; мысалы, 35 жаста жақсы  прокурор немесе белсенді басшы болуға болады, бірақ қазір көрнекті заңгер және ақылды, жақсы бастық болады. Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне жетеді. Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштері әлі де жеткілікті болады. Бұл жас – барынша көп және ауқымды жетістіктер кезеңі.

Кемел жастағы адам тұлғасына  неғұрлым тән белгілер ұмтылыстарының шынайылығы, өндірістік, отбасылық  және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге асыру барысына баса көңіл бөлу, өз даму кеңістігі үшін күрес, өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару, эмоционалдық икемділік, тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық болып табылады.

Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың  құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады.

«Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын, феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады»1.

Кемел шақ кезеңінің басталуы –  өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс – эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"