Салық жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Работа содержит 1 файл

Салық жүйесінің қалыптасуы.DOC

— 803.00 Кб (Скачать)

Алымдардың түрлері:

                  1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

                   2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

              3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3.1.Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым (2005 жылы 1 қаңтардан).

4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.1.Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылы 1 қаңтардан).

                            7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8.1.Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,  туындылар  мен  сабақтас  құқықтар  объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (2006 жылы 1 қаңтардан).

              9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

              10.Аукциондардан алынатын алым.

11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға езгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін телемақыға қосымша ретінде "қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы" төлейді.

Төлемақының түрлері:

              1.Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2.Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы.

              3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

              4.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

              5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

              6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін
төлемақы.

              7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

7.1.Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылы 1 қаңтардан).

              8.Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

                    9.Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Алтыншы кезең.

              Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты биылғы жолдауында еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму үдерісінде шешуші рөл атқаратын екі басты құжатты атап көрсетті. Ол жаңа Салық кодексі мен үш жылдық бюджет. Үкіметтің жаңа Салық кодексін қабылдауындағы себебі, ол экономиканы жаңғыртудағы, әртараптандыруға және бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасайды.

              Жаңа Кодекс салық қызметкерлерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс - әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек. Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төменделуін қарастырылуы қажет. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.

Үкімет Салық кодексіне Президентіміздің тапсырмасы бойынша түзетулер енгізеді. Менің ойымша бұл оңды қадам. Біріншіден, Салық кодексі деференциалды болуы керек. Мұны қазақшалар болсақ, байдан байдікіндей үлес, кедейден кедейдікіндей сыбаға алуға тиіспіз. Ал қазір «әр қарындасқа бір сырға» ұстанымы қалыптасқан. Мәселен, зейнеткерден де, табысы төмен ауыл мұғалімдерінен де, олигархтар мен ірі монополистерден де 10 пайыздық табыс салығын ұстап жүрміз. Бұл әділеттілік емес. Табыс салығының өзі негізгі салық түріне жатады. Сондықтан да ол бюджеттің негізгі түсімін құрайды. Бюджет өзі зорға асырап отырған мұғалімдерінің жалақысын өсіріп, инфляцияны қоздырғыш себептерді молайта бергенінше, олардан алынатын салық мөлшерін азайтып, керісінше байлардан түсетін салықтық түсімді молайтуға тиіс. Сонда ғана әлеуметтік әділеттік орнап қана қоймай, инфляцияны тежейтін бір тетікті іске қосамыз. Тағы бір айта кететін тұс, әлемнің дамыған елдерінде «монополист салығы» бар. Міне, осыны біз өндіріске әлі енгізген жоқпыз. Қай кезде де монополист өз дегенін жасауға талпынады. Сондай жағдайда оларға «бауырым, халықты аясаңшы» деп жалбарынудың орнына халықтан олардың алғанын бюджетке салық есебінде қайтарып отыру керек. Ескерте кетейін, нарық жағдайында үкіметтің жалынып, жалбарынуы көңілге күлкі келтіретін жағдай. Себебі үкіметтің қолында мемлекеттік реттеу тетіктерінің барлығы бар. Оның ең күштісі - салық. Соны біз әлі қолданбай келеміз. Жердегі қазба байлықтарын өндіріп, байып жатқандар жеткілікті. Ал біз олардан жер салығының өзін ала алмаппыз. Күлкілі емес, жылайтындай жағдай. Өткен күзде ғана астық өндіруші 40 шақты монополист нан бағасын өсіріп жіберді. Мемлекеттің лауазымды тұлғалары олармен келіссөз жүргізіп, әйтеуір бір мәмілеге келгендей болды. Тіпті арада жалынып-жалбарынуы да орын алған шығар. Ал оның орнына бағаны өсірген жаққа «монополист салығын» салсақ, мұндай күлкілі жағдайға душар болмас едік. Қазір біздің елдегі бағаны реттеп отырған негізінен үкімет емес, монополистер. Әр салада монополист бар. Ал үкімет солардың қимылына қарай шара қолданады. Ал алдағы уақытта оны болдырмаудың барлық тетіктерін үкімет өмірге енгізуге тиіс. Олай болмайынша, инфляциямен күресте түбегейлі жеңіске таяу мерзімде жету мүмкін емес. Ал «Қазақстан - 2030» стратегиялық даму бағдарламасының екінші кезеңінде инфляция толық жойылып, ырғақты, тұрақты және баянды дамитын микро және макроэкономиканы дамытып, халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын әлемдегі дамыған 50 елдің тұрғындарының деңгейіне жеткізуге тиіспіз. Бүгінгідей жартыкеш шаралармен мұндай биікке шығу мүмкін емес.

 

2.3 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтар рөлі

 

      Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер — салықтар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіндегі салықтық төлемдердің үлесін мына бірінші кестедегі  мәліметтерден  көруге болады.

Кесте – 12 Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің жалпы кірісіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы, 2006-2007ж.ж., %

 

2006

2007

2008

Мемлекеттік бюджет кірісі

 

21,9

27,6

39,8

Оның ішіндегі, салықтық тусімдер (%)

20,2

26,3

37,6

Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлес салмағы (%)

84,0

89,3

90,2

Оның ішінде:

 

 

 

Корпоративтік табыс салығы

6,5

11,0

13,2

Қосылған құн салығы

4,1

4,5

8,3

акциздер

0,5

0,4

0,8

Жеке табыс салығы

1,7

1,6

2,8

Мүлік салығы

0,5

0,5

0,8

Жер салығы

0,1

0,1

0,1

әлеуметтік салық

2,9

2,6

4,0

Салықтық емес түсімдер

1,4

0,9

0,9

Ескерту – ҚР статистика Агенттері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

 

 

Кестеде көрсетілген мәліметтерді қарастыра келе, қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзінің 90 пайызы салықтардан тұратынын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі    ұлғайған    сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтардың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының  қазіргі кезеңдегі ставкасы 30%, ал ауылшаруашылықғындағы өндіріс органдары үшін 10%.

Шаруашылық субьектілер мен халықтар табысының бір бөлігін мемлекеттің орталықтандырылған қаржы көздеріне айналдыру салықтардың ұдайы өндірістегі қызметін көрсетеді.

Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемін жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 20 пайыз шамасында.

Кесте – 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіндегі салықтардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі, 2005-2008жж., %

 

Атауы

2005

2006

2007

Барлық түсімдер

98,6

100,0

100,0

Салықтық түсімдер

92,2

95,2

94,5

Оның ішінде:

 

 

 

корпоративтік табыс салығы

32,3

41,8

35,2

қосылған құн салығы

2,7

1,9

22,2

акциздер

2,5

1,7

2,1

жеке табыс салығы

8,3

6,2

7,5

мүлік салығы

2,7

1,9

2,2

жер салығы

0,5

0,3

0,4

әлеуметтік салық

14,2

9,9

10,7

салықтық емес түсімдер

6,3

3,2

2,3

Ескерту – ҚР статистика Агенттері мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

 

2007 жылғы мемлекеттік бюджет салық түсімдері құрылымы.

Сурет - 1 2007 жылғы мемлекеттік бюджет салық түсімдері құрылымының динамаикасы.

Ескерту - ҚР статистика Агенттері мәліметтері негізінде

Бұл суреттен корпоративтік табыс салығы 35,1% , қосылған құн салығы 22,2% , әлеуметтік салық 10,7% , жеке табыс салығы  7,5% , жеке салық

3,0%, акциздер 2,1%, басқалай салықтар 19,4% құрайды.

      Дамыған мемлекеттердің барлығында салыққа үлкен маңыз беріледі. Халық оған үнемі назар салып отырады. Салықтан қашқандарды ақпарат құралдарында жиі-жиі жариялап, әшкерелеу үрдіс алған.Кімде-кім мүмкіндігі бола тұрып жазатайым салық төлей алмай қалса, ол халықтың несібесіне қол салғандай ыңғайсызданып, өзін қоғам алдында қылмыс етіп қойғандай сезініп, халықтан кешірім сұрауға арланбайды.

Өйткені, бюджет қаржысы, негізінен, салықтан түсетін кірістен құралатынын, ал, ол өзі өмір   сүріп     отырған   мемлекетінің мүддесі екенін жақсы түсінеді. Салық —  тәуелсіз   еліміздің    әл-ауқатын құрайды. Дәлірек айтқанда, денсаулық сақтау мен ғылым-білім беру салаларын дамытуға, әлеуметтік салаларды сауықтыруға, әскери-қорғаныс шығындарын өтеуге, агроөнеркөсіп кешендерін, тұрғын үй саясәтын жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметкерлердің шығындарын өтеуге, индустриалды-инновациялық бағдарламаны орындауға шағын және  орта кәсіпті дамытуға бағытталады.Астана мен Байқоңыр қалаларының бюджеті ерекше бекітіледі.

   Бюджет — республикалық және жергілікті болып екіге бөлінеді.Салық жүйесінің негізін — корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік және табыс салығы құрайды.2005 жылғы реслубликалық бюджеттің    кірістері — 1 триллион 468,2 миллиард теңге болды.Ол — ІЖӨ-нің 18,5 пайызы.Ата Заңымызда Қазақстан азаматының кәсіппен айналысуға еркі  бар екені ап-анық жазылған.Оның үстіне «Кәсілкерлік туралы» Заңдар қабылданып, кәсіппен айналысуға қолайлы жағдайлар жасалған.Салық комитеттерінде 1 кәсіппен   айналысқысы   келетін   азаматтарға жалпыға бірдей белгіленген тәртібі бойынша керекті құжаттар арнайы қабылданып, бекітіліп қойылған.Онымен жергілікті Салық комитетіне барып танысуға болады.Шағын және орта  кәсіппен  айналысқысы  келетін  азаматтарға   арнайы   салық  жүйесі мен салық салудың жалпыға бірдей ортақ белгіленген тәртібіне сәйкес екі түрлі талап қойылады. Олар:

1. Жеке тұлға — жергілікті әділет басқармасына    тіркелуге    міндетті
емес.

                            2. Заңды тұлға — тіркелуі керек.

Көпшілікке түсінікті болу үшін «Жеке тұлға» туралы, оған салынатын салық салу тетіктерін, қандай бухгалтерлік құжат керектігі төңірегінде түсінік бере кететін болсақ.Бұл көсіпкердің күнделікті әрі ешқашан таусылмайтын маңызды проблемасы болып қала береді.Кәсіпкерге осы жүйе, яғни, «Жеке тұлғаға» салынатын салық салу жүйесі «Заңды түлғаға» қарағанда оңайлатылып ұсынылған.Жаңадан жеке кәсіп бастағысы келген азамат жеке бас куәлігі иә төлқұжаты мен салық төлейтін тіркелген нөмірі бар, оны растайтын куәлігін алып, Салық комитетіне келіп, жеке кәсіппен айналысатынын айтады.Салық қызметкері арнаулы салық режимінің белгіленген төртіптерінің біреуін таңдауды өз еркіңізге береді.Мысалы:

Информация о работе Салық жүйесінің қалыптасуы