Салық жүйесінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......

Работа содержит 1 файл

Салық жүйесінің қалыптасуы.DOC

— 803.00 Кб (Скачать)

•              ойын бизнесіне салынатын салық;          

        •  пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;

•     жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем;

•     мемлекеттік баж;

•     су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық;

•     спиртті алькогольді өнімдерді, этил спиртін өндіру және
айналым құқығы мен лицензия беру үшін алынатын
алым.

              Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді:          

•     ұйымдар;

•     жеке кәсіпкерлер;

•     Рссейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін түлғалар.

Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және де салық салуда оңайлатылған жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді. Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде онық төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысындағы құнында төленеді.

Салық салу объектісі болып мыналар танылады:

•   Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;

•                Жеке тұтынуы үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау;
           •   Импорт операциялары.

Негізінен,   қосылған   құнға   салынатын   салық   үш   түрлі мөлшерлемемен: 0%, 10% және 20% мөлшерлемемен алынады. Нольдік мөлшерлеме:

а) мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияларына;

ә) ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жұмыстар;

б)бағалы металдардың мемлекеттік қорына, Орталық банк
пен   екінші   деңгейдегі   банктерге   бағалы   материалдар
өндіретін салық төлеушілер;

в)дипломатиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға
теңестірілген тұлғалардың және олардың отбасыларының
жеке   және   ресми   пайдалануына   әкелген   тауарларына
қолданылады.

10% мөлшерлемемен салық салынады:

•   тірі салмақтағы мал, құс;

•              деликатес, колбаса, консерві өнімдерінен басқа ет және
ет өнімдері;

• жеміс-жидек ңегізінде жасалған балмұздақтан басқа сүт және сүт өнімдері;

       •              жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;

       •   өсімдік майы, маргарин және азық-түлік өнімдері;

•      балалар тауарлары;

•      мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;

          •              отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, медициналық;
       Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық мөлшерлемемен қосылған құнға салынатын салық.

Егер салық төлеушінің бір тосқауылды тауар өткізуден түсірген табысы 1 млн рублден кем болса, онда салық әрбір есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 20-шы жұлдызына дейін, одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-шы жұлдызына дейін теленуі керек.

         Қосылған құнға салынатын салықты төлеуден мыналар бостылады:

         •              тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке
аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі-
дәрмектер, құрал-жабдықтар.

         • косметологиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен басқа медициналық қызмет көрсетулер;

•                халықты әлеуметтік қорғаудын мемлекеттік және жергілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп бағумен байланысты қызметтері;

•    мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;

•    такси және маршрутты такси мен жолаушы тасымалы;

•    тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметтері.

•    әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясында жүргізілген жұмыстар;

•    бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған
тауарлар;

•    Ресейдің әуе жайлары мен әуе кеңістігінде, әуе кемелерінде көрсетілетін қызметтер;

       •              дәріхана ұйымдарының дәрі-дәрмек жасау,  оптикалық
көзілдіріктерді жасау және жөндеу, есту және қозғалу аппараттарын жөндеу жұмыстары;

•   инкассациядан басқа банктік операциялар;

•    сақтандыру, қайта сақтандыру және өзара сақтандыру
операциялары;

•    орман өрттерін сөндіру жұмыстары және т.б.

Ресей салық заңнамасына сәйкес акциздерді мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді.

•    ұйымдар;

•    жеке кәсіпкерлер;

•    Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.

Акцизделген минералды шикізатқа табиғи газ жатады.Дербес салық төлеуші болып табылмайтын кұрылымдық бөлімшелердің акцизделетін тауарларды өзара берілуі, салық төлеушілердің мұнай өнімдерін өткізуі, табиғи газды өзінің технологиялық мақсаттары үшін пайдалануы және тағы басқа акциз салығын төлеуден босатылады. Акциз салығының тұрақты, немесе адвалорлық мөлшерлемелері әрбір акцизделетін тауар түрлері бойынша дербес тағайындалады. Акцизделетін тауарлар мен акцизделетін минералды шикіттарға қолданылатын салық мөлшерлемелері.

Кесте – 4 Ресейдегі акцизделетін тауарлар тізбесі.

Акцизделетін тауар түрлері

Салық мөлшерлемесі (өлшем бірлігі %-бен немесе рубль және копейкамен)

 

Барлық шикізат түрінен этилді спирт

1л сусыз этилді спирт үшін 16 рубль 20 коп

.

 

Құрамында 25 % астамы этилді спирттен тұратын алькогольді өнімдер және спиртті өнімдер құрамындағы этилді спирт 9-25% құрайтын алькоголді өнімдер(шараптан басқа) құрамында 9 % этилді спирті бар алькоголді өнімдер күшейтілген шарап.

 

Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1л       сусыз этилді спирт үшін 114   руб.акцизделетін тауарлар құрамындағы 1л   сусыз этилді спирт үшін 84 руб.акцизделетін тауарлар құрамындағы1л сусыз этилді спирт үшін 58 руб.акцизделетін тауарлар құрамындағы1л сусыз этилді спирт үшін 75 руб.акцизделетін тауарлар құрамындағы

 

Шарап (шампан, табиғи)

Акцизделетін тауарлар құрамындағы

1л сусыз

Этилді спирт үшін 47 руб.50 коп.

Табиғи күшейтілген шарап

1л үшін 4 руб..

Шампан

1л үшін 10 руб. 50 коп.

Табиғи шарап

1л үшін 2 руб.

Құрамындағы этилді спирті 0,5-8,6%болатын сыра (0,5 % дейін салынбайды) құрамындағы этилді спирті 8,6% көп болатын сыра

1л үшін 1 руб.40 коп.

1л үшін 4 руб.60 коп.

Темекі өнімдерінің түрлеріне байланысты

1 кг үшін 214-522 руб.аралығында.

Фильтрлі сигаретке

1000 данасына 50 руб.+ 5%

Фильтрсіз сигаретке

1000 данасына 19 руб.+5%

Двигатель қуаты 67,5-112,5кВт болтын жеңіл автокөліктер

Әрбір 0,75 кВт үшін 13 руб.

 

Двигатель қуаты 112,5 кВт жоғары автокөліктер мен двигатель қуаты 112,5 кВт болатын мотоцикл

 

Әрбір 0,75 кВт үшін 129 руб.

 

Дизельді отыны

1 тоннаға 890 руб.

Дизельді және карбюраторлық двигатель майы

1 тоннаға 2440 руб.

Ресей аумағындағы табиғи газ

15 %

ТМД елдеріне өткізілетін табиғи газ

15 %

ТМД елдеріне басқа шетелдерге табиғи газ

 

30 %

Автокөлік бензині

1 кг үшін 2190-3000 руб.аралығында.

Ескерту – Шетел мемлекеттер қаржылары оқу құралының авторларымен құрастырылған

                       

Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, акцизделетін минералды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз салығы есептен кейінгі айдың 25-не дейін төленуі керек. Көтерме сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін салық төлеуі керек.

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент немесе бейрезидент - жеке тұлғалары төлейді.

Салық салу объектісі болып резидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары, сондай-ақ бейрезидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары танылады.

Салық төлеушінің Ресейдегі көздерден алған табыстарына мынандай табыстарды жатқызады:

•   дивиденттер мен пайыздар;

•   сақтандьіру төлемдері;

• өткізуден  түскен  табыс  (мүлікті,  жарғылық  капиталға
қатынасу үлесін, т.б.);

• мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

• зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

• авторлық және басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен
табыс;

• атқарылған жұмыс үшін марапат;

•                кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс т.б.
Ресейден тыс көздерден алған табыстарына мынадай табыстары жатады:

•  шетел ұ.йымдарынан алған сақтандыру төлемдері;

•  шетел ұйымдарынан алган талап қүқықтары;

          • шетел ұйымдарынан алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

•              шетел ұйымдарынан алған дивиденттер мен пайыздар;

•  шетел ұйымдарынан   алған   авторлық   және   басқа   да
құқықтардан пайдаланудан түскен табыс;

•  шетелдегі   өткізудегі  түскен табыс  (мүлікті,  жарғылық
капиталға қатынасу үлесін, т.6.);

•  шетелде атқарылған жұмыс (қызмет) үшін марапат;

•     шетелдегі мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

•     шетелдегі   кез-келген   көлік   құралдарын   пайдаланудан
түскен табыс; т.б.

Жеке тұлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:

•     мемлекеттік   бюджеттен   алған   зейнетақы,   жәрдемақы,
шәкіртақы;

•     24   жасқа   дейінгі   жетім   балалардың   білім   алынуына
төленетін сомалар;

•     мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін марапат;

•     банктегі салымдар бойынша пайыздар;

•     мерзімді әскери қызметтегі тұлғалардың табыстары;

•     кәсіпорындык комитеттерінің төлемдері;

•     мемлекеттік займ облигациялары бойынша ұтыстар;

•     біржолғы материалдық көмек сомалары;

•     донорларға төленген марапат;

•     салық төлеушінің емдік шөптерді, жабайы өсімдіктерді
жинаудан тапқан табыстары;

•     шаруа қожалыгының құрылғанынаы бастап 5 жыл мерзімге дейін оның мүшелерінің тапқан табыстары;

•     жеке тұлғаның мұра немесе сый ретінде  заттай және
ақшалай нысанада алган табыстары;

•     спортшылардың ақшалай және заттай нысандағы жүлделері;

•     табылған байлықты мемлекет меншігіне өткізуден алынған табыс;

•     сайлау қоры есебінен жеке тұлғаларға төленген сомалар
және т.б.

Атап айтқанда мынадай стандартты салық шегерімдері жасалды:

•              ай сайын 3000 руб. мөлшерінде мына жеке түлғаларға:

а) Чернобыль апатында зардап шеккендер және оны жою бойынша жұмыс жасаған жеке тұлғалар;

        ә) Отан соғысының мүгедектері;

б) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер;

в) Ауғаныстанда интернационалдық борышын өтеген түлғалар және т.б.

•              ай сайын 300 руб. мөлшерінде мына жеке тұлғаларға:

а) салық төлеуші ата-ананың (асыраушының) стандартты шегерім мөлшері 20000 руб-ден асқанға дейінгі асырауындағы әрбір балаға; 18 жасқа дейінгі балаларға, 24 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде дәріс алушыларға, аспиранттарға, ординаторларға, курсанттарға асырауындағы бала ретінде 300 руб. мөлшерінде стандартты шегерім қарастырылған. Жалғыз басты ата-анаға, асыраушыға бұл шегерім екі еселенген мөлшерде беріледі.

Салық салу барысында, сондай-ақ әлеуметтік салық шегерімдері де қолданылады. Атап айтқанда ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек түрінде берген қаражаттары бойынша салық кезеңінде алған табысынан 25 пайыз мөлшерінде шегерім жасалады.

Бірақ, әлеуметтік салық шегерімінің өлшері 25000 руб-ден көп болмауы керек. Медициналық мекемелерде қымбат емдеу жүргізіліген жағдайда, нақты шығын сомасы толығымен шегерімге енгізіледі.

Мүліктік салық шегерімдері салық кезінде меншігінде 3-5 жыл болған жылжитын және жылжымайтын мүліктерді сату кезінде алған табыстарына сәйкесінше 1 млн. және 125 мың мөлшерінде салық шегерімдері беріледі.

Информация о работе Салық жүйесінің қалыптасуы