Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
1.Бір жолғы талон негізінде есеп-айырысу жолы. Бұл, көбінесе базарларда,
таксистерге, шетелден бір-екі рет барып тауар әкелгендерге өте
қолайлы.
2.Патент есеп-айырысу жолы, яғни, ай сайын Салық комитетімен
бірге белгіленген мелшерде есеп-айырысу. Бұны, көбінесе табысының
сомасы немесе тауар айналымы екі миллион теңгеден көп емес жеке
кәсіпкер қолданады, олар жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды.
3.Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істеу. 2006 жылғы
қаңтардың 1-нен бастап табыс салығының мөлшері өзгерді.
Мысалы, а) тауар айналымы 3 млн теңгеге дейін табыс сомасына кәсіпкер 3 пайыз салық төлейді; ә) 3 миллионнан 6 миллионға дейінгі аралығындағы табыс сомасында кәсіпкер 4 пайыз көлемімде салық төлеуге тиісті; б) 6 миллионнан 10 миллионға дейінгі тауар айналымының табыс сомасына 5 пайыз салық төлейді.Сонымен қатар кәсіпкер 25 адамғә дейін қызметкер-жұмысшы қабылдай алады.
4.Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша жеке кәсіппен айналысу. Бұл белгіленген тәртіп бойынша Салық комитетіне кәсіпкер жылына бір рет құжаттарымен барып есеп береді. Бұл жағдай, меніңше, кәсіпкерге өте қолайсыз сияқты, себебі, құжаттар көптеп жиналып қалып, адамды шатастыруы мүмкін. Осы жоғарыда аталған салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің біреуін ғана тандайсыз. Жергілікті Салық комитетінен «жеке кәсіпкер куәлігін» аласыз. Содан кейін ғана алаңсыз жұмыс істей беруге болады.Куәлік арқылы мөр алуға болады. Салық комитетінің рұқсат құжатымен банктен есепшот ашасыз. Егер касса аппаратыңыз болса, оны қалалық Салық комитетіне тіркейсіз. Алғашқы кезде шығындарға жол бермеу үшін, кәсіппен жұмыскер жалдамайақ айналысуға болады.Оңайлатылған декларация негізінде бухгалтерлік есеп толтыратын бланкалар Салық комитетінің жанында сатылады. Салықтың бюджетке төленетін сомаларын да сол жерде төлеуге толық жағдай жасалған. Енді, жеке кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкер оңайлатылған декларация негізінде қандай салықтың түрін және қанша төлейді, соған келейік.
Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істеу кәсіпкерге тиімді деп ойлаймын. Кәсіпкерлер тіркелген Салық комитетіне тоқсанына бір рет барып, шағын кәсіпорнының бухгалтерлік есеп-қисабын өткізуге міндетті. Белгіленген айдың 15-іне дейін бюджетке тиесілі салықты төлейсіз. Егер бір күн кешігіп қалсаңыз, айыппұл төлейсіз. Одан қалып қойсаңыз, Салық комитеті банктегі есеп шотыңызды жауып тастайды. Кәсіпкерге бухгалтерлік есеп-қисап құжаттарды уақытында өткізіп, салықты ұқыпты түрде төлеп, ертең тексеру кеп қала ма деп уайымдамай жумыс істегенге не жетсін? Бәрін уақытында улгерсеңіз, көңіліңіз көтеріліп, өзіңізді, бір үлкен іс бітіргендей сезініп жүресіз. Сол кезде кәсібіңіз де жақсы жүреді, жеке кірісіңіз де ұлғаяды. Өкінішке қарай, біздің арамызда табысын жасырып, салықтан жалтаратындар көптеп кездеседі.
Жалпы болашақта салық жүйесін халықаралық қалыпқа сәйкестендіріп, Еуропа елдерінің деңгейіне жақындату керек секілді. Барлық дамыған елдерде салық жөнінде түсінік қабылданып, жүзеге асырылуда. Ал, біздің елде әлі де болса халық арасында салық жөнінде түсінбеушілік, оған деген немқұрайдылық көзқарас кездесіп қалады. Мәселен, полиция қызметкеріне салық төлеушілердің арқасында қызмет істеп жүрсің деп айтып көріңізші. Онда бәлеге қалдым дей беріңіз. Олардың түсінігі бойынша, елдерін салық төлеушілер емес, ішкі істер министрлігі айлық төлеп ұстап отыр.Бұл түбірімен қате пікір.
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау
Жалпы салықтық түсімдер дегеніміз Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқада да міндетті төлемдер жатады. Салықтық түсімдерге: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салықтар жатады.
Ал салықтық емес түсімдер Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
Сурет – 6 2004-2005ж.ж. Республика бойынша жалпы түсімдердің Атырау облысы бойынша түсімдерінің меншікті салмағы, млн.теңге
Ұлттық қорды есепке алмағында |
2004-жыл |
2005-жыл | ||||
МБ | РБ | ЖБ | МБ | РБ | ЖБ | |
Республика | 1 004,6 | 648,9 | 355,6 | 1 286,8 | 895,0 | 391,7 |
Атырау | 141,3 | 98,1 | 43,1 | 194,8 | 151,2 | 43,6 |
Бөлінген үлесі (%) | 14,1 | 15,1 | 12,1 | 15,1 | 16,9 | 11,1 |
Сурет – 7 2006-2007ж.ж. Республика бойынша жалпы түсімдердің Атырау облысы бойынша түсімдерінің меншікті салмағы, млн.теңге
Ұлттық қорды есепке алмағында |
2006-жыл |
2007-жыл | ||||
МБ | РБ | ЖБ | МБ | РБ | ЖБ | |
Республика | 2 098,2 | 1 626,7 | 471,5 | 2 337,0 | 1 723,7 | 613,2 |
Атырау | 468,0 | 417,5 | 50,4 | 277,6 | 214,8 | 62,8 |
Бөлінген үлесі (%)
| 22,3 | 25,7 | 10,7 | 11,9 | 12,5 | 10,2 |
Ескерту – Атырау облысы бойынша Салық Комитетінің мәліметтерінен
|
Бұл кестеден Республика бойынша жалпы түсімдердің, сондай-ақ, Атырау облысы бойынша салықтық түсімдердің жылдан – жылға өсіп отырғандығы байқалады.
Республика бойынша жалпы түсімдердің Атырау облысы бойынша түсімдерінің меншікті салмағын график ретінде қарайтын болсақ, салық түсімдерінің жылдан – жылға өсіп келе жатқан деңгейін көре аламыз.
Сурет 2 - Республика бойынша жалпы түсімдердің Атырау облысы бойынша түсімдерінің меншікті салмағының динамикасы
Ескерту – Атырау облысы бойынша Салық комитетінің 2007 жылға арналған есебінің материалдары негізінде құрастырылған
Кесте – 14 Атырау облысы бойынша 2004-2007ж.ж. салықтық түсімдері мен төлемдеріне келсек, млн.теңге
Көрсеткіштер | 2004ж. б/ша нақты түскен | 2005ж. б/ша нақты түскен | (2005-2004ж.) қайтарылған | 2006ж. б/ша нақты түскен | (2006-2005ж.) қайт. | 2007ж. б/ша нақты түскен | (2007-2006ж) қайт. |
Мемлекеттік бюджетке ұлттық қорсыз түскен салық пен төлемдер |
113,6 |
141,3 |
27,7 |
194,8 |
53,4 |
468,0 |
173,2 |
Республикалық | 78,3 | 98,1 | 19,8 | 151,2 | 53,0 | 417,5 | 266,3 |
Жергілікті | 35,2 | 43,1 | 7,8 | 43,6 | 408 | 50,4 | 6,8 |
Ұлт.қормен бөлінген | 25,3 | 70,8 | 45,4 | 57,6 | -13,1 | 0 | -57,6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұлттық қордың есебінсіз түскен салықтар мен төлемдер
|
138,9 |
212,1 |
73,2 |
252,4 |
40,3 |
468,1
215,5
|
Ескерту – Атырау облысы бойынша Салық Комитетінің мәліметтерінен
|
Кестеден көріп отырғанымыздай салықтық түсімдер мен төлемдердің 2004-2007жылдар аралығында өсу қарқыны байқалып тұр.
Жалпы Атырау облысы бойынша салықтық түсімдері ең ірі
кәсіпорындардың , атап айтқанда « Айби ЖШС », « Самал ЖШС », « ТМЛ Құрылыс ЖШС », « Жібек жолы ЖШС » т.б. салықты өз уақытында төлеп отыруына байланысты мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі болып табылатын салық түсімдерінің орнын толтыруда.