Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
2. Пайдаға салынатын салық.
3. Акциздер.
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.
6. Кеден тарифі және баж салығы.
7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық
іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге
жұмсалатын алым.
8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.
9. Транспорт құралдарына салынатын салық.
10. Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11. Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.
12. 3анды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13. Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14. Мемлекеттік баж салығы.
15. Табиғат ресурстарына салынатын салық.
16. Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
1. Жер салығы.
2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3. Орман табысы.
4. Су үшін төленетін ақы.
5. Табысқа салынатын салық.
6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
8.Занды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін
алынатын алым.
9. Елтаңбалық алым.
10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1. Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер
құрылысына салынатын салық.
2. Курорттық алым.
3. Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
4. Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және жеке
компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.
6. Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9. Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдар-дан алынатын алым.
11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
12.Аукциондық сатудан алынатын алым.
13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым.
15.Ит иелерінен алынатын алым.
16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау қүқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
17.Жергілікті аукциондар өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.
Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды.Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практмкалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдікгердің көптігі, т.б.Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады.
Екінші кезең .
Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95. жылы қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы табылады. Ол 1995 жылдың 1-ші шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 43 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылған.Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2. Қосылған құнға салынатын салық;
3. Акциздер;
4. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1. Жер салығы;
2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3. Көлік құралдарына салынатын салық;
4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
5. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
Үшінші кезең.
Қазақстан Республикасы Президентінің бүл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1) заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық;
3) акциздер;
4) бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру
нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары;
6) әлеуметтік салық;
7) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;
8) жер салығы;
9) заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық; 10)көлік құралдарына салынатын салық;
10-1) бірыңғай жер салығы;
11) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және
заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;
12) қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;
13) аукциондық сатудан алынатын алым;
14)Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды
сату кұқығын бергені үшін алынатын алым;
15)Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын
пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
16) заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін
өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар
таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;
16-1) заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген сөздерді (түбір сөз, сондай-ақ олардың кез келген туынды сөзі түрінде) өздерінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
17)жеке тұлгалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып
алғаны үшін алынатын алым.
Төртінші кезең.
2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының салық зандары Салық кодексінен, сондай-ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер - Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
Салық кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да заң акгілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында Салық кодексінің нормалары қодданылады. Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке түлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойьшша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
Салық Кодексінде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.
Жаңа Салық Кодексі 2002 жылдың 1-ші қаңтарында Қазақстан республикасында мынадай салықтар енгізілген:
1. Корпоративтік табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Қосылған құн салығы;
4. Акциздер;
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
6. Әлеуметтік салық;
7. Жер салығы;
8. Көлік құралы салығы;
9. Мүлік салығы.
Алымдардың түрлері:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған
мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекетгік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым;
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануга рұқсат бергені үшін алым.
Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Төлемақының түрлері:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін
төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін телемақы.
Мемлекеттік баж дегеніміз — уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетгі төлем.
Баж салығы — алып келінген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзитгі тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.
Мемлекеттік баж:
мемлекеттік баж.
Кеден төлемдері:
кеден бажы;
төлемақы;
алымдар.
Бесінші кезең.
2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым "алынып тасталды.2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: "жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және "кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін" және «туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.