Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
3. Салық салудың әділдік принципі.
Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет.
Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
4. Салық жүйесінің біртұтастық принципі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
5. Салық заңдарының жариялылық принципі.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.
Олар мыналар:
• салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
• салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі
нақты белгіленуі тиіс;
• әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және
тиімді әдіспен салынуға тиіс;
• өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз
болуға тиіс.
Нақтырақ айтатын болсақ: әділеттілік, анықтылық, қолайлылық, жалпылық.
Бұл тізім тағы да 3 принциппен толықтырылады:
• жеткілікті және жалпыламалықты қамтамасыз етеді (салықтарды мемлекеттің обьектілік қажетіне және мүмкіндігіне
қарай ұлғайтуға болса, азайтуға да болады);
• керекті көзін және салық салудың объектілерін талдау;
• салық салудың бір дүркінділігі.
Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы сорақылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді.
Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» — деп жазған болатын..
Философ Ф.Аквинский философиялық тұрғыдан «Ерік берілген тонау формасы» ретінде анықтады.
АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салық пен өлімнен қашып құтыла алмайсың» — деп атап көрсетті.
АҚШ-та екі мейрам бар:
- туылған күні;
- салықты төлеген күні.
Мұндағы мақсат дамыған мемлекеттер үшін салық төлеу белгілі бір дәстүр ретінде қалыптасқан.
Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады.Себебі, уақтысында төленбеген салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте жоғары болады.Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.
Салықтардың мынадай негізгі кызметтері (функциялары) бар:
- фискалдық;
- реттеушілік;
- қайта бөлу.
Салықтардың бірінші қызметі - фискалдық. немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылымы салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, корғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Кесте – 3 Салық механизмінің элементтері
Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп согатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салык ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салық механизмін, оның ішінде салық ставкаларының деңгейін зерттеген ғалымдардың тұжырымдары мынаны дәлелдейді:
- егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50% - нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына әкеліп соқтырады;
- егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өңдіріске әкеледі.
- егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-
40%-ы мөлшері аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы
өндіріеке әкеледі.
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығының қазіргі кездегі ставкасы 30%, ал ауылшаруашылығындағы өндіріс орындары үшін 10%.
Шаруашылық субъектілер мен халықтар табысының бір бөлігін мемлекеттің орталықтандырылған қаржы көздеріне айналдыру салықтардың ұдайы өндірістегі қызметін көрсетеді.
Салықтардың келесі негізгі қызметі ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау.
Салықтардың қайта бөлу қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық қайта бөлуді тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтары мен алымдарын толық, және уақтылы, бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі.
Жалпы мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
• мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;
• салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін
анықтау;
• арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды
жүзеге асыру;
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-тендікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті - бюджеттің табыс бөлігінін, орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық - бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты - мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.
Бюджетті толықтырушы негізгі жүйеде салық түсімдерімен қатар салықтық емес түсімдерді де атап өтуге болады.
Салықтық емес түсімдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақшалар.
Салық теориясы - салық маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың рөлі.
Салық песиесі- салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.
Салық режимі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық зандары нормаларының жиынтығы.
Қорыта келгенде, салықтар көптеген елдерде әр түрлі аталғанымен, кейде оларға салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші ретінде салық төлеу жауапкершілігі жүктелген занды және жеке тұлғалар танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезеңде алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік құралдары, пайдасы және тағы да басқалар табылады. Салық ақшалай және заттай түрде әділеттілік, теңдік және тұрақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық саясатының бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар салық алудың мынадай негізгі тәсілдері бар:
• төлем көзінен, яғни салық табыс алынған кезде ұсталып
қалады;
• декларация негізінде, яғни салық салық төлеушінің декларацияда көрсеткен табыстары, шегерімдері мен жеңілдіктерін
ескере отырып, анықталады;
• кадастр бойынша (салық салу объектілерін тіркеу арқылы,
одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады).
Ал енді көптеген елдерде қолданылатын салықтарға жататындарды атап өтетін болсақ:
• жеке тұлғалардың табысына салынатын салық, кейбір мемлекеттерде азаматтардың табыстарына салынатын салық деп
аталады;
• заңды тұлғалардың табысына (пайдасына) салынатын салық
(корпорациялық салық деп те аталады);
• мұра мен сыйға салынатын салық;
• қосылған құнга салынатын салық;
• тұтыну салығы;
• әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар;
• айналымға салынатын салық;
• мүліксалығы;
• жер салығы;
• көлік салығы және басқа да.
1.3Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері 12 жыл ішінде көптеген елдермен тығыз қарым – қатынас жасап, ел экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Эконоиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі – салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру.Осы орйда салық жүйесін көп жылдардан бері дамытып, біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық байланыс жасап келе жатқан Ресей, Беларуссия, Украина елдерінің салық жүйесіне тоқталып өтелік.
Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады.
Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады.Барлық салықтар мен алымдарды Ресей Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;
Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:
1. Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға салық
заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.
2. Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және т.б. осындай критерийлер негізінде колданыла алмайды.
3. Ресей Федерациясы салық жұйесін бұзатын салықтарды
енгізуге болмайды.
4. Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөлшерлемслерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат
етілмейді.
Ресей Федерациясы субъектілерінің салықтары мен алымдары:
• жергілікті салықтар мен алымдар.
Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. Оған мынадай салықтар жатады:
• қосылған құнға салынатын салық;
• акциздер;
• жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
• кеден баждары;
• ұйымдардың пайдасына салынатын салық;
• мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын салық;