Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің т
КІРІСПЕ......................................................................................................3
1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................................................................4
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....4
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................17
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................44
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................44
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................59
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................65
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................71
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен
төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Занды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3.Көлік құралдарына салынатын салық.
4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және
заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.
5.Жекелеген кызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
6.Аукциондардан алынатын алым.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетке түсетін салықтар, салықтық емес түсімдер және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталайық.
Республикалық бюджетке түсетін салықтар, салықтық емес түсімдер және басқа да міндетті төлемдердің түрлері.
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
1. Корпорациялық табыс салығы;
2. Қосылған құн салығы, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан
Республикасынық аумағына импортталатын тауарларға
қосылған құн салығы;
3. Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4. Газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер;
5. Үстеме пайдаға салынатын салық;
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға рента салығы;
7. Бонустар;
8. Роялти;
9. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
10. Жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік кұралдарының жүріп өткені үшін алымнан басқа, Қазақстан Республикасьшың аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;
11. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;
12. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
1З.Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; 14.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
15.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
16.Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төленетін төлем;
17.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; 18.Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
19.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
20.Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін
төлем;
21.Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем;
22.Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
23.Кеден бақылауын және кеден рәсімдерін жүзеге асырудан түсетін түсім;
24.Отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
25.Консулдық алым;
26.Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшін мемлекеттік баж;
27.Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж;
28.Жүргізуші куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж;
29.Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
З0.Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж;
31.Мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж.
Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер:
1) республикалық меншіктен алынатын кірістер:
• республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы
бөлігінің түсімдері;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің таза табысы
бөлігінің түсімдері;
• республикалық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттері-
не дивидендтер;
• республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
• республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын
кірістер;
• екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;
• республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша
сыйақылар;
• қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
• республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін
түсімдері;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды
өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ
Қазақстан Респубпикасы Ұлттық банкінің бюджетінен қамтылатын
және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар.
Жалпы жергілікті салықтарға:
1) жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік салық;
3) жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
4) жер салығы;
5) бірыңғай жер салығы;
6) жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
7) акциз салығы;
8) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
9) орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
10) қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем;
11) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
12) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
13) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
14) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
15) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
16) аукциондардан алынатын алым;
17) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алынатын алым;
18) консулдық алымнан және рпеспубликалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басмқа, мемлекеттік баж;
19) жылжымайтын мүлікке және олармен жасалған мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
20) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
Жанама салықтар:
Әмбебап жанама салықтар
Жеке жанама салықтар
Қазыналық монополиялық салықтар
Кедендік баж
Әмбебап жанама салықтар - бұл берілген жеңілдіктерді қоспағанда, барлық тауарлардан (жұмыс, қызмет) алынады. Мәселен, айналым салығы, сатып алуға салынатын салық, сатуға салынатын салық және қосылған құнға салынатын салық.
Айналым салығы (әмбебап акциз деп аталады) тауарларды өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардан, жеке кәсіпкерлерден жалпы айналым құнынан пайыз түрінде алынады. Бұл бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия және Франция мемлекеттерінде пайда болды, кейінірек әлемнің көптеген мемлекеттерінде, соның ішінде КСРО-да қолданылды.
Сатып алуға салынатын салық айналымға салынатын салықтың түрлері болып табылады. Көтерме сауда орындарына түрін Ресей, АҚШ-тың көптеген штаттары, Канада провинцияларының көпшілігі, Жапония елдерінде қолданып келеді. Салық салу объектісі - тауарды соңғы тұтынушыға өткізу бойынша айналым болып саналады.
Сатуға салынатын салық тауар бағасынан белгілі бір пайыз түрінде ставка бойынша жүзеге асады.
Қазіргі кезде кең көлемде әлемнің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде Еуропалық экономикалық одақтың барлық елдерінде және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы республикаларында қосылған құнға салынатын салық қолданылады.
Жеке жанама салықтар тауардың белгілі бір түрінен алынады.Бұл салық акциз деп аталады. XX ғасырға дейін күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келді.
Қазыналық монополиялық салықтар.
Мұнда тауарлардың басым бөлігін мемлекет өндіреді. Әрине, бұл тауарлардың бағасын да мемлекет бекітеді. Егер мемлекеттің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.
Кедендік баж - мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік шекарадан өткізер кезде тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлемдері.
Салық субъектілеріне қарай немесе салықты төлеушіге байланысты былайша топтауға болады:
• занды тұлғалардың салықтары;
• жеке тұлғалардың салықтары.
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың (салықтарына жататындар:
• корпорациялық табыс салығы;
• заңды тұлғалардың мүлік салығы.
Ал, жеке тұлгалардың салықтарына мына салық түрлерін жатқызуға болады:
• жеке табыс салығы;
• жеке түлғалардың мүлік салығы.
Аралас салықтар деген де болады, яғни салықты әрі заңды тұлға, әрі жеке тұлға ретінде төлейді.
Қазақстан Республикасында аралас салықтарға:
• қосылған құн салығы;
• акциз салығы;
• жер салығы;
• әлеуметтік салық жатады.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасында салықтардың басым бөлігін аралас салықтар санаттарына жатқызуға болады.
1.2 Салық салу принциптері және функциялары
Салық және салық салу ұғымдарын ажырата білген жөн:
Бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық – құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу ( есептеу және алу ) процесі.
Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтық түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады.
Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.
Салықтардың созылымдыльқ принципі — бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.
Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.
Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады.
Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.
Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының салық зандары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:
• бірінші, салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
• екінші, салық салудың айқындығы;
• үшінші, салық салудың әділдігі;
• төртінші, салық жүйесінің бірітұтастығы;
• бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.
Ал, енді осы принциптерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ.
1. Салық салудың міндеттілік принципі.
Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізгі борышы, парызы болып саналады.
2. Салық салудың айқындық принципі.
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.
Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.