Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:07, курсовая работа
Таңдалған курстық жұмыс тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған салық жүйесінің болуы және оның нарыққа сай реформалануы уақыт талабы екені белгілі.
Кіріспе 3
1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі
1.1 Салық қызметінің экономикалық мәні және мақсаты 7
1.2 Салық жүйесін реформалаудың әдістемелік негізі мен теориялық аспектілері 12
1.3 Қазақстан Республикасы салық органдары қызметтерінің құрылымын
реформалау ерекшеліктері 20
2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау
2.1 Республикадағы салық реформасының бастапқы кезеңінің негізгі бағыттарын сипаттау
2.2 Қазақстандағы салық реформасы және оның экономикалық жетістіктері мен қызметін талдау
2.3 Жаңа Салық кодексінің ұлттық экономикаға тигізетін ықпалын
бағалау
Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз,
өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді
мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
6.1.
Кеменің немесе жасалып жатқан
кеменің ипотекасын
8.1.
Туындылар мен сабақтас
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
III. Төлемақылардың түрлері:
7.1. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылы 1 қаңтардан).
2.3
Жаңа Салық кодексінің
ұлттық экономикаға
тигізетін ықпалын
бағалау
Салық кодексі - салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, есептеу, төлеу тәртібі жөнінде билік қатынастарын сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Бұрын-соңды салыққа қатысты заңдар бір жүйеге түсірілмегенді. Салық
заңдарын дайындау, оны қалыптастыру кез-келген мемлекетте болатын күрделі процесс. Еліміздегі салық заңдарының қалыптасуы қоғамдағы түпкілікті реформалау уақытымен тұспа-тұс келді. Әу баста салық жүйесінде жіберілген кемшіліктер, қателіктер де жеткілікті болды. Оған Үкіметтің рұқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметі де өзінің зардабын тигізбей қойған жоқ. Қазіргі кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануымен, ішкі жалпы өнімнің өсуімен сипатталды. Өндіріс өнімінің өсуі де, мүнайға дүниежүзілік бағаның өсуі салық жүйесінің бар арнаға түсірілуіне үйытқы болды.
Салық кодексі экономикалық ғана емес, саяси мәні бар ірі құжат болып табылды. Еліміздегі саясатың негізінің бірі осы кодекспен астасып жатыр.
Жаңа салық кодексінің басты ерекшелігі бүрынғы салыққа қатысты заңдық актілер тұтастай бір жүйеге келтірілді.
Жалпы
бөлімінде: салықтардың түрлері
жөнінде нақты мағлүматтар
Ерекше бөлімінде: қандай саладан қанша мөлшерде салық алынатындығы сөз болады.
Салықты әкімшілігі бөлімінде: қылмыстық, әкімшілік кодексінде қамтылған салық төлеуге қатысты жауапкершілік мәселелері, салық жүйесіне қатысты жауапкершілк мәселелері, салық жүйесіне қатысты заңды бұзған жағдайда қолданатын шаралар көрініс тапқан.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының салық кодексі № 209-11 2001 жылы 12 маусымда қабылданды және ҚР-ның 2001 жылғы 12 маусымдағы 210-11 Заңымен 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Осы салық кодексіне Қазақстан Республикасының Заңы 12 наурызда 2002 №310 - 11312 - 11 және ҚР-ның Заңы 23 қарашада 2002 № 358-11 бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы Заңымен 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап (бүдан әрі - Заң) салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Соларға сәйкес құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілердің корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты төлеу тәртібі өзгертілді.
Осы Заңымен салық кодексінің 127-бабындағы 1-тармағына өзгерістер енгізілді және салық кодексінің 128-бабы алынып тасталды.
Салық кодексінің 127-бабындағы 1-тармағына сәйкес 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді
өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
Салық кодексінің 77-бабындағы 1-тармағына сәйкес корпорациялык табыс салығын төлеушілерге ҚРҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Сонымен, салық кодексі салық төлеушінің өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін корпорациялық табыс салығын олардың тұрып жатқан орны бойынша төлеу жөніндегі талапты алып тастайды. Демек, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап корпорациялық табыс салығын (2003 жылдың қорытындысы бойынша төленуге тиісті корпорациялық табыс салығын және корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді қоспағанда) салық төлеушілер өздерінің тұрып жатқан орындары бойынша, яғни заңды тұлғаның тұрып жатқан орны бойынша төлеуге тиіс.
Мынаны атап көрсеткен жөн: салық кодексіне сәйкес «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті Төрағасының 03.12.2003 жылы №493 бұйрығымен бекітілген салық есептілігі нысандарының құрамында 101,7 жэне 101.08 - нысандары жоқ. Демек, салық төлеушілер бұл нысандарды 01.01.2004 жылдан бастап салық органдарына табыс етпейді.
Сонымен бірге мынаны да көрсету қажет: 2003 жыл үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны салық төлеуші 2003 жылы туындаған салық міндеттемелері бойынша табыс етеді және тиісінше салық төлеуші салық органдарына тиісті салық кезеңіне көзделген салық есептілігі нысандарын табыс етеді. Демек, құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер 2003 жыл үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларация табыс еткен кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10.12.2002 № 608 бүйрығымен бекітілген 101.7 және 101.8 - нысандарын табыс етуге міндетті.
Бұл ретте салық төлеу 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген тәртіппен, яғни заңды тұлғаның тұрып жатқан орны бойынша жүргізілетін болады.
2003
жыл үшін корпорациялық табыс
салығы бойынша есептеп
Айтылғандар негізінде, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрыңғы жылдары құрылымдық бөлімшелер үшін төленбеген сомаларды, сондай-ақ 2003 жылғы салық кезеңінің қорытындысы бойынша төлеуге тиісті сомаларды қосқанда, корпорациялық табыс салығы құрылымдық бөлімшелер бойынша бөлінбей салық төлеушінің тұрып жатқан орны бойынша төлеуге жатады.
Заңға сәйкес салық кодексіне орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындарымен жабдықталған, оның функцияларының бір бөлігін орындайтын кез келген аумақтық оқшауланған бөлімше ретінде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі ұғымына анықтама беретін салық кодексінің 10-бабындағы 12-тармақшасы алынып тасталған.
Осыған байланысты, 2004 жылдың 1 ңаңтарынан бастап құрылымдық бөлімшелер үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық төлеу тәртібі өзгертілді.
Мысалы, салық кодексінің 10-бабындағы 29-тармақшасына сэйкес 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрылымдық бөлімшелерге филиал мен өкілдік жатады.
Бұған қоса, салық кодексінің 147-бабындағы 2-1-тармағына 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Осыған байланысты 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері болған, оларға жеке-жеке салық төлеушілердің тіркелген нөмірлері берілген салық агенттеріне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 23.12.2003 ж. № НК-УНА-07-5-21/10367 хатында айқындалған шарттарды ескере отырып, жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс ету мен оны төлеудің мынадай тәртібі белгіленеді. Мысалы, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар (филиалдар, өкілдіктер) тиісінше өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерді қоса отырып, әрбір заңды тұлға бойынша төлем көзінен салық салынатын төленген табыстар бойынша жеке табыс салығы жөнінде есеп-қисап жасайды.
Есеп-қисап тиісінше заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша табыс етіледі. өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер үшін салық төлеу бұл жағдайда өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің соңғыларына жатуына қарай тиісінше заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқаи жері бойынша жүргізіледі. Есеп-қисап заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша жеке тұлғаларға төленген табыстар, жеке табыс салығы мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомалары ескерілмей табыс етілсе, заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің өзі орналсқан жері бойынша қосымша есеп-қисап табыс етуі қажет. Онда тиісті өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімше жөніндегі деректер келтіріледі. Бұл ретте өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша есеп-қисап табыс етілмейді. Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер үшін салықты төлеу бұл жағдайда өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің соңғыларына жатуына қарай тиісінше заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ салық кодексінің 321-бабындағы 2-тармағына сәйкес төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
Салық есептілігін табыс ету тәртібі мен әлеуметтік салықты төлеу салық есептілігін табыс ету мен жеке табыс салығын төлеудің жоғарыда сипатталған тәртібіне ұқсас жүргізіледі.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелердің жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша жеке шоттарының сальдосы өзге де оқшауланған бөлімшелердің соңғыларына жатуына қарай заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша олардың жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша жеке шоттарына ауыстырылады.
Салық кодексіне жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бөлігінде енгізілген, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге байланысты осы салықтарды ай сайынғы есептеу тәртібі өзгерді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің 3.12.2003 жылғы №493 бұйрығымен 2004 жылға арналған салық есептілігінің нысандары және оны жасау ережелері бекітілді.
Әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жасау жөніндегі Ережелерге 600.01.023 -жолда «қызметкерлерге төленетін төлемдердің әрбір түрі үшін:
2004 жылы 600.00 - нысан бойынша әлеуметтік салық бойынша тоқсан сайынғы декларацияны толтыру жөніндегі бастапқы деректер негізінен жеке және әлеуметтік салықтарды есептеу жөніндегі ай сайынғы есепте көрсетілген деректер болады, оның нысаны және оны толтыру жөніндегі Ережелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің 2003 жылғы 7 қарашадағы №445 бұйрығымен бекітілген.
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салық әрбір жеке тұлға бойынша жеке-жеке есептелуге тиіс, сондықтан есепті тоқсан үшін әлеуметтік салық бойынша декларацияны толтыру үшін барлық жеке тұлғалар бойынша есептердің 3-қосымшасының 21-бағаны бойынша жиынтық деректер сомасын айқындау қажет.
2004 жылы салық салынатын және салық салынбайтын әлеуметтік салықты есептеуге арналған базаға енетін жеке тұлғаларға төленетін төлемдер туралы деректер болады. Қосымша жыл қорытындысы бойынша ғана толтырылады және 600.00-нысан бойынша әлеуметтік салық жөніндегі декларациямен қоса табыс етіледі.