Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:07, курсовая работа
Таңдалған курстық жұмыс тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған салық жүйесінің болуы және оның нарыққа сай реформалануы уақыт талабы екені белгілі.
Кіріспе 3
1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі
1.1 Салық қызметінің экономикалық мәні және мақсаты 7
1.2 Салық жүйесін реформалаудың әдістемелік негізі мен теориялық аспектілері 12
1.3 Қазақстан Республикасы салық органдары қызметтерінің құрылымын
реформалау ерекшеліктері 20
2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау
2.1 Республикадағы салық реформасының бастапқы кезеңінің негізгі бағыттарын сипаттау
2.2 Қазақстандағы салық реформасы және оның экономикалық жетістіктері мен қызметін талдау
2.3 Жаңа Салық кодексінің ұлттық экономикаға тигізетін ықпалын
бағалау
Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Салық
жүйесі құрамында салық службасы органдары
уәкілетті мемлекеттік органдарынан тұрады.
Салық органдарына облыстар, Астана және
Алматы қалалары бойынша аймақаралық
салық комитеттері, ауданаралық салық
комиттері, аудандар, қалалар және қалалардағы
аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен
бірге қаржы полицияларының бөлімшелері
жатады. Салық службасы органдары салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы
жарнамаларының толық және дер кезінде
аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі,
сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық
міндеттемелерін орындауына салықтық
бақылауды жүзеге асырады.
1.3
Қазақстан Республикасы
салық органдары
қызметтерінің құрылымын
реформалау ерекшеліктері
Салықтар мемлекеттік бюджеттің ең мол түсім көзі болғандықтан олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп - өркендеуінің материалдық негізі болып есептеледі. Сондықтан салықтар мақсатының басты бағыты мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық, сондай-ақ саяси құрылыс бағдарламаларын ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субъектісі екенін ескерсек, оның қызмет аясы тек қана өз ақшалай мәселелерін шешіп қоймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрылымын құруға бағытталған. Сонымен, салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекет бір уақытта екі сипатта болады: саяси жүйесінің субъектсі ретінде және мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған ақша қаражаттарының меншік иесі ретінде.
Салықтық қызметті мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет, дәлірек айтсақ қаржылық қызметтің бір түрі деп есептеуге болады. Сонымен салықтық қызметке мынадай анықтама беруге болады: салықтық қызмет дегеніміз, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді заңда және басқа нормативтік актілерде белгіленген мөлшерде және мерзімдерде бюджетке алу, қажет кезінде ставкаларын, түрлерін өзгерту, сондай - ақ олардың дұрыс есептелініп, бюджетке дер кезінде түсулеріне бақылау жүргізу процесін жүзеге асырушы мемлекеттің өзінің немесе оның өкілетті органдарының іс - әрекеттері.
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай - ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының қалыптасуы мен реформалау кезеңдеріне тоқталатын болсақ, олар мынадай:
-
2002 жыл қаңтар - Салық қызметі
органдары Қазақстан
Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай - ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комиттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комиттері жатады. Салық органдары тиісті жоғары тұған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті. Салық қызметі органдары мен кеден органдары өздеріне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді өзара іс-қимыл жасау арқылы орындайды.
Салық
қызметі органдары мен
Салық
қызметі органдарының міндеттері мен
құрылымы.
2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау
2.1
Республикадағы салық
реформасының бастапқы
кезеңінің негізгі
бағыттарын сипаттау
Республикада салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті. Реформалаудың алғашқы екі кезеңінде қабылданған құқықтық іс-шаралар еліміздің салық жүйесінде бұрын-соңды болмаған экономикалық өрлеудің бастапқы қадамдарының негізгісі болды.
Қазақстандағы салық реформасының I кезеңі.
1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Қазақстанның салық жүйесін құруда қалыптасқан өзіндік тәжірибесі болмағандықтан негізінен көрші елдердің, бәрінен бұрын Ресей Федерациясының тәжірибесі пайдаланылды. 1991 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі» туралы Заң Ресей заңының көшірмесі болған еді. Сондықтанда Қазақстанда федеративті мемлекетке тән үш звенолы салық жүйесі кұрылды. Оның құрамына салықтардың үш тобы енді6 :
I. Жалпы мемелкеттік салықтардың түрлері:
10. Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11. Автотранспорт
құралдарының Қазақстан Республикасына
келіп
кіргені үшін төленетін ақы.
II. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
Ю.Мүрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.
III. Жергілікті салықтар мен алымдар:
9. Ат
жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10. Ипподромдарда тотализатор
ойынына қатысушы адамдардан
алынатын алым.
11. Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.
12. Аукциондық сатудан алынатын алым.