Салық реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:07, курсовая работа

Описание работы

Таңдалған курстық жұмыс тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған салық жүйесінің болуы және оның нарыққа сай реформалануы уақыт талабы екені белгілі.

Содержание

Кіріспе 3

1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі
1.1 Салық қызметінің экономикалық мәні және мақсаты 7

1.2 Салық жүйесін реформалаудың әдістемелік негізі мен теориялық аспектілері 12

1.3 Қазақстан Республикасы салық органдары қызметтерінің құрылымын
реформалау ерекшеліктері 20

2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау
2.1 Республикадағы салық реформасының бастапқы кезеңінің негізгі бағыттарын сипаттау
2.2 Қазақстандағы салық реформасы және оның экономикалық жетістіктері мен қызметін талдау
2.3 Жаңа Салық кодексінің ұлттық экономикаға тигізетін ықпалын
бағалау

Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Салык реформалары.doc

— 565.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

Кіріспе                                                                                                                            3 

1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі                    

1.1 Салық қызметінің экономикалық мәні және мақсаты                                 7

1.2 Салық   жүйесін   реформалаудың   әдістемелік   негізі   мен   теориялық аспектілері                                                                                             12

1.3 Қазақстан Республикасы салық органдары қызметтерінің құрылымын 
реформалау ерекшеліктері                                                                                       20
 

2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау                    

2.1 Республикадағы   салық   реформасының   бастапқы   кезеңінің   негізгі бағыттарын сипаттау                                                                                   

2.2 Қазақстандағы салық реформасы және оның экономикалық жетістіктері мен қызметін талдау                                                                                                 

2.3 Жаңа   Салық   кодексінің   ұлттық   экономикаға   тигізетін   ықпалын 
бағалау                                                                                                                        
 

Қорытыныды                                                                                                              

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

    Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекетпен өмір сүріп, оның дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойында салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

    Салық жүйесі мемлекеттің салық қызметінің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет кұрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында  «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы болып табылады»- деп жазылған.

    Жоспарлы  экономикадан нарықтық экономикаға  көшу барысында еліміздегі салық жүйесінде бірқатар кемшіліктер болды, сол уақытта салық заңдылықтарын қабылдау кезінде кемшіліктер толық ашылмады. Бұл -салықтардың өте көп мөлшері де, үлкен ставкалары да, шаруашылық субъектілердің жалпы сомасынан төленетін салық төлемдерінің өте жоғары бөлігі де, жеңілдіктер санының көп болуы да, мемлекеттік және жергілікті бюджеттің толысуы да болып табылады. Осы мәселелердің барлығын шешу Қазақстан Республикасы алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып табылды. Нақ осы мәселелерді шешу кезінде Қазақстан Республикасында салық салудың құқықтық реттелуі өзінің дамуында үш кезеңнен реформадан өткен болатын. Бұл кезеңдердің барлығы қазіргі салық жүйесінің нарыққа сай қүрылуына зор ықпалын тигізді.

    Таңдалған курстық жұмыс тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған салық жүйесінің болуы және оның нарыққа сай реформалануы уақыт талабы екені белгілі.

    Сонымен, салық жүйесіндегі салықтар мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде табыстардың әртүрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивидент, рента және тағы басқалар. Салықтардың мәжбүр ету сипатынан басқа ерекше қасиеті - олардың алым салықты өндіріп алу ретімен төленген сомасының мөлшері мен салық төлеушілердің мемлекеттен алынатын қызметтерінің құнының арасындағы сәйкессіздік болып табылады.

    Салық жүйесі қызметі негізінде құрылатын  мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар. Салық жүйесі қызметі күрделі жүйе, ол жеңілдіктерімен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді.

    Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен реформалау кезеңдерін, әдістемелік негізін, атақаратын ролін, сондай-ақ қазіргі кезде салық саласында атқарылып жатқан іс-шаралардың экономикалық тиімділігі мен ерекшеліктерін ашып көрсету болап табылады.

    Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, курстық жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:

  • салық жүйесін реформалаудың қажеттілігін теориялық сипаттау;
  • Қазақстандағы салық реформасының негізгі кезеңдерін айқындау;
  • салық реформасының жетістіктері мен тиімділігін бағалау;
 
    
  • Салық кодексінің үлттық экономиканы дамытудағы әсерін ашып 
    көрсету;
  • салық жүйесін уақыт талабына сай жетілдіруге қатысты нақты 
    ұсыныстар жасау.

    Жалпы, курстық жұмыс құрылымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі

    1.1 Салық қызметінің  экономикалық мәні  және мақсаты 

    Салықтар - мемлекетпен заңды және жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлемдер. Тарихи олар қоғамды антогеностикалық кластардан және мемлекеттің пайда болуынан туындады, бүл «азаматтардың салымдары» бұқаралық үкіметті қамтамасыз ету үшін қажет болды.

    Салық салу дамудың ұзақ жолынан өтті, құл иеленушілік, одан кейін феодалдық мемлекет өз қазынасын толтыру үшін пайдаланды. Құл иеленушілік кезінде олар әр түрлі табиғи алым - салықтар ретінде және тәуелсіз халықтың еңбегіне толтыру ретінде өтеу: құлдарды эксплуатациялауға, сондай-ақ бағынушы халықтар түрінде алынды. Тауар ақша қатынасының дамуына қарай салық ақшалай түрге ауысты. Алғашқы ақшалай салық II ғ. б.э.д. танымал Рим империясындағы бар халықтан алынған адам басына салық болды1. Салықтың экономикалық қүбылыс ретінде туындауы және қызмет етуі мемлекеттің пайда болуымен байланысты. Әр мемлекет өзінің меншік қаржылық базасына ие болған жағдайда ғана өмір сүре алады, қысқаша айтқанда өз қызметтерін сатып қткізу процесінде туындайтын шығындарды жабу жэне өз қүралдарын қамтамасыз ету үшін ақшасы болғанда іс жүзінде асырады. Сонымен қоса ақша материалдық өндіріс сферасында өнім болып табылады оған, басқару қызметіне ие мемлекет қызметтері жатпайды. Басқаша айтқанда барлық мемлекеттік қызметі ретінде және жеке қарастырылатын нақты мемлекеттік қызметкердің еңбегі қоғамдық игі сипатқа ие белгілі қүн ретінде ақша шығатын сол өнімді шығармайды. Бұл мемлекеттік күшімен басқа жердей іздеу керек болды. Мемлекеттен ақша табу «мемлекеттін қаржы қорын қүру» жэне «мемлекеттің қызмет етуін қамтамасыз етуге қажет ақшалай құралдарын жұмылдыру» деп атауға қабылданған оның қаржылық қызметі элементтік мазмұнын құрайды.

    Барлық  көптеген өндірістік қатынастар, өндірісті  қолға алғандағы, бөлу, айырбас жіне тұтыну, бөлістік қатынас қарқыны анықтайды, олардан салық бөлініп шығады. Қоғамдық жинақ және ұлттық кірісті бөлу кезінде, әсіресе соңғысын қайта бөлгенде, қаржылық қатынас құралдары және функцияланады, сонымен қатар (салықтық қатынастар) қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы салықтық қатынастар.

    Салықтар  жаңа құнды бөлу процесіне қатысып, өндірістік қатынастың спецификалық нысаны жалпы өндіріс процесінің бөлігі ретінде шығады. Салықтың өндірістік қатынасының спецификалық нысаны олардың қоғамдық мазмүнын қалыптастырады. Салықтар өндірістік қатынастын шектелген ортасын бейнелей отырып, бөлу қатынысының тек бөлу бөлігі болып табылады. Ұлттық кірісті қайта бөлу процесіне қатыса отырып материалдық өндірістік салықтық қатынасы өндірістік күшті айырбасының талабымен өзгереді., толығымен олар өндірістік сипатқа ие. Үлттық кірісті бөлуде салықтар мемлекеттен ақшалай нысанда жаң а қүнға ие болуды қамтамасыз етеді. Ұлттық кірістің бүл бір бөлігі, елдің барлық түрғындарынан күштеп мобилизацияланған, ортрлықтанған мемлекеттін қаржы қорына айналады, яғни оның өмір сүру негізіне. Мәжбүрлеу процесінде эквивалентті айырбассыз құннын біржақтылығына (салық төлеушіден мемлекеттке) ие, яғни сатып алу сатуға болмайды. Салық сомалары мемлекеттің меншігі болып және еңбеккерлермен туындаған, жаңа қүн есебіне қалыптасады. Салықтар қоғамдық құннан басқа материалдық негізге ие. Олар мемлекеттен саяси мәжбүрлеу көмегімен алыстатылған жэне қосылған қоғам мүшелерінің ақшалай кірістерінің бөлігі. Бүл экономикалық өмірде көрінетін қүбылыс салықтық материалдың мазмүны ретінде шығады. Салық кірістерінің өсуі ұлттық кірістің қоғамдастыруын білдіреді. Сондықтан екі сипатқа ие: өндірістік қатынас спецификасының нысаны ретінде шығады (олардың қоғамдық мазмүны); және ақшалай нысандағы құн бөлігі болып табылады (материалдық құн).

    Салық  көзі болып ұлттық кіріс табылады. Абстрактылы экономикалык категорияларды қажетті өнім құнын қосқанда табылатын, материалдық өндіріс сферасында жалданған жұмыскерлер еңбегімен жасалған ұлттық кіріс, шынайы өмірде көрсетілген спецификалық нысанға ие: қажет өнім құны нысанында немесе еңбек ақы жэне толықтыру қүны өнімі - пайыз, рента, пайда нысанда шығады. Бұл алғашқы ұлттық өнімді бөлу салықтық маңызды орынға ие екінші бөлімгде толықтырылады. Салықтар жаңа құн бөлігі ретінде мемлекеттен мәжбүрлеп жұмылдырады.

    Ақшалай нысандағы ұлттық кіріс құнның бөлу процесінде, қаржылық қатынас жинақтылығын толықтырады: салықтық қатынас оны бөліп - бөліп көрсетеді. Сондықтан салықтар ерекше экономикалық категория ретінде ғана емес сонымен бірге қаржылық категория ретінде шығады.

    Өзінің  табиғи өмірінде салықтың қаржылық категориясы обьектиті сипатқа ие, шынайы қаржылық қатынасты бейнелейді. Бұл категория барлық қаржылық қатынасқа қатысты толық заңдылықтарды бейнелейді, өйткені салықтар басқада қаржы категорияларымен тығыз байланыста - мемлекеттік кірістер, мемлекеттік несиелермен. Сонымен қоса салықтар қаржылық категориялар өзімен өзгеше көріністерге ие қозғалыстың меншік нысанындағы шектер, яғни өзінің функциялары, барлық жинақ қаржылық категорияларды бейнелейді. Салық функциялары әлеуметтік - экономикалық мазмұны, ішкі мазмүнды   әшекерлейді,   яғни   берілген   қаржы   категориясына  қоғамдық  тағайындайды.

    Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың эконмикалық мазмұнын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына (қызметтеріне) тікелей қатысты. Қазіргі салық жүйесінде салықтар келесідей негізгі функцияларды орындайды:

  1. реттеуші;
  2. фискалды;
  3. қайта бөлу.

    Жоғарыда  көрсетілген негізгі функциялармен  қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атап айтуға болады.

    Реттеушілік қызметі — салықтың ең негізгі  қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтың реттелуі жүзеге асырылыды. Салықты реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық  түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктетрі болып саналады.

    Жоғарыда  көрсетілген салықтық реттеудің  тетіктері тек өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар  ақша жэне баға саясаты, шетел инвесторларын ынталандыру, шағын жэне кіші кэсіпкерлікті дамыту жүмыстарын жүзеге асыру. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста үхталынуын қажет етеді. Салықтық реттеуде салықтық ставкаларымен салықтық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Сёбебі, ғылыми негізделмеген, шектес тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндіріс қарқынын бэсендетеді. Ал шектен тыс төмен қойылған салық ставкасы салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне жэне мемлекет кірісін азайтып, мемлекет шығындарының орны толмай қалуына әкеп соқтырады. Осы сияқты салықтық жеңілдіктердің де тиімсіз жағы жеткілікті.

    Салықтардың екінші негізгі қызметі - фискалдық  несмесе бюджеттік қызметі. Бүл  қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдығ міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттін кірісін топтастыра отырып, элеуметтік, эскери- қорғаныс жэне тағы басқа мемлекеттік маңызы жоғары шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.

Информация о работе Салық реформалары