Салық реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:07, курсовая работа

Описание работы

Таңдалған курстық жұмыс тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған салық жүйесінің болуы және оның нарыққа сай реформалануы уақыт талабы екені белгілі.

Содержание

Кіріспе 3

1 Салық жүйесін реформалаудың экономикалық қажеттілігі
1.1 Салық қызметінің экономикалық мәні және мақсаты 7

1.2 Салық жүйесін реформалаудың әдістемелік негізі мен теориялық аспектілері 12

1.3 Қазақстан Республикасы салық органдары қызметтерінің құрылымын
реформалау ерекшеліктері 20

2 Қазақстандағы салық реформасының өту кезеңдерің бағалау
2.1 Республикадағы салық реформасының бастапқы кезеңінің негізгі бағыттарын сипаттау
2.2 Қазақстандағы салық реформасы және оның экономикалық жетістіктері мен қызметін талдау
2.3 Жаңа Салық кодексінің ұлттық экономикаға тигізетін ықпалын
бағалау

Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Салык реформалары.doc

— 565.50 Кб (Скачать)
  • тауарды (жүмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
  • дивидендтер, рента;
  • сыйақы, ұтыстар, роялти;
  • жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері.

     Қор - мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаттары немесе материалдық құндылықтар.

    Жинақ - кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың банкілерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай қаражаттар.

    Айналым қаражаттары - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және

үздіксіз  процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Қарыз қаражаттары - бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға) меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.

    Рента - алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап  етпейтін капиталдан, мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде - меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табысы.

   Жалақы - біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.

    4. Салық мөлшері.

    Салық мөлшері - салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

    Салықтың шекті мөлшері - табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

    Салықтың  жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады, мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға, мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).

    Салықтың  орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады. Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері қолданылады.

Ал, нөлдік салық  мөлшері, бұл салық төлеуден босатылады.

    5. Салық жеңілдіктері.

    Салық жеңілдіктері - төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.

    Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

    Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілер бойынша топтауға болады:

    1. Салық субъектілері бойынша жеңілдіктер.

Салық төлеушілердің өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке тұлғалардың  мүлік  салығында мерзімді  қызметтегі  әскери  қызметшілер мерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде салық төлеуден босатылады.

    2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.

    Бұл жерде салық салу объектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік құралдары салығында мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық төлеуден босатылған.

    3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.

    Мәселен, жеке табыс салығы бойынша салық базасына мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыс қосылмайды.

    4. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер.

    Корпорациялық табыс салығында салық төлеушілер негізінен 30

пайыздық  ставка бойынша салық төлесе, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушілер 10 пайыздық ставка бойынша салық төлейді.

    5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.

    Мәселен, қосылған қүн салығы бойынша салық  кезеңі - күнтізбелік ай болса, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін салық кезеңі бір жыл болып табылады.

    6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

    Шағын бизнес субъектілерінің белгілі  бір бөлігі оңайлатылған декларация негізінде салық төлейді.

    7. Салық төлеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.

    Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон немесе патент негізінде төлейді.

    Қазіргі кезде кең тараған салық жеңілдіктерінің  түрлерін С.Г.Пепеляев ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:

  • алып тастау;
  • жеңілдіктер;
  • босату.

    Алып  тастау - салық салудың жекелеген  объектілері салық салудан алынып тасталады.

    Жеңілдіктер - салық базасын қысқарту.

    Босату - салық ставкаларын төмендетуге  бағытталған жеңілдіктер.

    6. Салық ставкасы.

    Салық ставкасы — салық базасының өлшем бірлігіне есептеулердің шамасын білдіреді.

    Салық ставкасы - салық салу объектісіне  пайызбен бекітілген салық мөлшері. Салық ставкасы - салық өлшемі ретінде  қарастырылады.

    Салық ставкасы салық базасының өлшем  бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

    Салық ставкасы бірнеше белгілер бойынша  жіктеледі:

      1. Салық сомасын анықтау тәсілі ойынша: 
-тең;

  • тұрлаулы (қатаң)
  • пайызды.

    2. Салық ставкаларын қолдану сипатына қарай:

  • жалпы;
  • жоғарылатылған;
  • төмендетілген.

    3. Салық ставкасының мазмүнына байланысты:

  • маргинальды;
  • нақты;
  • экономикалық болып бөлінеді.

    7. Салық кезеңі.

    Салық базасын анықтап және салық сомасын есептеп, төленуге тиісті салықтарды төлеудің белгілі бір кезеңдері болады.

    Салық базасы дегеніміз салық салу объектісі  мен салық салуға байланысты объектінің қүн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

    Салық кезеңі - салық жэне бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдерге қатысты  белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

    Көптеген  салықтар үшін салық кезеңі - күнтізбелік  жыл болып саналады.

    Сонымен қатар мынадай салық кезеңдері  бар:

  • бір күндік;
  • он күндік (декада)
  • айлық;
  • тоқсандық;
  • жылдық.

    Салық жылы - күнтізбелік жыл болып табылады.

Жеңілдік  кезеңі - салық бойынша заңмен бекітілген жеңілдік берілетін уақыт мерзімі.

    8. Салықты есептеу тәртібі.

    Негізінде салықты есептеудің 5 кезеңі бар:

  • бірінші - салық салынатын объектіні есепке алу;
  • екінші — салық салу объектісінен салық базасын есептеу;
  • үшінші - салық ставкаларын қолдану;
  • төртінші - салық жеңілдіктерін қолдану;

    бесінші - салық сомасын есептеу.

    Салық сомасын есептеуде мыналарға  міндеттілік жүктеледі:

  • біріншіден, салық төлеушілердің өзіне (мәселен, корпорациялық табыс 
    салығын төлеген кезде);
  • екіншіден, салық органдарына (жеке тұлғалардың дер салығын төлеуі);
  • үшіншіден, салық агенттеріне (жеке табыс салығы).

    Салық есептеуді жүзеге асыруға байланысты салық қызметақылы және қызметақысыз болып бөлінеді.

    Қызметақылы салықты есептеу салық төлеушіге  жіберілген салық хабарламасы арқылы жүзеге асырылады.

    Салық кодексінде көрсетілгендей салық хабарламасында:

  • салық төлеушілердің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы;
  • салық төлеушілердің тіркеу нөмірі;
  • салық міндеттемесінің орындалуы жөнінде талаптар;
  • шағым беру тәртібі көрсетілуі тиіс.

    Қызметақылы салықты есептеуде салықты есептеудің кадастр (тізімдеме) тәсілі қолданылуы мүмкін.

    Кадастр - салық салынуға тиіс адамдардың тізімі; тиісті объектілерді ұдайы бақылау жолымен мезгіл-мезгіл құрастыратын жүйеленген мәліметтер жинағы (мәселен, жер, су мәліметтерінің жинағы).

    Қызметақысыз  салықта салық төлеушілердің  өздері төлеуге тиісті салық сомасын есептейді.

    Салық алу бірлігі - салық объектісін өлшеу  бірлігі болып табылады.

    Салық алудан толығымен босатылатын салық  объектісінің ең аз бөлігі -салық алынбайтын минимум болып саналады.

    9. Салық есептілігі.

    Салық есептілігі - салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.

    Салық есептілігінде салық объектілерін анықтауда және салық базасын есептеуде, негізінен, екі әдіс қолданылады:

  • есептеу әдісі;
  • кассалық әдіс.

    Салық базасын есептеудің әдісі - табыстар мен шегерімдер жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде, сатып алушыларға тауарларды жеткізген кезде есепке алынады.

    Кассалық  әдіс кезінде салық базасы табыстар мен шегерімдер салык төлеушілердің орындалған жұмысына, көрсетілген қызметтерде, сатып алушыларға тауарлар жеткізуде нақты төлем төленген кезде есепке алынады.

    10. Салықты төлеу тәртібі.

    Салықты төлеу тәртібі - салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін

төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында  бекітілген ереже.

    Салық төлемі - салықтық қатынас объектісі ақша қатынастарының бір түрі ретінде қатысады және салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

    Салық ақшалай нысанда болса, онда салық  төлеуші салықты ақшалай төлейді. Ал, салық тауарлы-заттай нысанда болса, онда салық заттай төленеді.

    Мемлекеттің салық төлеушіден салықтық төлем сомасын мәжбүрлі түрде алуы салық төлеу тәсілі болып табылады.

    Салық төлеу тәртібінің салық төлеушілерден мемлекетке өтуінде негізінде үш элементі бар:

  • әдісі;
  • мерзімі;
  • нысандары.

    Салық міндеттемелерін орындауға жауапты  тұлғаларға байланысты, салық төлеудің 2 әдісі қолданылады:

  • дербес табыстау жолдары;
  • мәжбүрлеп алу жолдары.

    Жалпы, Қазақстан Республикасында салық  жүйесі салықтардың алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құ-қықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

Информация о работе Салық реформалары