Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Өткенге көз жүгіртсек, биліктің партиясы саналатын “Отан” өзінің жетіжылдық белесінде бірнеше шағын саяси құрылымдарды қатарына қосып келе жатқанын аңғарамыз. Мәселен, 1999 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі қоғамдық штаб түрінде құрылған саяси құрылым, соңыра 1 наурызда алғашқы съезін өткізіп, сол жиында “Қазақстанның халық бірлігі”, Қазақстанның демократиялық партиясы, “Либералдық қозғалыс” және басқа да қозғалыстарды өз қанатының астына алды. Ал 2002 жылы республикалық Еңбек және Халықтық-кооперативтік партиялары “Отанныңқұрамына енді. Сол жылы аталған саяси партияның құрамы 111 мың адамға жетті. Бір қарағанда, бас партия ұсақ шабақтарды қылғыта беретін алып жайынға ұқсап кетуі әбден мүмкін. Бірақ бағыты мен бағдарламалары қос тамшыдай өте ұқсас мұндай ұсақ саяси бірлестіктер ешқашан қоғамда қозғаушы күшке айнала алмасы белгілі жәйт еді. Өз кезегінде “Отанның” мығым күші саяси белсенді топтардың идеялық көзқарастарының өмірге енгізуіне мүмкіндік туғызып берді. Әңгіме тиегі ашық айтылып отырған соң “Отан” осы уақытқа дейін де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аса күшті саяси беделімен сусындап келе жатқанын да жасырмауымыз керек. Мемлекет басшысы бұл жағдайды таратып айтпаса да саяси идеяларды жеке тұлғаның күшімен ғана емес қоғамдық ұйым негізінде жүзеге асыруға қабілетті партияның құрылу қажеттігін жеткізген болатын.

Бізге қуатты әлеуметтік тірегі бар, жұртшылықтың мүддесін анықтай алатын, соны жеткізе алатын, сайлаушылардың дауысы үшін бір-бірімен өркениетті түрде тіресе алатын күшті, бәсекеге қабілетті партиялар керек. Сонымен қатар, олар жалпыұлттық идея төңірегінде біріккен, сындарлы тұрғыдан өзара ынтымақтасатын партиялар болуға тиіс. Елдің жедел дамуына бағыт ұстап отырған жағдайда партиялар халықты жұмылдыруға, қолға алынған өзгерістерге қоғамдық қолдау қалыптастыруға қабілетті болуы керек. Біз іс жүзінде күшті әрі бәсекеге қабілетті партиялары бар осы заманғы партиялық жүйені қалыптастыруға кірістік, деді Елбасы.

Сонымен қатар, Қазақстанда басым күшке ие орнықты партияның құрылуы жалпыұлттық қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмақ. Стратегиялық келешекте таңдап алынған бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етпек. Бұған қоса, көшбасшы партия Парламентте басым дауысқа ие бола отырып алдағы реформалардың заңнамалық негізін қалауға атсалыспақ.

Әлбетте, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген іргелі мемлекетте ірі партиялар өз халқын жалпыұлттық мақсаттарға жұмылдыра отырып, елдің дамуына қуатты серпін беріп келген.

Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын тартудай-ақ тартқан Жапония саяси жаңғыру кезеңінде елдегі ірі партияның күшіне иек сүйеп, сол мемлекеттегі либерал-демократиялық партия өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде дәйім билік басындағы партия болып келеді. Азия жолбарыстары Сингапур мен Малайзия, демократиялық құрылымының сан ғасырлық тарихы бар Еуропаның көптеген елдері де осы жолды таңдаған.

Мұндай қуатты партиялар ел өмірін сәтті реформалауға, саяси тұрақтылықты қолда ұстауға қабілеті жететінін, айқын идеологиялық негіздерге арқа сүйеп, қауіпсіздікке, мемлекеттілікке, ұлттық мүдделерге, орнықты нарықтық реформаларға басымдық беретінін өмірдің өзі дәлелдеген.

Осы орайда “Отан” сияқты орасан зор қуаты бар саяси құрылымды бірізді монополияға ұрындырмай, оны заман ағымына сай дамыту да алдағы уақытта атқаруға тура келетін сындарлы міндеттердің біріне айналмақ. Атап айтсақ, заманауи менеджментке негізделген ішкі құрылымды құру, партияның басшы органдарын оңтайлы ұйымдастыру, үлкен бюрократиялық ұйым болмауына, басшы органдардың арасында функциялардың қайталануына жол бермеу бас партияның болашақтағы бағдарын айқындай түспек.

Жалпы, қоғамның барлық жасампаз күштерінің топтасуы ел дамуының басты стратегияларының бірі – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне ұйытқы бола алады. Яки, партия жалпымемлекеттік мүдделер аясында қызмет етіп, саяси бәсекелестіктегі идеялар тартысында қоғамға дамудың мейлінше тиімді стра­тегиясын ұсынып отырмақ. Сондай-ақ партиялардың рөлін арттыру арқылы Парламенттегі партиялық фракциялардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру, Үкімет жасақтауда Парламенттегі партиялық фракциялардың қатысу тетігін жасау мүмкіндіктері жүзеге асырылмақ. Ықпалды біртұтас партия реформа барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына мүмкіндік бермек, стратегиялық келешекте жүргізіліп жатқан саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ететінін де ұмытпауымыз керек.

Біз бұдан былай “Отанның” кемелденуін Қазақстанның қаншалықты қарышты дамуымен де қатар өлшеуімізге болады. Өйткені, соңғы жылдары тығырықтан шығып, көшін түзеп, көшелі жолға түскен көршілес Ресейдің осы жетістіктері тегеуріні темірдей “Единая Россия” саяси партиясының идеялық мақсат-мұраттарының орындалуымен қабысып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сөз орайы келгенде айта кетер жәйт, соңғы күндері қатары толысып жатқан “Отан” партиясының атын өзгерту жөніндегі ұсыныстар да қызу талқыға түсіп келеді. Сол ұсыныстардың ішінде “Нұр Отан” атауына көпшіліктің көңілі түсіп тұр. Газетімізге осы тақырыпта келіп түсіп жатқан хаттардың ішінде жақында Ақмола облысының тұрғыны Ғалымбек Айтмурзиннің аталған мәселе жөніндегі ойы басылым бетіне жарияланды. Хат авторы “Нұр Отан” сөз тіркесінің мағынасы “нұр елі”, “нұр жауған ел” дегенді білдіреді дей келе, сондықтан да “Нұр Отанды” жамағат ел, халыққа нұры, шапағаты түсетін партия деп қабылдайтын болады деген байламын айтады. Әрине, бұл пікірдің аталған партия көшбасшыларының бірінің емес, қарапайым ауыл адамының аузынан шыққан ақжарылқап тілегі екенін ескерсек, жаңа атауға халайықтың шынайы ниеті түсіп тұр деп те түсінуге болады. Бірақ бұл мәселенің түпкі шешімі тек “Отанның” алдағы күндері өтетін съезінің үлесінде тұрғанын да ұмытпауымыз керек.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі