Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Елдiң саяси өмiрiнде өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:

- Саяси жүйенi жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының бiрi елдiң саяси өмiрiнде Парламенттiң функциясы мен рөлiн кеңейту болады.

- Өкiлдi органдардың саяси жүйедегi рөлiн күшейту, реформалар процесiн толыққанды заңдық қамтамасыз ету үшiн олардың өкiлеттiгiн кеңейту олардың атқарушы органдардан тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.

- Парламенттiң рөлiн, оның функцияларын тиiмдi пайдалана отырып күшейту қажет. Парламент республикалық бюджеттiң орындалуын бақылауда неғұрлым белсендi рөл атқаруға тиiс.

- Жергiлiктi мəслихаттар жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын нақты бақылауға тиiс.

- Қоғамда орын алып отырған əлеуметтiк-саяси мүдделерге орай тиiмдi үйлестiру мақсатында Парламенттiң жанынан əр түрлi партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың, кəсiподақтардың, соның iшiнде Парламентте өкiлдiгi жоқтардың арасында жүйелi түрде саяси консультациялар өткiзудi ұйымдастыру қажет.

Соттардың тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:

Сот жүйесiнiң нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Тəуелсiз сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз келiп отырған құқықтық мемлекеттiң аса маңызды институттарының бiрi болып табылады. Сот қызметiн неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда мамандандырылған соттар енгiзудiң қажеттiгi барған сайын өзектi болып отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды бағыттарының бiрi болды.

Соттарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы жəне тиiсiнше судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге жəрдемдесетiн органдар туралы мəселе айрықша өзектi. Озық шетелдiк тəжiрибенi ескере отырып, Əдiлет бiлiктiлiк алқасы мен Жоғары Сот Кеңесiнiң рөлiн күшейту жəне судьялыққа кандидаттарға талапты қатайту қажет. Қазақстанда алқа заседательдерi институтын енгiзу мүмкiндiгi Конституция жүзiнде танылған. Бұл институтты енгiзудiң мəнi сотталушының iсiн алқа заседательдерiнiң не судьялар алқасының қатысуымен

қарау құқығы туындайтындығына келiп салды, мұның өзi сот процесiнде адам құқығын қорғаудың қосымша кепiлi болып табылады. Осыған байланысты алда сот заңнамасына тиiстi толықтырулар енгiзу күтiп отыр.

Сот жүйесiнiң тəуелсiздiгiне қол жеткiзу жəне оны нығайту мақсатында судьялардың еңбегiне ақы төлеу жүйесiн одан əрi жетiлдiру, сондай-ақ соттардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мəселелерiн шешу қажет. Заңды күшiне енген сот қаулыларының орындалуын бақылауды қатайту қажет. Бұл сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң маңызды талаптарының бiрi болып табылады. /12/

Басқару функциясының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру. Демократиялық өзгерiстердi табысты жүргiзу орталық пен аймақтар арасында өзара қарым-қатынасты уақтылы реттеудi жəне өкiлеттiктердi бөлудi талап етедi. Негiзгi аймақтық проблемалар жергiлiктi билiк органдары деңгейiнде шешiлуге тиiс.

Көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау. Саяси партиялар нақты беделге, халықтың қолдауына ие болуға тиiс, саяси стратегияларды тұжырымдауға қабiлеттi болуға тиiс. Қазiргi таңда жұмыс жүргiзушi партиялар мен олардың парламенттегi фракцияларының қызметi қоғамның кең жiктерiнiң мүдделерiне саяси өкiлдiк етудiң болашақ құрылымын қалыптастыру үшiн бастапқы шарттар жасауға тиiс. Партиялар дауыс беру жолымен қоғамдық пiкiр бiлдiруге ықпал етуге, қоғамның жəне мемлекеттiк органдардың арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруға тиiс. Партиялық

қызмет арқылы саяси элитаны, басқару аппаратының кадрларын iрiктеу жəне əзiрлеу жүзеге асырылуға тиiс.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі