Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Саяси жүйенің төрт бағыты болады.

-   институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды: 

-   реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.; 

-  функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе; 

-  идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.

Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы  үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның  нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.

Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы. /3/

1.3ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Мемлекет саяси  жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.

а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;

ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;

б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;

в) қарулы құрылымдары болады;

г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;

д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.

Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:

-       мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;

-       мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;

-       мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:

1.            Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.

2.            Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.

3.            Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.

Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.

Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды. /4/

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі