Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына мәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:

-                          зайырлы мемлекеттің дінмен тікелей байланысы болмайды, олар бір- бірінің жұмысына тікелей қатынаса алмайды, жай байланыс жасауға болады. Оның бағыттары- демократияны, бостандықты, әділдікті, теңдікті дамыту, халықтывң мәдени, рухани білімін көтері, жастарды инабаттылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттарды бірлікке, достыққа тәрбиелеу т.б.

-                          теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.

-                          Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.

Саяси жүйе  биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.

Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек./5/

2        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР

2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ

Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу./7/

Саяси жүйе заман талабына сәйкес болу үшін оған оқтын-оқтын өзгерістер енгізіп тұру керек. Мемлекеттік комиссия аясында әзірленген ұсыныстардың ұзақ мерзімді бағыты бірте-бірте мемлекетті, ортақ шаруаны басқаруда азаматтың, қоғамның рөлін арттырады. Еліміздегі басқару жүйесі  Конституцияда президенттік жүйе деп аталған. Бірақ әлемде президенттік жүйенің қатып қалған моделі жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында президенттік жүйе, онда президентке өкілеттілігі пара-пар Конгресс бар. Францияда президенттік жүйе, онда үкімет басшысы ішкі істерге келгенде президенттен дербес. Польшада да президенттік жүйе. Сол себептен президенттік жүйені ауыстырмай, бірақ өкілетті органдарға көбірек пәрмен беріп, әсіресе өкілетті органдардың атқарушы билікті қадағалау мүмкіндігін арттыру – бұл азаматтың қоғамдағы орнын көтерудің бір жолы.   

Партиялардың рөлін көтеру де азаматтың, қоғамның мемлекет басқарудағы рөлін арттырудың жолы. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың да әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Конституциядағы бүгінгі қайшылықты жойып, жергілікті өзін-өзін басқару органдары ретінде сайланбалы әкімдер және  мәслихаттарды тануымыз керек. Өйткені, демократиялық  бағыттағы өзгерістердің қажеттілігі  бүгін айқын сезіліп отыр.

Өткен жылы Президент Мемлекеттік комиссияның жұмысын бастаумен тұспа-тұс келген Жолдауында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу бастамасын көтерді. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуда да, шектеуде де саясатта, экономикада, шығармашылықта, еңбектің қай саласында болсын, саяси жүйенің әсері мол. Оған адамзат тарихындағы нақты мысал ретінде екі Корея мен кезінде қатар өмір сүрген екі Германияны келтіруге болады. Екі Германия 40 жыл бөлек мемлекет болып ғұмыр кешті. Бір халық – екі саяси жүйе. Сонда демократияға негізделген Батыс Германия 40 жылдың ішінде Шығыс Германиядан бірнеше есе озып кетті. Қазір екі саяси жүйеге бөлінген Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алыңыз. Оңтүстік Корея  демократиялық бағыт ұстану негізінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан және алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналса, Солтүстік Корея құр тоталитарлық  жүйенің қару-жарағымен маңайындағыларға қоқан-лоқы жасағаны болмаса, өзінің халқын асырайтын тамақ тауып бере алмай отыр.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі