Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ
- Қазақстан халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы тұтас алғанда қоғамды одан əрi демократияландыруға да ықпал етедi.
- Ұлтаралық татулық саясатын жүргiзу құралы ретiнде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Саяси жүйені реформалаудың әлсіз жақтары:
- Атқарушы билiктiң шектен тыс орталықтандырылуы жəне тұрақсыздығы.
- Өкiлдi органдардың қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне əлеуметтiк-экономикалық жағдайға толық дəрежеде сай емес.
- Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.
- Биліктің өзара iс-қимылының тетiктерiн пысықтау жəне жетiлдiру қажеттiгi.
- Сот жүйесiнiң жекелеген буындарының атқарушы билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.
- Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.
Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды тұрақты түрде дамыту мен нығайту қажеттiгiн түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы./9/
Қатерлер:Шет елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi. /11/
ХХ ғасырдың соңы демократиялық процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру жолына түстi жəне демократиялық дамудың қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң саяси дəстүрі өзiнiң саяси мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк бередi.Демократиялық жетiстiктердiң барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде ғана тұрғаны анық жəне алда саяси жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған түрде жалғастыру мiндетi тұр.
Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:
- елдiң саяси өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының рөлiн кеңейту;
- соттардың iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне кəсiби құзыреттiлiгiн қамтамасыз ету;
- басқару функцияларының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;
- көппартиялық жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау;
- сайлау процесiн жетiлдiру;
- үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту, олар азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс.
Қазақстанның Конституциясы қуатты президенттiк республиканың қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы арасында өкілеттiктердi бөлудi заң жүзiнде ресiмдедi. Конституция бойынша Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап бередi. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.