Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Мемлекеттекөппартиялықтың болуы азаматтардың саясатқа қатысуына кеңiнен қол жеткiзуiнқамтамасыз етудiң қажеттi шарттарының бiрi ретiнде көрiнедi.Парламенттегi партиялық фракциялардың рөлін арттыру үшiн Парламенттегi партиялық фракциялардың жұмыс iстеу тетiгін нақты айқындайтын заңнаманы қабылдау қажет.

Сайлау заңнамасын, сайлау жүйесiн жетiлдiрудi, сайлау процесiн ұйымдастыруды, кандидаттар туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткiзудегi

жəне iс-шараларының басқа да кезеңдерiн жария етуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлiн нығайтуды жалғастыру қажет. Сайлау комиссияларының құрамына кəсiби мамандар ұсынылуға тиiс, əрбiр комиссияда тым болмаса бiр заңгер болуға тиiс.

Төмен тұрған сайлау комиссияларын саяси партиялардың, басқа қоғамдық бiрлестiктердiң, азаматтардың пiкiрлерiн ескере отырып өкiлдi органдар (мəслихаттар) құруға тиiс. Дауыс беру жəне дауыстарды есептеу рəсiмi барынша "ашық" болуға тиiс. Дауыстарды есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу сайлау процесiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету бағыттарының бiрi болады.

Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс рөлiн күшейту үшін халықтың əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүдделерiн талап ететiн үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) дамыту жəне нығайту қажет. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдардың одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн арнаулы заңнамалық актiлер қабылдаған орынды.

Мемлекеттiң жəне үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын жандандыру талап етiледi. Бұл орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын тез жəне тиiмдi табуға мүмкiндiк бередi.

ҮЕҰ-ды қолдаудың нақты нысандарының бiрi оларға əлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар беру мүмкiндiктерi мен тəртiбiн айқындау болып табылады.

Қазақстанның жастар мен балалар ұйымдарын қолдауға жəне оларды дамытуға айрықша назар аудару қажет. Бұл жастарды барабар əлеуметтендiруге жəне əлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге, олардың сыңаржақ дiни немесе экстремистiк саяси идеяларды қабылдау салдарынан қылмысқа бой алдырмауына жəрдемдеседi. /10/

 ҚОРЫТЫНДЫ

Осы курстық жұмыс «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деген тақырыпқа жазылған.

Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы.

Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі