Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ
Қорыта
айтсақ, Қазақстан
саяси дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Енді салалық партиялар
саясатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік
бірінші кезекке шығарылмақ. Отандық саяси жүйе, өркениетті елдердегідей
бір-бірімен шынайы бәсекелесе алатын босағасы
берік оңшыл,
солшыл, центристік тармақтар бойынша дамымақ. Саяси
сарапшылардың пікірінше, “Отанға”
осыған
дейін “Асар” және Азаматтық партия біріксе, алдағы уақытта
Аграрлық
партия бір сапқа тұрмақ. Сонымен, “Отанның” кемелдену үдерісі
аяқталып,
сол тұрғыда
толысуға
тоқтам
жасайтын қазақстандық жаңа іргелі
саяси ұйымдармен
демократиялық негізде тартысқа түспек. /8/
2.2ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.
"Биыл біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық, бұл жерде президенттік республика моделінен президенттік-парламенттік модельге көшу жөнінде сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.
"Еліміздің парламенті жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс істеп, жаңаша міндеттерді атқара бастады. Біз бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік", - деп қосты ол. /10/
Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент.
Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.
Саяси жүйені реформалаудың күшті жақтары:
- Дəйектi саяси реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң негiзi қалыптасты, Қазақстанның одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құрудың қажеттi алғышарттары жасалды.
- Қазақстанда саяси жүйенi дамытудың демократиялық бағыттылығы қалыптасты.
- Мемлекеттiк құрылыста билiктiң заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлiну принципi конституциялық тұрғыда айқындалды.
-
Мемлекет басшысын сайлау
- Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар) сайлауды партиялық тiзiм бойынша өткiзудiң негiзi қаланды, ол партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге тиiс.
- Саяси плюрализм заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.
- Мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.
- Нарықтық экономиканың дамуы қазақстандық саяси ортада дербес əлеуметтiк-демократиялық идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк база болған меншiк иелерiнiң жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.