Қоғамның саяси жүйесі қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ……………………………………………………………………...5
1.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….5
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………9
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….14
2.1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….14
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...21
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..28
КІРІСПЕ

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі,КУРСАЧ.docx

— 96.67 Кб (Скачать)

Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеуметтік-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық комитеті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйымдары — ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.

Сонымен қатар, қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этнографиялық бірлестігі жұмыс істесе, қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж., 1 шілде), “Поколение” (1992 ж., 24 қараша), “Лад” (1993 ж., мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-қадерлерінше азаматтық қоғамға арна салды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан — 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғам­дық қозғалыстары (1998), тағы басқалары құрылды. 1989—1994 жылдардың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Сол кезеңде аталған қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің нақты стратегиялық тұғырнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты бола қоймаса да олар егемен елде көппартиялық құрылыстың іргесін қалауларымен тарих беттерінен орын теппек. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу республикамыздың Конститу­циясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.05. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстандағы аталған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуда осы уақытқа дейін аз қызмет атқарған жоқ, атқара да бермек. Алайда алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойған Қазақстанның жедел саяси жаңаруына көптеген саяси партиялар мен қозғалыстардың сылбыр әрекеті”  сай келмейтіні анық еді.

Партиялардың саяси жүйедегі рөлін нығайту арқылы ғана демократиялық реформаларды алға бастыруға болатынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет алқалы жиындарда атап көрсеткені соның айқын мысалы. Президент саяси партиялар мұнан былайғы саяси жаңа үрдістердің қозғаушы күшіне айналуға тиіс екенін және партиялық жүйенің дамуы ел заңдарын берік ұстана отырып жұмыс істейтін неғұрлым күшті әрі қабілетті партиялардың табиғи түрде іріктеліп шыға алатынына сенім білдіргені көпшіліктің есінде.

Бұл ретте елдегі саяси партиялар өз өкілеттіктерін елеулі түрде кеңейтуге дайын ба, өздерінің еселеніп отырған ықпалын қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай қаншалықты пай­далана алады деген заңды сұрақтың туындайтыны жасырын емес. Өйткені өткен тәжірибе көрсетіп отырғандай, осыған дейін Қазақстан қоғамында көпшілік партиялар тек өздерінің саяси жетекшілері мен қаржылық демеушілерінің мүдделері аясында қызмет етіп келгені ақиқат.

Осыған орай Мемлекет басшысы қоғамның барлық буынының қолдауы мен сеніміне шын мәнінде ие болған бірнеше ірі бұқаралық партияның құрылуын өмірдің өзі талап етіп отырғанын қадап айтқан еді.

Өзара идеялас партиялардың “Отанның” айналасына топтасу үрдісіне орай бұдан былай қазақстандық партиялық жүйе қандай болады деген дүдәмал әңгімелердің туатыны шындық. Бұл сауалға жауапты Президент таяуда Азаматтық партияның кезекті съезінде өзі айтты. Бәзбіреулер Қазақстанда бірпартиялық жүйе болуы керек деген пікірлер айтып қалатынын, бірақ біздің бұл жолдан өткенімізді, ондай қадам тұйыққа әкеліп тірейтінін Елбасы нақты айтты. Сондай-ақ енді біреулер екіпартиялық жүйе тиімді болады десе, келесі біреулері нақты өмірден мүлдем алыс экзотикалық схемаларды ұсынған. Менің көзқарасымша, деген еді Елбасы, мұндай әңгімелерді саяси үдерістер мен партиялық алаңның құ­рылуын жасанды шеңберлермен шектеуге болмайтынын ескермейтіндер шығарып жүр. Бізге демократиялық стандарттар мен нормаларға сай келетін партиялық жүйе керек. Біз осындай анық та айқын қағидатқа тоқтам жасауымыз керек. Президент, түптеп келгенде, бізде бірнеше қуатты, бәсекеге қабілетті, көшбасшы партиялардан құралған демократиялық көппартиялы тұрлаулы жүйе құрылуы тиіс деп есептейтінін, еліміз басшылық жасауға жауапты әрі реформаларды жүргізе алатын, халықтың мүдделерін қорғай алатын бірнеше іргелі саяси партиялар болуына қадам жасауы керектігін, жаңа ұйым негізінде біз шын мәнінде бұқаралық халықтық партия жасай алатынымызды ашып айтты.

Информация о работе Қоғамның саяси жүйесі қызметі