Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача

Описание работы

МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.

Работа содержит 1 файл

мемлекет және құқық тарихы.docx

— 363.10 Кб (Скачать)



Заңды фактілерді классификациялау:


- туындайтын салдардың сипаты бойынша:

♦ құқық қалыптастырушы;

♦ құқық өзгертуші;

♦ құқық тоқтатушы

- еріктілік сипаты бойынша:

♦ жағдайлар;

♦ іс-əрекеттер                    (заңды, заңсыз)


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

18. Құқықты жүзеге асыру және оның нысандары

1. Құқықты жүзеге асырудың жəне оның нысандары. Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нəтижелергежетуге болады. Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құқықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байланысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:

1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекеттерден бас тарту;

2) орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке акт қабылданады.

2. Құқық нормаларын  қолданудың түсінігі, белгілері  жəне кезеңдері. Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;

- биліктік сипатқа ие;

- ісжүргізушілік нысандажүзеге асырылады, - сəйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинаужүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын жəне нормасын таңдайды;

3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды əрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы жəне нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.

3. Заңды қарама-қайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты құқық нормасын таңдауда, нормалардың қарама-қайшылығы жəне құқықтағы олқылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Заңды қарама-қайшылықтар – бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді əкеледі, құқыққолдану тəжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы қолдануды қиындатады.

Қарама-қайшылықтардың түрлері:

1) Конституция мен басқа  барлық актілер арасындағы: басымдылық Конституцияға беріледі;

2) заңдар мен заңға сəйкес актілер арасындағы: заңдарға басымдылық беріледі;

3) бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі;

4) əр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.

4. Құқықтағы олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада қажеттізаң нормаларының толығымен немесежартылай болмауы. Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқықшығармашылық процесінің көмегіменжоюға болады. Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.

Заң ұқсастығы – бұл  нақты бір заңды істі осыған ұқсас  істішешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.

Құқық ұқсастығы – бұл  нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мəні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл əдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында, ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.

5. Құқықтық нормаларды  қолдану актілері. Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нəтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт.

Оның мынадай ерекшеліктері  болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тəн нысанға ие.

Құқыққолдану актілерін  келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұйрықтар жəне т.б.;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты – мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші (мысалы, қызметтік бұйрықтар) жəне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істіқозғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша – негізгі жəне көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жəрдемдеседі (мысалы, тұлғаныайыпкер ретіндежауапқа тарту туралықаулы).

5) құқықтық реттеу пəні бойынша – қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтықжəне т.б. актілер;

6) сипаты бойынша – материалдықжəне ісжүргізушілік.

 

 

19.Құқықтық нормаларды қолдану

 

Құқық нормаларын қолдану – бұл мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке азаматтардың құқық нормаларын түсіндіруге бағытталған қызметі.



 

 

Ресми емес – заңды міндетті мəнге ие емес жəне биліктік күші жоқ.


Ресми – тиісті түрде уəкілеттенген субъектілермен беріледі, арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарға алып келеді.



 

 


- əдеттегі – арнайы танымдарды кажет етпейді жəне кез-келген азаматпен беріле алады;


- кəсіби – заңгерлер береді;

- доктриналық – құқық нормаларын ғылыми тұрғыдан түсіндіру.


Казуалдық – тек нақтыбір жағдай үшін міндетті.


Нормативтік кең ауқымды тұлғалар мен жағдайларға таралады.



 

 


Аутентикалық – нормативтік актіні шығарған органмен беріледі




 

 

Заңды(легалды) -тиісті түрде уəкілеттенген субъектілерден шығады




20.Нормативті-құқықтық актілерге түсінік беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы