Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача
МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.
Заңдық күші бойынша төмендегідей тармақталады
Заңға тəуелді актілер
Заңдар
- заңдардың негізінде жəне
соларды орындау үшін
шығарылады;
- мемлекет басшысының
нормативтік жарлықтары;
- үкіметтің нормативтік
қаулылары;
- министрліктер мен
ведомстволардың нормативтік
актілері;
- жергілікті органдардың
нормативтік шешімдері мен
қаулылары;
- мекемелер, кəсіпорындар
басшыларының ішкі-
ұйымдастырушылық заңға
тəуелді актілері.
- қоғамдық өмірдін негізгімəселелері бойыншақабылданады;
-айрықша заңдық тəртіптеқабылданады;
- мемлекеттің жоғары өкілдіорганымен немесе референдумжолымен қабылданады;
-мемлекеттің қандай да бірорганы тарапынан бақылауғанемесе бекітілуге жатпайды;
- мемлекеттің құқықтықжүйесінің негізін құрайды;
-түрлері бойынша бөліну:
•конституциялық;
•қарапайым;
•төтенше
15. Құқық шығармашылық және нормативтi – құқықтық актілерді жүйелеу
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері. Құқық шығармашылық – бұл құзіретті органдардың заң нормаларынқабылдауға, өзгертуге жəне жоюға байланысты арнайы қызметі.
Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:
-ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
-оның негізгі өнімі – нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;
-бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның дамубағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қа-былданады;
- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мəдениеті, қабылдан-ған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігімен демократиялылығының көрсеткіші.
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түр-лерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің маңызды мə-селелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін – референдум –жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықты-рушы қызметі;
3) əдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдарқабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
2. Құқықшығармашылықтың қағидалары. Құқықшығармашылыққа мына қағидалар тəн:
1) ғылымилық – нормативтік актілерді
дайындау процесіндеəлеуметтік-
2) кəсібилік – мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар – заңгер-лер, экономистер жəне т.б. айналысуы тиіс;
3) заңдылық – бұл қызмет Конституцияның жəне басқа дазаңдардың негізінде жəне шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс;
4) демократиялық – азаматтардың бұл процеске қатысу дəрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардыңдаму деңгейін сипаттайды;
5) жариялылық – құқықшығармашылық процестің көпшілікқауым үшін ашықтығын білдіреді.
3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері. Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жү-зеге асырылады:
1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтікактіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсы-нылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамадақатаң түрде анықталған.
2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапағажеткізу, қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мəсе-лелерді жəне т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобаларыжалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни,заңды жариялау.
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігімен түрлері. Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, олардыбелгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығынарттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшінқажет.
Жүйелеудің түрлері:
1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұн-дай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін сақтап қалады. Ин-корпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдаууақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша)жəне т.б.
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақ-тардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды жəнебейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақтыдайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ бо-лып құқықшығарушы органның (мысалы, əділет министрлігінің)тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауыарқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болыпғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқық-шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнамажинақтары табылады.
2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Ин-корпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта əрбір акт өзініңдербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардыңбелгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша бірікті-ріледі (табиғатты қорғау, білім жəне т.б.).
3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарынөзгертудің нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылыжүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдармен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрліқалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғам-дық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеугемүмкіндік беретін ірі акт.
16.Құқық жүйесі және заңнама жүйесі
Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. Заңнамада, құқықтағысияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар.Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:
1) егер құқық жүйесінің алғашқы
элементі болып норма та-былса,
2) егер құқық жүйесі мазмұн
түрінде көрініс тапса,
3) егер құқық жүйесі объективтік
түрде, қоғамдық қаты-настарға
сəйкес қалыптасса, заңнама жүйесі
субъективтік сипатқаие,
4) егер құқық жүйесі негізгі,
алғашқы сипатты иеленсе, заң-
5) құқық жүйесі мен заңнама
жүйесі көлемі бойынша ажы-
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтыңөзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптегенэлементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады,олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;
2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығынқамтамасыз етеді;
3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени,тарихи факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағықатынастарға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауыбойынша қалыптасуы мүмкін емес.
Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын са-лаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларғабөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пəнімен əдісін.Құқықтық реттеу пəні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қаты-настар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қаты-настар объективтік түрде қалыптасады жəне олардың белгілі бірсипаты сəйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы-неке құқығының реттеу пəні болып табылады. Қосымша негіз болып құқықтық реттеу əдісі табылады. Егерпəн құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, əдіс оның қалайреттейтінін көрсетеді. Құқықтық реттеу əдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қо-ғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негіз-гі əдістері болады:
1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларғанегізделген биліктік ережелер, субординация əдісі;
2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардыңтеңқұқылығы, координация əдісі;
3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшінмарапаттау əдісі;
4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру əдісі;
Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін(саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық саласының белгілері;- əрбір саланың өз пəні болады;- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық-тар мен міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нор-маларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық ша-раларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар; бұлар
басты құқықтық режимдерді
2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамныңерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы,қаржылық құқық, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасықұқығы, түзеу-еңбек құқығы;
3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардыңəртүрлі институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграр-лық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қа-дағалау, теңіз құқығы.
Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілібір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқықинституты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда азжиынтығы. Əрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тəртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік институты жəне т.б.
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табы-лады:
1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі;
2) қоғамдық қаты-настарды реттеудің толықтығы;
3) құқықтық институтты құраушынормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер-дің тарауларында, бөлімдерінде жəне басқа да құрылымдық бір-ліктерінде жинақталуы.
17.Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас, мұнда тараптар өзара, мемлекетпен кепілденген нақты екі жақты құқықтар мен міндеттермен байланысады.
Құқықтық қатынастардың түрлері:- салалық белгісі бойынша:
•Конституциялық-құқықтық;
•Əкімшілік-құқықтық;
•Азаматтық-құқықтық жəне т.б.
- сипатына байланысты:
•материалдық (қаржылық, енбек жəне т.б.);
•процессуалдық (қылмыстық іс жүргізушілік,азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.)
- құқық функциялары бойынша:
•реттеуші;
•қорғаушы- қатысушылардың құрамы бойынша:
•жай;
•күрделі
- субъектілердің анықталғандығының дəрежесібойынша:
•абсолюттік (тек қана бір тарап анықталған);
•қатысты (екі тарап та анықталған)
Құқықтық қатынастардың
Ұжымдық:
- Мемлекеттік органдар немесе тұтас мемлекет;
- Қоғамдық ұйымдар;
- Жеке кəсіпорындар мен ұйымдар;
- Заң бойынша заңды тұлға мəртебесіне ие болған өзге де ұйымдар
Жеке даралық:
- азаматтар;
- қос азаматтығы бар тұлғалар;
- азаматтағы жоқ тұлғалар;
- шетелдіктер
Құқықтық қатынастың объектісі – бұл құқықтық қарым-қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неге бағытталғандығы, неге байланысты олардың заңдыбайланысқа түсуі
- Материалдық игіліктер;
- Материалдық емес игіліктер;
- Рухани шығармашылық өнімдері;
- Құқықтық қатынасқа қатысушылардың іс
əрекетінің нəтижесі;
- Құнды қағаздар мен құжаттар
- Субъектілердің іс-əрекеті, адамдардың тəртібі
Заңды фактілер – бұл құқық нормасыбелгілі бір заңдысалдардың туындауын байланыстыратын нақты өмірлік жағдайлар