Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:42, задача

Описание работы

МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері жүйесіндегі орны мен рөлі
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.

Работа содержит 1 файл

мемлекет және құқық тарихы.docx

— 363.10 Кб (Скачать)

 

1.МҚТ пәні және әдістемесі.

МҚТ гуманитарлық білім жүйесінде және заң пәндері  жүйесіндегі орны мен рөлі

1. Мемлекет жəне құқық  теориясының пəні. Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктердізерттейді.

2. Мемлекет жəне құқық  теориясының əдістері. Ғылым əдісі бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін көптеген əдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы əдістер – ойлаудың  кешенді қағидаларын көрсететін

философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларғамыналаржатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне

өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ə) диалектика. Өзішінде материалистік жəне идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмірсүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми əдістер  – жалпы əдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналаржатады:

а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрдежекелеген бөліктерге бөлу;

ə) синтез – құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түрде біріктіре отырып зерттеу;

б) жүйелік əдіс – объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;

в) функционалды əдіс – бір əлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.

3. Жеке ғылыми əдістер  – мемлекет жəне құқық теориясының техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың  ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын  əдістер. Оларға мыналар жатады:

а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс – сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;

ə) статистикалық əдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;

б) кибернетикалық əдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.

4. Жеке құқықтық əдістер  – тек заң ғылымдарына ғана  тəн болып келеді, оларға мыналаржатады:

а) формалды-заңды əдіс –  заң түсініктерін,олардың белгілерін

анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді;

ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс – əртүрлі құқықтық жүйелердіне олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.

3. Гуманитарлық ғылымдар  жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пəндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) техникалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гуманитарлық ғылымдар.

Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, əлеуметтік қаты-настар мен  институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық əлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:

– мемлекет жəне құқық теориясы;

– тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет жəне құқық тарихы,саясижəне құқықтық ілімдер тарихы);

– салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық,қылмыстықжəне т.б. құқық салалары);

– қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сотпсихиатриясыжəне т.б.).

Мемлекет жəне құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүй-есінде бола тұра, философиямен, əлеуметтанумен, саясаттанумен жəне т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның көмегімен мемлекет жəне құқық теориясының дүниетанымдық бағыттары қалыптасады, оның нəтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы əдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет жəне құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.

4. Заң ғылымдары жүйесіндегі  мемлекет жəне құқық Теориясының орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəнеқұқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырмашылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тəртіпте зерттесе, мемлекет жəне құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мəнін, олардың қызмет ету заңдылықтарынжəне т.б. зерттейді.  Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет жəне құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пəні қоғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет жəне құқық теориясы барлық салаларға ортақ мəселелердізерттейді, яғни, мемлекет жəне құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.

 

2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі  əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді жəне қандық туыстыққа негізделді;

- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;

- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп отырды.

Мемлекеттің пайда болу себептері.  Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:

1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның  көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

2. Патриархалды теория  – мемлекеттің пайда болуын  отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, пат-риархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.

3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мемлекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

4. Күштеу теориясы –  мемлекеттің пайда болу негізі ретіндекүштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

5. Психологиялық теория  – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық)  болады.

7. Ирригациялық теорияға  сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-наушы нысандарының пайда болуы шығыстық   аграрлық  аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен  байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

8. Материалистік теория  – мемлекеттің пайда болуын  əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин – мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтаужəне бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.

3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы – əртүрлі халықтарда түрлішежүзеге асқан ұзақ үдеріс. Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды. Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде  пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі  таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римдемемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар – патрицийлерге қарсыкүресінің нəтижесінде тездетілді. Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл  жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып  10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның

мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азықдайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды. Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

Мемлект және құқықтың пайда болуы туралы теориялар  кестесі:

Теологиялық – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралыпайымдайды

Фома Аквинский



Патриархалды – мемлекеттің пайда болуын тікелейжанұяның таралуымен

байланыстыра қарастырады

Аристотель, Филмер



Шарттық – мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды

Г.Гроций, Т.Гоббс, Ж.-Ж. Руссо, А.Радищев



Күштеу теориясы – мемлекет ішкі (экономикалық жəне саяси) жəне сыртқыкүштеу

(біреудің екіншісінжаулап  алуы) нəтижесінде пайда болады

Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский



Психологиялық – мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғамұжымдық арақатынас

аясында өмір сүружөніндегі  психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде  пайда болды

Л. Петражицкий, Г. Тард



Органикалық – қоғамменмемлекет, тірі адамағзасытіріжасушалардан тұратын сияқты,

адамдардан құралатын  қоғамдық ағзаныбілдіреді

Г.Спенсер, Х.Прейс


 

Ирригациялық  – мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі

ирригациялық құрылымдардысалу қажеттілігімен байланыстырылады

К.-А. Виттфогель


 

Материалистик (таптық) – мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық

факторлармен, яғнижеке меншіктің  пайда болуыменжəне қоғамның таптарға

бөлінуімен байланыстырылады

К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин


 

 

 

3.Мемлекет пен құқықтың дамуының негізгі кезеңдері (типологиясы).

Мемлекет типологиясы (жіктелуі, топтастырылуы) дегеніміз мемлекеттерді  өздеріне тән айырымдық белгілері  негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын (логикасын) айқындайтын  ғылыми жіктеу болып табылады.

Мемлекеттерді типке бөлудің  екі тәсілі бар:

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы